Қысқы шынығу. 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану. 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қысқы шынығу.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға шынығудың

маңызын және қажеттілігін

түсіндіру.

2) Спорттың адам өміріне пайдасын,

қысқы ойындар арқылы іс -

жүзінде көрсету.

3) Ойын кезінде балаларды

ұйымшылдыққа, бір - біріне

көмектесуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Дене шынықтыруға байланысты слайд, жұмсақ ойыншық (жүрек), дәрумендер, мақта, суреттер

СТО технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық жағдай жасау. Бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.

Жарқырап күн ашылды,

Айнала қар шашылды. (мақта шашу)

Қайырлы күн,

Біз нәзік қыздармыз.

Қайырлы күн,

Біз ержүрек ұлдармыз.

ІІ. Мен күннің жылуымен сендерге жүректің жылуын беремін, ал сендер бір - бірлеріне жүрек жылуын беріңдер. Қонақтарды да ұмытпаңдар. Сол жүрек жылуы бүгінгі сабағымызға жол көрсетсің. Кім қыс туралы тақпақ біледі ? (Оқушылар айтады).

Қысқы шынығу. 1 сынып

ІІІ. Шелек, қалпақ басында,

Сәбіз екен таңауы.

Қыста қардан туады,

Тауып көрші сен оны.

(аққала)

Ал, балалар аққаланы неден және қалай жасайды ? (қардан) ол да қимыл қозғалыс ол да шынығу (шанаға қар тиеп жатқан сурет). Олай болса біздің аққала тұмауратып ауырып қалыпты, соған көмектесуіміз керек, ол үшін сендерге берілген тапсырманы орындауларың керек. Аққаламыз неліктен аурып қалды деп ойлайсыңдар ?

  • дәрі ішіп, шынықтапты

  • шынығу үшін не істеуіміз керек

  • таза ауада ойнау керек (кем дегенде 1 сағат)

  • қыс мезгілінде қандай ойын түрлері ойналады (шана, шаңғы, хоккей, коньки)

ІV. 1 - тапсырма: Шанамен сырғанау.

2 - тапсырма: Шаңғы тебу.

3 - тапсырма: Коньки тебу.

Аққала сендермен шана тепті, шаңғы тепті, коньки тепті.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.

4 - тапсырма: Хоккей ойыны.

5 - тапсырма: Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау.

Сендер теледидардан «Ледниковый период» хабары туралы оқушылардан сұрау.

V. Өжет ұл - қыз қайдасың ?

Жүзің гүлдей жайнасың,

Спорт деген денсаулық,

Жасыңнан көр пайдасын.

Сөз жұмбақ.


қ

ы

С

қ

о

л

ғ

а

П

б

О

р

а

н

қ

ы

Р

а

у

Т

о

р

ғ

а

й

1) Ақ сақалды атаны - ай,

Мінезінің шатағы - ай. (қыс)

2) Бесін, бес іннің,

Аузы бір ін. (қолғап)

3) Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

4) Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (қырау)

5) Кішкентай құс болса да,

Жаныңда ылғи жүреді,

Барлық құстар кетсе де,

Туған жері тұрағы. (торғай)

Жауаптарын оқушыларға тақтаға жаздырту. Тағы кім қандай жұмбақ біледі ? Оқушылардың жұмбақтары.

VІ. Оқулықпен жұмыс.

Міне біәз аққалаға көмектестік оны аурудан дәрімен емес шынығу арқылы емдеуге болатынын дәлелдедіңдер.

Қатар - қатар тізілді үй,

Алақай, айқай күлкі ылғи.

Күлді бірге аққала,

Ерінбесең бар қара !

Олай болса біз аққала дұрыс көмектестік пе ? Оқулықпен салыстырып көрейік. Мәтінді оқытқызу. Салыстыру. Оқыған мәтініміз сендердің оқыған тақпақтарыңмен ұқсай ма ? Несімен ұқсайды ? (шана, шаңғы, қармен, аязбен, хоккей).

VІІ. Қорытынды. - Біз нені құтқардық (аққаланы)

- Сабақ сендерге ұнады ма ?

- Несімен ұнады ?

Шынығу туралы тақпақ.

Болсаң да әлі қаршадай,

Ойнау үшін шаршамай.

Оқу үшін мектепте,

Керек жақсы денсаулық. - деп сендердің көңіл күйлерің көтеріліп жүрсің деп сендерге дәрумендер берейін. (Дәрумендердің суреттері парталарында).

VІІІ. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Шана, шаңғы, коньки, хоккей сөздерін пайдаланып әңгіме жазып келу.

© 2010-2022