Нан қиқымын шашпаңдар! Ашық тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Нан қиқымын шашпаңдар!

Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту.Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарының мәнін ұғындыру.Дүниедегі ең қасиетті тағам-нанды қастерлеуге үйрету.Табиғаттың әсемдігін түсіне білуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер,күз туралы өлеңдер,жеміс-жидектер,көкөністер,шарлар.

Барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды шеңберге тұрғызып,жылы лебіздерін тыңдау.

Тәрбиешінің сөзі:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар бүгінгі «Нан қиқымын шашпаңдар!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Күз-береке,молшылық,демекші әрдайым отбасымыздан береке,дастарханымызда молшылық болсын деген тілекпен,балалардың күз мезгілінің табиғаттағы өзгерістері туралы дайындаған шағын ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

-Кәне,балалар,қол соғып,күз ханшасын қошеметпен ортаға шақырайық!

Күз ханшасы:

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып.

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы,бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Жұмбақтар шешу.

Мектеп директоры Муратова У.С. құттықтау сөз беру.

Сұлтан: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Т.Ақбота:Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал,терек

Жапырағын жұлғызып.

Данина: Алтын,сары,қызыл,көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

Нұрбол:Таудан салқын жел соқса,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан,

Жабырқайды жапырақ.

Айнара: Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ертегі: «Мақтақыз бен мысық» Қатысушылар: Автор-Сұлтан, Мақтақыз-Диляра,мысық-Нұржарқын,сиыр-Нұрбол,ағаш-Айгерим,қыздар-Анель,Ақайна,дүкенші- Айнара,тауық-Ақбота,тышқан-Данина.

Нұрболат: Әй,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші-алаша,

Аунар ма еді жатып ап!...

М.Ақбота: Дамылдап жатқан балғындай

Тоқтатты сулар тасуын.

Ағаштар алтын жамбыдай

Шашады жерге шашуын.

Ақайна: Далада күйлі мал қанша,

Қырманда толы дән қанша.

Алтын күз,әсем айналам,

Қараймын көзім талғанша.

Нұрислам:Үркіп үйрек,қаздары,

Шулайды көл қоғалы.

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады.

Айгерим:Кейде құйын өтеді

Тозаңдатып жан-жақты.

Кейде құйын кетеді,

Доп қылып ап қаңбақты.

Диляра:Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Мади:Барын беріп халыққа,

Жұмыстан соң қалжырап.

Дала ұқсайды алыпқа,

Дамыл алған маужырап

Анель: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Мади:Жүрексіз қоян безеді,

Жөңкілсе қаңбақ күздегі.

Қиқулап көкте жүзеді

Құстардың керуен тізбегі

«Бауырсақ» ертегісі.» (Бауырсақ-Мади,ата-Нұрислам,әже-Ақбота,қоян-Жұпар,қасқыр- Ернар,аю-Нұрболат,түлкі-Аружан)

Жеміс-жидектер туралы өлеңдер.

Дақылдар әні: (Нұржарқын, Ернар,Аружан,Айда,Бекзат)

Бидай: Нан анасы-Бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып,піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:Күміс мұртты Арпамын,

Ырыс-құтты Арпамын.

Еңбек етіп,баптаған

Еліме сый тартамын.

Тары: Ақ,қарамын,сарымын:

Мен өнімді Тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен Сұлымын,ұланның

Тұлпарыма ұнадым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріш: Күнді сүйген Күрішпін:

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

Мақал-мәтелдер.

Мади:Егіннің жайын еккен білер,

Арбаның жайын жеккен білер.

Сұлтан:Ексең егін,ішерсің тегін.

Бекзат:Еңбектің көзін тапқан

Байлықтың өзін табады.

М.Ақбота:Еңбек етпесең елге өкпелеме

Егін екпесең жерге өкпелеме.

Оқу ісінің меңгерушісі Джумагалиева Б.М. құттықтау сөз беру.

Бәрі: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Тәрбиеші:

-«Нан болса,ән болады»- демекші әрқашан нанымыз көп болып,еліміз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!




Батыс Қазақстан облысы

Теркеті ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі










Ертеңгілік


Нан қиқымын шашпаңдар! Ашық тәрбие сағаты.

Мектепалды даярлық сыныбы











Өткізген: Мухамбетжанова С.О.


2013-2014 оқу жылы.

© 2010-2022