Сөз таптары 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. 3-сынып

Уақыты: 05.012.16

Кабинет: 3

Мұғалімі: Токаева Ш.М.

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары туралы өткенді қайталау

Мақсаты: Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысы қалыптасады; шығармашылық қабілеттерін дамиды; байланыстырып сөлеу қабілеттері артады;

Топқа бөлу: сөз таптары арқылы 4 топқа бөлінеді. (1мин)

1-топ: Зат есім

2-топ: Сын есім

3-топ: Сан есім

4-топ: Етістік

Психологиялық дайындық. (1 мин)

Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік!

Қызығушылықты ояту.( 2мин)

Тақтадан мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар:

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр.

Заттардың атын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Заттардың ретін, санын білдіретін сөздерді ..... дейміз.

Ой қозғау: Мазмұнды сызба (4мин)

Әр топ өздерінің атауларына байланысты мазмұнды сызба құрады. Сөз таптары туралы алған білімдерін сызбаға түсіреді. Топта талқылайды. Ортаға шығып қорғайды.

1-топ: Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

2-топ: Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

3-топ: Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?

4-топ: Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

Мағынаны тану: Кестемен жұмыс. (5мин)

Тақтадан сөздер қатары шығады. Оларға сұрақ қою арқылы мағыналарына қарай кестеге орналастырады:

Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Тіркесін тап: Дәптермен жұмыс. (8мин)

Сөздерді оқып, қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықтайды. Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жазады.

Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.

Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.

Сергіту сәті.(3мин)

Оқушылар көңілді әуенге билеп ойлары да, денелері де сергиді.

« Кім жылдам?» ойыны. (5мин)

Жаңылтпашты оқып, жатқа айт:

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды.

Мәтінмен жұмыс. (10мин)

Мәтіннен борсық туралы не білгендерін айтып береді. Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдайды.

«Орнын тап» ойыны. (4мин)

Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрайды.

а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.

ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.

б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.

в) Айжан, добымен, ала, ойнады

Ой толғаныс: «Сәйкестендір» (2мин)

Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіреді

Зат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл.

Етістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.

Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа.

Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.

.

Үйге тапсырма: 3 сөйлемнен құрастырып жазып келу

Бағалау парақшаларын жинау

Кері байланыс



Бағалау парақшасы

Аты-жөні __________________________________

Табыс критерийлері

5

4

3

Сөз таптарын ажырата аламын

Сөйлемдегі атқаратын қызметтерін білемін

Сөз таптарына байланысты сұрақтар қоя аламын

Қолдана білемін


© 2010-2022