Ашық тәрбие сағаты: Ел мақтанышы-Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: Тақырыбы: « Ел мақтанышы - Елбасы»
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміржолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке , азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі :слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет«Нұрсұлтан Назарбаев -тұңғыш президент» Н.Ә.Назарбаевтың қанаттысөздері, кітаптары,
Мұғалім. Қайырлы күн, құрметті ,оқушылар, ұстаздар, ата-аналар. жылдың 1991 -желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел мақтанышы - Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Мұғалім :Алаупаған алабына нұр тамып Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып Көк байрағын желбірейді төрімде Әнұранын тұр көкімде шырқалып. Қ.Р Мемлекеттік Гимні орындалады
Нұрасыл. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә .Назарбаев сол күннен бері 24 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, а тын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көшбастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды.
Шапағат«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмір де түсініп,
«Елім, жерім»деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі р азымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.
«Ұлтым, елім»деп қайғырған ұлыжан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Нұрасыл:Біздің Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі -машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Шапағат: Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасын да бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлемтаны ған Қазақстан атанып отырмыз.
Қазақстан дейтін менің барелім .
Жатыралып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл дала да атам қолға туалған,
Бұл дала да өскен жанда жоқ арман! деп айтқан екен (Қ.Аманжолов) Нұрасыл:Еліқұрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өміржолына шолужасайық.
Самал:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған
Шапағат: 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
Әл - Фарабиатындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М. В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
Әзизә.• 1960 - 1973 жылдары-Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
Балым:• 1969 - 1973 жылдары-Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарын да жауапты қызметтер атқарды.
Әліби• 1973 - 1977 жылдары-Қар мет комбинаттың партком хатшысы
Камила:• 1977 - 1979 жылдары-Қарағанды облыстық партия комитетінің, 2 - хатшысы.
Еркетаң:• 1979 - 1984жылдары-Қазақстан КПОрталық Комитетінің хатшысы Нұрасыл: • 1984 - 1989 жылдары-Қазақ КСРМинистрлер Кеңесінің төрағасы
Шапағат:• 1989 - 1991 жылдары-Қазақстан КПОК бірінш іхатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
Балым:• 1990 жылдың сәуірінен-Қазақстан Республикасының Президенті
Еркетаң:• 1991 жылдың 1 желтоқсанын да тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
Нұрасыл:• 1995 жылдың 29 сәуірін де жалпы халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылғадейін ұзартылды.
Камила:• 1999 жылдың 10 қаңтарын да өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесін де Н. Ә.Назарбаев 79, 78 дауысалып, ҚРПрезиденті болып сайланды.
Самал:• 2005 жылдың 4 желтоқсанын да сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚРПрезиденті болып қайта сайланды.
Шапағат:Ендігі кезекті ел басымыза арналған Тельман Камиланың орындауында «Ағатай ымай» әнін қабыл алыныздар.
Нұрасыл:Қазақ ақын - жазушылары өз Отанына, туған еліне , жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
Әзизә: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер атамекен, Биік тау,орман,тоғай көлімізді.
Балым:Толтырған гүлге даланы, Жайнатқан ауыл қаланы. Ардақты атамекенім, Отаным Қазақстан.
Нұрасыл: Би «Қамажай»
Шапағат:Бар әлемге шын танылдық міне,біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан- Нұрсұлтан, Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да достар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріптүзу өмір сүреміз деп білеміз.
Әліби:Отан деген-әр адамның жүрегі, Оған ел де, жер де, су да кіреді .Отанымды бар әлемге паш еткен, Прездентім-мақтанышым, тірегім.
Камила:Барша қауым бейнеттен арылғанда, Жаңа ғасыр есігі ашылғандай. Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр, Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
Еркетаң: Сан ұлтың басын қосып Қазақстан, Бекемдеп саясатын іш пен тыстан Елбасы, алдын ала болжай біліп, Сүрінбей аман өттік дағдарыстан Жыл сайын табыс қоссын табысыңа Әр қазақ берік болсын намысына Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін, Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Самал:Елі үшін көтеріп нар жүгін де, Сенімі нық сезілетін үнінде Аты озған дүниедегі дүбірде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Нұрасыл:Жыр жазам деп талпынады жас балаң. Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам. Жүрегінің түкпірінен шығарып Әннен шашу болды оған міне бір арман-деп 1 сынып оқушыларының орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:Н.Ә.Назарбаев кім?
Балым:Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді,терең ойлы тұлға.
Әліби:Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.
Әзизә:Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
Самал:Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.
Еркетаң:Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі
Камила:Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мағымдап берген
Хор:
Ел тынысып тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Нұрасыл мен Шапағат: Қиялы ұшқыр ойлы адам, Әлемге болған аты аңыз. Ұрпақтан қамын ойлаған, Аман-сау жүрінізші, атамыз.
Мұғалім:Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш аш ауыртпалық, қйынннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасынаң құрметіне жиылған! Демекші алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Абенова Светлана Құсайынқызына беріледі.
хмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін 26 негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

© 2010-2022