Еңбекке баулу. Ашық сабақ. Ермексаздан кесе жасау

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: «Еңбекке баулу»
Сабақтың тақырыбы: «Ермексаздан кесе жасау»

Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету;
Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, танымдық іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың формасы: топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: қауіпсіздік ережесі,ыдыстар,слайд,кесенің жасалу жолының нұсқасы, презентация «Ермексаздан кесе жасау».
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезені.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Ермексаз туралы мағлумат ( видео).
4) Сарамандық жұмыс.
5) Сергіту сәті.
6) Қорытындылау.
7) Үйге тапсырма
8) Бағалау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше ашық сабақ өтуде.Біздің сабағымызға көп конақтар келіп отыр. Сондықтан, бәріміз сабақты жақсы өтуіне атсалысайық. Алдымен психологиялық дайындықпен сабағымызға кірісейік.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең -еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
а) Үйгеқандайтапсырмаберілді?
б) Ермексаздан қандай жемістермен мен көкөністерді жасадық?
в) Ермексазбен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
г) Балалар, сендерге ермексаздан жеміс-жидектер мен көкөністер жасауға бердім. Сендер өз қалауларың бойынша қандай жеміс-жидектер мен көкөністер жасап әкелдіңдер?Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.
Ермексаз - мүсіндеу үшін арналған шикізат. Ол тазаланып және ұнтақталған саз ұнтағына балауыз, церезин, май және басқа да құрғап қалудан сақтайтын заттардың қосылуы арқылы жасалады. Ол әр түрлі түстерге боялады.Бастапқыда оның түсі сұр болатын, кейін төрт түсті етіп жасалды. Ермексаз мүсіндеу үшін өте ыңғайлы, қолға жабыспайды. Балалар қолдануына өте қолайлы.
ІІІ. Ермексаз туралы мағлумат ( видео).
Балалар біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын бүгін біз қандай еңбектің түрімен жұмыс жасайтынымызды, оның шығу тарихын, қауіпсіздік ережесін,сендерге түсінікті әр нақты болу үшін қазір біз кішкене ғана видео ролик көріп, толық мағлұматты алатын боламыз.
Енді мына «Ермексазбен жұмыс» бейнебаянына назар аударайық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмыс орнын дайындау. Гигиеналық-тазалық ережелерін еске түсіру. (балалар киімдерін былғамай,үстелді былғамай, ұқыпты жұмыс істеулері керек.)
Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы «Ермексаздан кесе жасау».
Кесе - ыдыс. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ыдыс-аяқтардың бәрі ағаштан жасалған. Фарфор ыдыстар қолданысқа кейін кірген. Оны шай, сұйық тамақ ішуге қолданған. Кесенің беті ашық, дөңгелек етіп жасалады.Кесе фарфордан ғана жасалып, сыртына түрлі ою-өрнектер салынады.
Сұрақ:Балалар кесенің өмірде қандай пайдасы бар?
Жауап:Кесеге шәй, сүт құйып ішеміз.
Кесеге түрлі сусындар құйып ішеміз.
Кесе ол ыдыс-аяқтың бір түрі.
Кесеге сұйық шырын ішуге, қымыз, шубат ішуге болады.
Сұрақ: Ыдыстар қандай материалдан жасалады.
Жауап:Ыдыстар әр түрлі материалдан жасалады (ағаштан, теріден, фарфордан).
Топпен жұмыс:Балалар үй тапсырмасы бойынша 3 топқа бөлінейік.
1 топ. Алмалар
2 топ. Банандар
3 топ. Қиярлар
Әр топтың топ башысы өзіндерін таныстырады. ( жасап алып келген жеміс-жидектер мен көкөністер бойыншақысқаша мәлімет беру.)
І V. Сарамандық жұмыс.
Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
1) Қол сүртетін орамал әкелу.
2) Партаға төсеніш төсеу.
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.
Сонымен, әр топ өз түстеріне байланысты менімен бірге әдемі кесе жасап көрейік.
1. Ұзындығы әртүрлі бірнеше ширатылған ермексаз кесінділерін жасаймыз.
2. Кесенің түбін жасаймыз.
3. Кесенің түбіне ең кіші кесіндіні жапсырамыз. Үстіне ұзындау кесіндіні жапсырып, осы жолмен ары қарай жалғастыра береміз.
4. Барлық кесінділерді бір-біріне орнықты етіп жапсырамыз. Кесенің ішімен сыртын тегізтейміз. Сонымен кесе дайын болады. әртүбірнеше
V. Сергіту сәті.
Ойын «Бос орынды» толықтыру.
VІ. Сабақты қорытындылау .Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Сұрап: Балалар бүгін ермексазбен қандай ыдыс жасадық?
Жауап: Кесе.
Сұрақ: Өздерін жасаған ыдыстарын - кесе ұнады ма?
Жауап: Ия.мекжасаймыз
Сұрақ:Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдерді білесіндер ме?
Жауап: 1.Ыдысын көріп - асын іш.
2. Қарны ашқан қазанға қарар.
3. Қазан қайнап тұрса -ақыл сайрап тұрады.
VІІ.Үйге тапсырма: «Ермексаздан кесе жасау» жұмысын аяқтап келу.
VІІІ.Бағалау. «Досыңды бағала». Оқушы жұмысын топта отырған оқушылар өздері бағалайды.
Рефлексия.
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Әр топқа мен смайликтер тараттым.
Осы смайлик арқылы сабақтың көніл-күйін көрсетіндер.
Сабаққа жақсы қатысқан және тыңдағаны үшін бәріңізге рахмет!!!

© 2010-2022