Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

Балалар елін бағындыру. Н.Ақышев

а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстаз. Ғ. Жұмабаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: мәтін мазмұны арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

Сабақтың әдісі: «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесін толтыру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесі, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, Ы. Алтынсарин, С. Көбеев портреттері.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Өтілетін тақырыптан оқушылардың өздері білмейтін жағдайлары бойынша сабақтағы жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

«Алғашқы ұстаз» мәтініне мынандай тұжырымдар алынады:

1. Өте ертеректе мектептерді:

- бай адамдар салып берген;

- халық өздері салған.

2. Мектепте оқығысы келгендердің бәрі оқыған.

3. Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген. Осы тұжырымдармен

№1 «Дұрыс - бұрыс тұжырымдар» кестесі арқылы жұмыс жасалады.

№1 кесте.


Тұжырымдар



Дейін

Кейін

Мәтінді оқу

Өте ертеректе мектепті бай адамдар салдырған.

Өте ертеректе мектепті халық салдырған.



Мектептерде оқығысы келгендердің барлығы оқыған.



Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.



Осы тұжырымдардың дұрыстығын сұрау. Егер оқушы тұжырымды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды (оқушының алдында және тақтада дайын сызылған кесте болу керек).

2. Мағынаны тану.

Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында мұғалім кестедегі тұжырымдарға мәтін мазмұны бойынша баға беруді (бұл жерде пікірін айту) және кестенің «Кейін» деген бөлігін толтыруды сұрайды. Қалай ойлайсыз, осы жұмыстан мұғалім не ұтты? Оқушы не ұтты?

Бұл тапсырманың орындалуы оқушылардың үзінділер оқып не мазмұнын айтып беруі арқылы дәлелдейді. Бала өз пікірінің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді.

3. Ойтолғау.

Оқушылардан мұғалім рөлінде болып, олардан тағы да кестені тұжырымдармен толықтыру сұралады. Осы тапсырманы бере отырып, біз оқушыны мәтінмен жұмыс істеуге қайта әкелеміз де, өз бетімен ынталана оқуға жағдай туғызамыз.

Мысалы:

- балалар үлкендердің жұмысын жасаған;

- бала құқығы қорғалмаған;

- ұлы ұстаздарды халық сыйлаған, құрметтеген, т.б. сияқты тұжырымдар жазылуы мүмкін.

Сіз оқушыға: «Сен «Бала құқығы неге қорғалмаған?» деген тұжырымды не себептен айттың?» деген сұрақ қоясыз.

Сыныпта оқушылар бір-бірінің тұжырымдарын талдап шығады. Сіз өзіңіз де соншама көп тұжырым байқаған, жазған балаларға риза боласыз. Мәтіндегі сөздіктер мен оған арналған мақал-мәтелдер бойынша және сергіту сәті мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Бұл сабақта мұғалім бір ғана кестені тірек ретінде алып, сол кестені сабақтың үш кезеңіне де пайдалана отырып, балалардың мәтін мазмұнын толық игеруіне қол жеткізді және соңынан оқушылар Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ даласындағы алғашқы мектептердің ашылуы, оқуға қабылдау туралы мағлұматтар алады. Сабақты бүгінгі өмірмен байланыстыруға да мүмкіндік бар

© 2010-2022