Дыбыс және әріп ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»

Сабақтың мақсаты: 1 Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.

2 Оқушылардың көркем,сауатты жазуларын,жан жақтылық, танымдық,сөздік қорларын молайту,қызығушылық қабілеттерін дамыту.

3 Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау,әңгімелеу,сұрақ жауап

Сабақтың типі: Қайталау

Сабақтың түрі: Топтық

Сабақтың көрнекілігі: Демонстациялық материал, топтамалар, суреттер,БББ кестесі,Эссе

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу

Психологиялық кезең

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім,

Жан жағына қарасам,

Егеменді ел көрдім.

II Қайталау

1 Үнтаспадан құстардың, жануарлардың, жаңбырдың, судың дыбыстары тыңдатылады

-Балалар, не тыңдадық?

-Адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады.Өйткені дыбыстардан не жасалады?

-Дыбыс пен әріп екеуінің бір бірінен қандай айырмашылығы бар?

-Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атап беріңдер

-Алфавитте неше әріп бар? 1топ Алфавитті жатқа айтып береді

2 Топ Дауысты дыбыстарды айтады

3 Топ Дауыссыз дыбыстарды айтады

2Оқулықпен жұмыс

1 Жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау

Өлеңді жатқа жазу

Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру

2Жаттығу Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстар түрлеріне жіктеп жазу

Топ Қатаң дауыссыз дыбыстар

Топ Ұяң дауыссыз дыбыстар

Топ Үнді дауыссыз дыбыстар

3 Жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті Әріптерді қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу

1 Топ 1-2 сөйлем

2Топ 3-4 сөйлем

3Топ 5-6 сөйлем

4 Жаттығу: Мәтін оқылғаннан соң «Оқығанның көзі ашық.Оқымаған адам соқыр болады» деген сөйлемге топтардың пікірлері тыңдалады

III Пысықтау

1 Қате жазылған сөздерді тауып,түзетіп жаз: Топтамалар беріледі ірім,лағ,ыріс,ілгеш, рақым,илди,рақымет,лепырме,ілғал.

2 Эссе: «Білім керек бәріне» топтар бойынша қорғайды

3 Өздік діптерлерінде өздік жұмыстар жүргізіледі

IV Бекіту

БББ кестесін толтыру, талдау

V Үй жұмысы

12бет,6 жаттығу

VIБағалау



© 2010-2022