Дара және күрделі сан есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дара және күрделі сан есімДара және күрделі сан есімДара және күрделі сан есімҚызылорда облысы,Жалағаш ауданы

№ 201 орта мектеп

Ембергенова Айнұр Болатқызы

Бастауыш пән мұғалімі

Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларға сан есім және оның түрлерін таныстыру. Дара және күрделі сан есімдерді бір-бірінен ажырата алуға; сөйлем ішінен сан есімнің түрлерін таба алуға; сандарды сан есімнің түрлеріне қараай топтастыра алуға; сандарды сөзбен қатесіз жаза алуға үйрету.

Тәрбиелік:

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, зеректігін дамыту. Тез ойлап, шапшаң жауап беруге дағдыландыру.

Типі: Жаңа білім беру

Түрі: Аралас

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,топтастыру

Пән аралық байланыс: математика, ана тілі

Көрнекілігі: слайд, кубик

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру

-Сәлемдесу

-Сыныптың тазалығына мән беру

-Құрал-жабдықтарын түгендеу

-Назарларын сабаққа аудару

II.Психологиялық дайындық

*Бүгінгі ұстаным:

Біреу жаныңа жолдас.

Біреу малыңа жолдас.

III.Үй тапсырмасы:

1.Үш қатардан бір-бір оқушыны тұрғызып оқыту

2.Шыққан оқушыларға сұрақ қою.

IV.Сабақтың мақсат-міндеті:

Балалар! Бүгінгі сабағымыз алдыңғы сабақтарымыздан ерекшелеу. Сабағымыздың тапсырмаларын бізге ертегі кейіпкерлері әкеліп бермек және бүгінгі сабақта әр оқушы өз-өзін бағалап отырмақ.Яғни әр тапсырма орындалғаннан кейін тапсырманың жауаптары тақтаға шығарылады. Сіздер тақтамен өз жауаптарыңызды тексеріп өздеріңізді бағалайсыздар.

Бағалау реті былай болмақ:

Кез келген тапсырмада:

0 - 1 - «5»

2 - «4»

3 - «3» деп бағаланады.

-Барлығымызға түсінікті ме?

V.Жаңа сабақ

-Балалар біз қандай сөз таптарын білеміз?

-Жарайсыңдар!

-Тақтада не бейнеленген?

-Сөз таптары дегеніміз не?

-Ағашта қандай сөз таптары тұр?

-Сөздер қай сөз таптарына жатады?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Әрине бұның ішіндегі сан есімдер жетпіс, он, сегіз.

-Сан есімнің ережесін кім айтады?

-Енді мына "көңілді шумаққа" қарайықшы. Қалай оқылу керек екенін кім айтады?

- 1 - бір

  • Же1 екен 1қазан:

  • Ке1 жемді 1қазан

  • 1 - ақ сәтте қойды жеп.

  • Кү1 етті,

  • «Тойдым», - деп.

  • Естіп 1 кез дү1ді,

  • Жағадағы тү1ді

  • Паналауға жүгірді.

-Өте тамаша!

Дара және күрделі сан есім

-Балалар! Мына ағашқа қарайықшы. Не бейнеленген?

-Жарайсыңдар!

-Бұл ағашты «сөз табы» ағашы деп алсақ, оның бұтақтары зат есім, сан есім, сын есім және етістік. Бүгінгі тақырыбыз сан есім. Сан есім бұтағына қарайықшы. Онда неше жеміс бейнеленген?

-Жарайсыңдар! Әрине екі. Бұл екі жеміс не білдіретінін кім айтады?

-Бұл екі жемісі, яғни сын есім екіге бөлінеді деген сөзді білдіреді. Дара және күрделі. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі тақырыбымыз «Дара және күрделі сан есім» деп аталады.

-Енді барлығымыз ережені іштей екі рет оқып шығайық.

Сан есім

Дара Күрделі

Бір сөзден тұрады екі немесе одан да көп сөзден құралады.

Күрделі сан есімдердің құрамындағы

Сөздер бөлек-бөлек жазылады.

-Ережені түсіндік пе?

-Дара сан есім дегеніміз не?

-Күрделі сан есім дегенміз не?

-Егер ережені түсінген болсақ мына жұмбақты шешелік.

- Алтын терек , он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес Дара және күрделі сан есім .

( 1 жыл, 12 ай, 365 күн)

Дара және күрделі сан есім

-Әрине, жауаптарың дұрыс!

-Жауаптарыңдағы сандар сан есімнің қай түріне жатқызасыңдар?

-Жарайсыңдар!

-Балалар қараңдаршы бізге хат келіпті. Кімнен екен? Кім оқиды?

- Құрметті 4 "Б" сынып оқушылары!Менің атым - Оқымысты бала.

Мен Алматы қаласында тұрамын. Сабақты өте жақсы оқимын. Мен сендерге қоян, қонжық, түлкі, шымшық, жолбарыс достарымды жібердім. Олардың бірнеше кедергілерден өтуіне көмек берсеңіздер екен. Сәлеммен достарың - Оқымысты бала!

*Дәптермен жұмыс:

-Балалар! Көмектесеміз бе? Олай болса бірінші қоянның тапсырмасы.

№ 7 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мен - баласы даланың

Бес жасынан ат жолында ойнаған,

Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған,

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,

Мен - баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын (Мұзафар Әлімбай)

*Сан есімдерді тап. Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыр. Әрқайсысындағы сөз саны бірдей ме?

*Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің?

Келесі қонжықтың тапсырмасы:

№8 - жаттығу.Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз.

1.Кит-ең ірі жануар.Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады.2.Түйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді.3.Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші.4.Емен өте ұзақ, яғни 1000 жылға дейін жасайды.5.Жусанның Қазақстанда 81 түрі белгілі.

*Сан есімдердің астын сыз.Олардың дара немесе күрделі екенін айт.

*Сергіту сәті

  • Біздер әлі баламыз

  • Өсіп алға барамыз.

  • 2030- жылдары

  • Біз де осындай боламыз

*Тақтамен жұмыс

Ендігі кезек түлкіде:

№9-жаттығу.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз алпыс бес.

*Дәптермен жұмыс

Шымшықтың тапсырмасы:

№10-жаттығу.Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде.

9, 11, 27, 189, 640.

Келесі кезек жолбарыстың да тапсырмасына келді:

№11-жаттығу.Ребусты дұрыс шеш.

7 Дара және күрделі сан есім

2 Дара және күрделі сан есім Дара және күрделі сан есім

*Ауызша тапсырма:

№12-жаттығу.Мақалды оқып, жатқа айт.

Білгенің - бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз.

*Сан есімдерді тап

*Мақалдың мәнін түсіндір.

VI.Жаңа сабақты бекіту

Сан есім түрлері

10

75

108

658

3

245

0

365

8

Дара

+


Күрделі

+


-Балалар! Егер біз әр сөйлемге мән беретін болсақ жаңылтпаштардың да, мақал-мәтелдердің ішінен де сан есімдерді табуға болатынын байқаймыз.Оның бір дәлелі:


1.Піл к3-ті Піл к3-ті емес Тіл к3-ті. 2. 6-н балдақ қол сәні, Әшекей т10 сәні. 3. 4-еу түгел болса, төбедегі келер, 6-ау ала болса, ауыздағы кетер.
VII.Үйге тапсырма «Қазақстанның көрікті жерлері» әңгіме жазып келу. VIII.Қорытындылау, бағалау


© 2010-2022