Темекінің зияныатты тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны". Сабақтың мақсаты: 1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. 2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.
  1. Темекіден болатын аурулар.
  2. Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.
  3. Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.
  4. Тақырыптарға байланысты суреттер.
  5. 1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Кіріспе. II. Темекінің шығу тарихы ІІІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері. ІҮ. Көрініс. Әке мен бала. Ү. Темекіден болатын аурулар. ҮІ. Темекімен күрес. ҮІІ.Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия) ҮІІІ.Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы). ІX. Қорытынды. І-жүргізуші. Кіріспе. - Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
  1. - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";
  2. - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";
  3. -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
    Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек". Сұрақтар:
  1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?
  2. Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?
  3. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?
  4. Көрініске байланысты сұрақтар.
  5. Никотин деген сөз қайдан шыққан?
  6. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!
Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады. Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ. Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды? Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады. Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз. -Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады. Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде. -Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты: а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді; б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін; в) ересек болуға тырысу; г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу; д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады. Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді). Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба? Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма? Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. - Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой. Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың. Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады). Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба? Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар. Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды). Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой! Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды). Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған. Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр? Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем. Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды). Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым. Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады. Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті. Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым. Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті. Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің. Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды). Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім. Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің. Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын. Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың) сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер? Жауап: Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды. 1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

  1. Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.
  2. Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.
  3. Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.
  4. Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.
  5. Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.
Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар? Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі. Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма? Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек. Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек? Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі. Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты. Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек. Бекіту сұрақтары:
  1. Темекі тартумен күрес жүргізіле ме?
  2. Темекі тартатын жас пен тартпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?
  3. Темекіні тастауға бола ма?
  4. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Н. Назарбаев "Қазақстан - 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.
  1. "Үлгілі елдің ұл-қыздары".
  1. "Мен адаммын" жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.



© 2010-2022