Сыныптан тыс ашық сабақ: «Атыңнан айналайын –Тәуелсіздік»

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Атыңнан айналайын -Тәуелсіздік»

Сабақтың мақсаты:

  1. Тәуелсіздікке байланысты туған еліміздің тарихымен , рәміздерімен жете таныстыру;

  2. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, патриоттылығын, сезімдерін ояту;

Көрнекілік: Тақырып,рәміздер, 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан жастардың суреті, Қазақстанның жетістікке жеткен суреті.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. «Атыңнан айналайын -Желтоқсан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Құрметті келген оқушылар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Егеменді елімізде тыныштық болсын!

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі әділеттің , ақиқаттың, имандылықтың салтанаты-ел өмірінде аса бастауына негіз болды.

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам?

Әнұраным асыл ән!

Баға жетпес асыл ән!

(Әнұран орындалады).

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен жылы ағыс.

Егемендік -ел бақыты ертеңгі,

О,Халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Біз өз тарихымызды, жеті атамызды білуге тиіспіз, сонау біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізі болған.200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық .70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық. Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар»-деген бабам,

«Бірлік -деп бірге соғар жүрегіміз.

II. Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтары.

Мен қазақпын!

Мен Қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Өзіңдікі- елің де,

Өзіңдікі- жерің де.

Өзіңді- өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Қазақстан-Республикам менің,

Шайқаста жаудың алқымын сыққан.

Ажалға қимай намысты елін,

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,

Қазақстан -Республикам менің.

Тәуелсіздік алған соң.Қазақстан жетістікке жете бастады. Құрбандарға ескерткіш көтеріліп.Қазақстан Қарулы Күштері құрылды,Тәуелсіз Қазақстан конституциясы бекітілді, Қазақстан әлемдік сауда ұйымына кірді, ұлттық теңге өмірге келді. Бүкіл Қазақстан Әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығын аттады.

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

«Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін,-деді Н.Ә.Назарбаев.

Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба.Әлемде сирек кездеседі десек те артық болмас.Айбынымызды сырап, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!

Батырлыққа уызына жарыған,

Ел төркіні байрағынан.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп әнұран.

16-желтоқсан, бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет, мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы, қасіретті күн.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсап, ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер ,қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі, Республика жастарының ызасын келтірді. Жастар: Қайрат, Сәбира, Қайыркелді, Ербол, Түгелбай, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық, өктемдік күні.

Әскерлер осы жастарды жұқа және су киімдерімен түнгі аяз ызғарында ұстады. Содан соң оларды аязда бірнеше сағат бойы қар үстіне жатқызып, қаладан алысқа апарып тастады.

Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

III.«Қара бауыр қасқалдақ» өлеңін айту.

Бұл өлеңді осы оқиғадан жаны түршіккен, тыныш таппаған адам Лесбек Аманов шығарды.

IV. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдер.

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жеңіп, бұйырып.

Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандығы жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы.Аяз.Желтоқсан.

V.Сұрақ-жауап.

1). ҚР-сы тәуелсіздігін қашан алды?

2). Қазіргі қазақ халқы қандай жетістікке жетіп отыр?

3). 16-желтоқсан қандай күн?

4). 1986 жылы желтоқсанда қандай оқиға болды?

5). Қазақ жастары не үшін алаңға шықты?

6). Қай алаңда ереуіл болды?

7). Алаңға шыққан жастардың аты қандай?

VI. Көрініс.

Қайрат пен тергеуші түрме ішінде.

Тергеуші: Сен 18-желтоқсанда сағат 10.00-де қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Тергеуші: Жоқ, өтірік айтпа! Сен Сәтпаев пен Мира көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сенсің оны өлтірген.

Қайрат: Мен оны көрген жоқпын.

Тергеуші: Ақымақ! Сен өлтірген. Шындықты айт, әйтпесе атыласың, ақтық сөзіңді айта бер.

Қайрат: Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген затым бар,

«Еркек тоқты -құрбандық»

Атам десең атыңдар.

VII. Қорытынды.

Азат елім! Тәуелсіз азаматым,

Сенсің ертең мін берде сөз алатын.

Аттай барыс бейнелі болашаққа,

Барша әлемге шығаршы қазақ атын.

Қазақ елінің абыройын асырап, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай -талай жаңалық ашар білімділері керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.



© 2010-2022