Түбір сөз және туынды сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түбір сөз және туынды сөзТүбір сөз және туынды сөзТүбір сөз және туынды сөзТүбір сөз және туынды сөз3 класс Қазақ тілі Күні: 13.01.2016жыл. Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз. 26-33-жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларды жаңа «туынды сөз» терминімен таныстыру. Сөз құрамы туралы білімдерін шыңдай отырып' жұрнақтың туынды сөз тудырушы қосымша екенін меңгерту.. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы. Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын. Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау. ІҮ. Қорытындылау, бағалау. Ү. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Үй тапсырмасымен жұмыс:. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

өнер лі - жаңа мағыналы туынды сөздер құрастыру.
Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Оқушыларды жаңа «туынды сөз» терминімен таныстыру.
  2. Сөз құрамы туралы білімдерін шыңдай отырып' жұрнақтың туынды сөз тудырушы қосымша екенін меңгерту..
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.

21-жаттығу

Жыр, тәрбие, еңбек, сын, - ды, -ді

сән, көр, көңіл, -шы, -ші

су, құрылыс, төре, футбол - лы, -лі

26-жаттығу.

  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  2. Туынды сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндір.

Бақыт - үлгілі оқушы. Ол тәртіпті. Татулық біздің күшіміз. Менің ұшқыш болғым келеді.

28-жаттығу. Жаңа сөздер жаса.

-шы

-хана

-кер

-қой

-паз

30-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Біздің ел күрішті,

Рысты - күрішші.

Күрішті оруға

Рысты кірісті.

Зат есімдерді сөз құрамына талда.

Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын салыстыр, оларға сұрақ қой.

31-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Өнерпаз болсаң, арқалан. 2. Шәмші Қалдаяқов - сазгер. 3. Дәріханада дәрі көп.

Қарамен жазылған туынды сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр.

Мағыналарын түсіндір.

Негізгі түбір сөз

Туынды түбір сөз

Айырмасы қандай?

Сыныппен қосымша жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Жұмысшы

Атқарып мың істі,

Жаңартып тұрмысты,

Жігерлі жұмысшы

Апалар, ағалар!

Ағылтып көмірді

Балқытып темірді,

Байытқан өмірд

Апалар, ағалар!

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың ішінен туынды сөз тап.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Үйге тапсырма: Ереже жаттау 29-32-жаттығу.



© 2010-2022