Ертеңгілік Әліппе - білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дайындаған:Тапалова Айгүл Құдайбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Әліппе - білім бастауы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Ертеңгілік Әліппе - білім бастауы


Музыка ойнап тұрады. Сахнаға аю мен маша шығады.
аю:Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Атбасындай алтын беремін

маша: Жоқ, аю
Бұл недегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ оқу, әрі жазу
Дәптер, кітап - ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Алдаркөсе:Уа, аюжан, армысыз,
Маша қызым бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «Ә» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп машаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Аю:Ойбай, Машама көмегі тисе, жүр, түсалға!
Маша:Барсақ, баралық, көрсек, көрелік!

1-ж:Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?

М.Әділет :Тағзыметем, тақсырым,
Айтайын мен жансырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «ә» сыныбынан.

Сабина:Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппе.

Аянат:Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұртамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2 ж:Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

1-ж:Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.

2-Ж - : Уа, халайық!
Ортаға шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттерімен ортаға.

Ән: «Ұстазым» Орындайтын Алхан -Сабина

Ертеңгілік Әліппе - білім бастауы
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «ә» сынып оқушыларының «Әліппе - білім бастауы!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
Әліппе: - Балақайлар, айтыңдаршы, сендер қандайсыңдар?
Кәусәр.Мың бұралған бишіміз.
М.Әділет.Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.

Даулет .Біз шеберміз
Ақылдымыз

Алдияр.Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз.

Альбина.Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз

Гүлназ.Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.

Айымжан.Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты

Барлығы хормен: Қазақ елінің болашағымыз.

Ән: « »

Осы кезде Жалқаубек келеді.

Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
1-ж: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Оқушылар: Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім - білімнің,
Әжесі осы - әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.

Арсен: Адам аузын ашқалы
А-дан сөзін бастады.
Ата-ана,ақыл,ар
А-мен айы аспаны.
И.Әділет: Әкең, әжең,әлемің
Ә-мен әсем әлемің .
Ә-сіз аты аталмас,
Әлімхан мен Әменнің

Бекзат: Балбұлақтың басына,

Бәйтерек қасына.
Бұлан-бұғы келіпті,
Бір-біріне кейіпті.

Ернур: «В»дегенің вать деңіз,толқын күшін шамалар.
«М»дегенің мал деңіз, қадір тұтқан бабалар.

Бақтияр: Дастархандай дараны,
Даңқы шыққан даланы.
«Д»-мен айтып білген жұрт,
Дауылпаздай дананы.

Әділ: Еркелеген ер емен,
Еңбегіңді елеген.
Ерлік етсең еліңді,
Елжіретер «Е» деген.

Гулфайрус: «Қ»әрпінен құралған,
Бас аяғы халықтың.
Жарылқасын бір Аллам,
Жасай берсін азат күн!

Кәусәр: «Ө»әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
«П»дегенің періште.
Желеп жебер мың иең.

Сабина: «Х»дегенің сәлем хат,
Қуанышы қаншама.

«Ш»дегенің шапағат,тие берсің баршаға.

Алихан: Даурықпандар әріптер,
Бәріңді жұрт дәріптер.
Мен «Я»-мын соңғы әріп,
Менен әрі барып көр.

Хормен: Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тіліңде
42 әріп бар.

2ж-: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді барлығын Жалқаубекке береді)
: -Балалар, Әліппе бізге оқуды, жазуды үйретті. Сол үшін Әліппе досымызға не айту керек?
Хормен:
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет!
Әліппе:
- Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шыға баатайды.
Әліппе: Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?

Әділ: 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
2 дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.

Көркем: 3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Даулет: 5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 дегенім - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Бекзат: 7 дегенім - жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенім - сөзің,
Серт беретін кезің.
Айымжан: 9 дегенім - тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім - Отан,
Қорға еліңді ботам.

2ж-: Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)

1ж-: Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.

Би: «Ку ка релло »
Нұрхан: Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Гүлназ: Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.

Сабина: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.

Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар!

Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Әліппе:Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!

Әліппе сахнадан шықпас бұрын музыка ойналады. Әліппе балалармен би билейді. Музыка аяқталған соң шығып кетеді.
Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»

Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер. Бірақ қазір мен сендердің білімдеріңді тексерсем деймін. Дайынсыңдар ма?

Хормен: Иә»

Ана тілі: 1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)
Өте тамаша!!!

Жалқаубек қуанып, секіреді.

2ж-Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар - ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып, ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.

Би: «Лента»
: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
2ж-: Балалар, өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Сабина: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Алдияр: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
Айгерім: Ия, өз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен!
Ана тілі: Неткен ақылды балаларсыңдар! Менің тағы да бір жұмбағым бар. Оны таба алар ма екенсіңдер?! Жә, жасырып көрейін.

Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)

1-ж: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі өлеңдер шумағы мен ән шашуымыз сіздерге арналады.
: Баланың да тірегі,

Ақыл құйған санама,
Даланың да тірегі.

Күннен де артық расында.
Шаншылмасын ешқашан,

Күн - алыста, ал анам,
Аналардың жүрегі.

Ылғи менің қасымда.

1ж-: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең, мен айтайын жауабын,
Қуаныштан езулері жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам

Ән: «Ақ мамам»

2-ж: Қымбатты, достарым! Сендерді мектептегі алғашқы жеңістеріңізбен құттықтау сөзі №47 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Тазагүл Утарбайқызына беріледі.

: Келесі құттықтау сөз кезегі 1 «Ә» сынып ата-аналарына беріледі.

© 2010-2022