Конспект урока Тұқым және жеміс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:Жемістер мен тұқымның маңызын білу.

Міндеттері:1)Білімділік:Оқушылар жұмбақтарды шешеді және тамыр жемістерін атайды.

2)Дамытушылық:Оқушылар шырынды және құрғақ жемістерді салыстырады және сипаттайды.

3)Тәрбиелік:Оқушылар топқа бөлініп тұқымды тарату тәсілдерін салады және көрсетеді.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Үлгі суреттер,слаид.

Сабақтың барысы.

1)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2)Психологиялық дайындық.

Оқушылармен шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.

Өткен материалды қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру.

(үйге берген жапырақтың суреттерін тамашалау)

1)Балалар 1жылда неше ай бар?

2)Неше жыл мезгілі бар?Қазір далада қандай жыл мезгілі?

3)Күз айында қандай өзгерістер болады?

4)Жапырақтардың пішіндері қандай болады?

5)Жерге түскен жапырақтарға не болады?

6)Қандай өсімдіктердің жапырақтарын жеуге болады?

Енді балалар сендермен сөз жұмбақ шешейік.

Сөз жұмбақ

1.Көк лағым көгінде тұрып семірген.(қарбыз)

2.Байлауда ,ақтап сенімді,

Сары қозым семірді.(қауын)

3.Аласа ғана бойы бар, қырық қабат тоны бар.(орамжапырақ)

4.Айт десе жүгірмес

Су тисе сілкінбес.(шөп)

5.Пішіні бар домалақ

Көміп қойдым сығалап,

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,

Қаптап алдым құмалақ.(картоп)

Қалай ойлайсындар, балалар, бүгін не туралы сөйлесеміз?Сөз жұмбақта не туралы берілген.(Оқушылардың жауабы)

Дұрыс, балалар, жемістер жайлы берілген.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тұқым және жеміс»

Қане кім айтады, балалар, жеміс деген не?(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Мұғалім сабақты түсіндіреді.

Жеміс-өсімдіктің бізге тартатын сыйы.Өсімдікті біз күтіп, баптауымыз керек сонда ол бізге көп өнім береді.

Жеміс өсімдікте қалай пайда болады?Мысалы: бір гүлді алып қарасақ,ең алдымен өсімдікте гүл түйіні пайда болады.

Гүл түйіні өсімдікпен бірге жетіліп өседі.Содан кейін гүл күлтешелері түсіп қалады.Сол жерде жеміс пайда болады.

Жемістің ішінде тұқым болады.Тұқым жеміспен бірге жетіліп өседі.

Әр жемістің тұқымы әр түрлі болады.Тез пісетін жемістің тұқымы тез жетіледі.Жемістер тұқым арқылы таралады.

Мысалы:Қайың,көктал ,тал,ағаш тұқымдарында қанатшалары болады.

Бақ-бақ,қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек сияқты болады.Кішкене жел соқса тұқымдары ұшып кетеді де топыраққа барып қадалады сол арқылы таралады.Сол сияқты арпа, сұлы да таралады.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларды екі топқа бөлемін.

1-топ Жеміс.

2-топ Тұқым

Жеміс тобы оқулықтағы құрғақ жемістерді атап шығады.

Мысалы:жаңғақ,арпа, сұлы,күріш т.б

Тұқым тобы оқулықтағы шырынды жемістерді атап шығады.

Сұрақтар.

1)Неге олар құрғақ жемістер деп аталады?

2)Ал мынау неге шырынды жемістер деп аталады?

3)Қандай жемістер жерге жақын өседі?

Біз балалар сендермен бірге қандай жемістер бар екенін білдік.

Шырынды және құрғақ.

Олардың қандай пайдасы бар екенін білдік,ия балалар.

Сергіту сәті.

(слайд бойынша көрсету)

Ал енді жұмысымызды жалғастырамыз.

Тақтадағы суреттерді көрсетіндер қайсысы құрғақ,қайсысы шырынды.

Оқушылар кезек-кезек шығып көрсетеді.

Топтық жұмыс.

Тапсырма.Сурет салу.Оқушылар өздеріне ұнаған бір жемістің суретін салады және оны қорғайды.

Сабақты қортындылау.Сонымен балалар Тұқым-өсімдік-жеміс қалай байланысып тұрғаның түсіндіңдерме?Сабақ сендерге ұнады ма?Бүгін сабақта не өттік?Сабақ сендерге несімен ұнады?(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Үйге тапсырма: 67-бет оқу,шырынды және құрғақ жемістерге сурет салып келу.

Оқушыларды бағалау.

Волгодонов орта мектебі

Тәрбие сағаты

« Денсаулықты қадірле!»


сыныбы: 2 «б»

өткізген: Байманова Г.С.

Конспект урока Тұқым және жеміс











2012-2013 оқу жылы

Волгодонов орта мектебі


ашық сабақ




Тұқым және жеміс.








сыныбы: 2 «б»

өткізген: Байманова Г.С.


Конспект урока Тұқым және жеміс











2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022