Ана тілінен сабақ жоспары Жіңішке айтылатын сөздер. Әлди-әлди. тақырыбында

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:Жіңішке айтылатын сөздер.Әлди-әлди. Сабақтың мақсаты: а) Ананың әлдиі, әже өлеңдеріне түсінік беру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Әжені құрметтеуге, ананы аялауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Әже, отбасы сурет. Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, Пәнаралық байланыс: музыка Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды күніміз. II. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ұйықтар алдында аналарың сендерге бесік жырын айтады ма? - Қандай өлең жырларын білесіңдер?-Аналар туралы не айтамыз?Анамызға қалай көмектесеміз?- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырып «Аналарға» арналады. III. Жаңа сабақ Оқулығымызға қарайық,Әлди -әлди Әлди,әлди,ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жылама ,бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Жілігіңнің басына Үкі тағып берейін 2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар жуан ба, жіңішке ме?ЕРЕЖЕ сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе, киік, өзен, күрек. Суретке қарап әңгіме құрастыру Шаңырақ шуағы Сергіту сәті Торғай болып қонайық, Қане қанат жазайық, Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық 42-жаттығу.Өлеңді жаттап алу. Құттықтаймын , мама, туған күніңмен 2. Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар.Олардың құрамындағы дауыстылар жуан ба, жіңішке ме? Өлеңді әнімен айту. Мәтінді оқу Өлеңді түсініп оқу « Әже» IV. Жаңа материалды пысықтауӘже туарлы әңгіме құру.

V. Бекіту кезеңі.Әже, ана туралы өз ойларын айтқызу

VI. Үйге тапсырма, бағалау







Ана тілі№


Сабақтың тақырыбы: ы-і О, қорқайын мен неге? Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау,нағашы ата туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб) Үлкен кісіні сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер. Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, Пәнаралық байланыс: Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау. II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды талдаймыз V. Жаңа сабақ:Оқулығымыздың 62 бетіне қарайық.Өлеңді жаттап алыңдар Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де. С.Мәуленов 52-жаттығу Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Өркен ерте тұрды.Ол т... сегін жинады.Апасы қ...ра сыпырып жүр екен.Өркен күрек алды.Ол апасына к... мектесті. 2. О, ө дыбыстар бар сөздердің астын сызыңдар. 53-жаттығу 1.Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу. Жуан дауыстылар:а,о, ы, ұ Жіңішке дауыстылар: ..., ...., ...., ....., 2.Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздар тауып айту. 54-жаттығу Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу. Сергіту сәті: «Дыбысты анықта»ойынын ойнату VI. Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу О, қорқайын мен неге? Нағашы атасы: -Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десе, Бармайды дейді. Осы рас па? Жиені: -О, қорқайын мен неге? Нанбасаңыз, Сол қараңғы бөлмеге Менімен бірге жүріңіз Менімен бірге кіріңіз Нағашы атасы: -Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой. Менің жиенім батыр екен ғой... М. Әлімбаев VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.2. Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою. VIII. Үйге тапсырма, бағалауӨлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата»туралы әңгіме жазыңда


© 2010-2022