Қазақ тілі пәнінен Сөйлеу мәдениеті

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты: 07.09.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалана білу және ауызекі, жазба тілде шақыру, құттықтау ерекшеліктерімен таныстыру

Сабақтың міндеті: Шақыру қағаздарын жазуға үйрету. Құттықтау мәтіні сызбасымен жұмыс

Сабақтың әдісі: рафт стратегиясы

Ресурстар: стикерлер, ақ қағаздар

Күтілетін нәтиже: хат жазуға, тілек жазуға үйренеді

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

«күн шуағы» толтыру

ІІ.Үйге тапсырманы сұрау: үйге берілген 11-жаттығуды тексеру

ІІІ.Тұсаукесер: әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер айту

«Әдеп басы -тіл» деп неліктен айтады?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Маржан ең әуелі әдептілігін әжесі мен атасына көрсетіп жүр. Ол ерте тұрған атасының қасына келіп:

-Қайырлы таң, ата! -дейді.

-Таң қайырлы болсын, жарығым! -деп, атасы риза болады.

Одан соң Маржан ертеңгі астың алдын атасына ұсынып:

-Ас тәтті болсын! - дейді.

-Іншалла, ас болсын, - деп, атасы бата береді.

  • Жұппен жұмыс:

  • Маржан қандай қыз?

  • Әдептілікті қалай түсінесің?

  • Әдепті деп қандай адамды айтады деп ойлайсың?

  • Мәтінге ат қой.

3-жаттығу.Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің? Оларды сөйлеу кезінде қолданасың ба?

Дәптермен жұмыс: 5-жаттығу

-Қайырлы күн!

-Қайырлы күн!

-Танысып қояйық. Менің атым- Дәурен. Сенің атың ше?

-Диас.Сен қай қаладан келдің?

Шығармашылық тапсырма: ребусты шешу

Рафт стратегиясы.бойынша жұмыс: танысу сұхбатын толықтырады.


Бағалау. Бағалау бетшесіне бағалайды. Үйге тапсырма беру: үйге 7-жаттығу, 9-бет. Мархабат етіңіз, өтінемін, ренжімесеңіз деген сөздерді қолданып сөйлемдер құрап жазу Рефлексия: Алма ағашы


© 2010-2022