Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Уақыт және ұзындық өлшемдері. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Токумбаева А.А

3 сынып - Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

6-апта

Күні: 09.10

1-сабақ (11 сабақ)

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт және ұзындық өлшемдері. Практикалық жұмыс

Сілтеме:

"Уақыт және ұзындық өлшемдері" ( дүниетану оқулығы)

Жалпы мақсаты:

Уақыт пен ұзындық өлшемдерін еске түсіре отырып, топта жұмыс жасай алу

Оқу нәтижесі:

Уақытты үнемді пайдалану жолдарын қарастырады, ұзындық өлшем бірліктерін өмірде қолдана алады.

Түйінді идеялар:

Уақыт пен ұзындықтың өлшемдерін білу

Қашықтықтың уақытқа тәуелділігі;

Тапсырма көздері:

Оқулықтағы практикалық жұмыс (27 бет)

Ізденіс негізіндегі тапсырмалар;

Әр топқа уақыт өлшем бірліктері беріледі. Тапсырма: Сол уақытта қандай іс әрекеттер жасауға болады?( Бір жылда, бір күнде, бір сағатта, бір секундта)

Оқуға арналған тапсырмалар:

Ғаламтордан төрт топқа "Ең ұзын, ең қысқа, ең жылдам, ең баяу" белгілері бойынша мәлімет жинау; google.com сайтына кіреді

САБАҚ ЖҮРІСІ



Психологиялық дайындық.

Әзіл -әңгіме: Бір күні атасы немересінен- "Сағат неше?" , -деп сұрапты. Немересі:- "Бес минут кетті",-депті. Атасы: -"Неден?",-деп сұраса, немересі:-"Өзім де білмеймін, ата. Сағатымның кішкентай тілі түсіп қалған"-деп жауап беріпті.

Сағат бізге не үшін қажет? (3 мин)

Топқа бөлу:Оқушылар туылған уақытына қарай бөлінеді (3 мин)

1-тапсырма:

1 жыл= ? ай, 1 ай=?күн, 1т=?сағат, 1сағат=? минут, 1 минут=?секунд, 1 апта=?күн, 1ғасыр=?жыл. Белгілі бір уақытта қандай іс әрекеттер жасауға болады?( Бір жылда, бір күнде, бір сағатта, бір секундта)

(10 мин+ қорғауға 5 мин= 15 мин)

Тренинг: "Жылдам орында!" Балалар тізіліп бір қатарға тұрады. Айтылған тапсырма бойынша жылдам тұра қалулары керек. «Айлары *Шаштарының ұзындығы бойынша *Бойлары;Есімдері ; (5 мин)

2-тапсырма Бойларының өлшемдері бойынша тұрған күйінде топқа бөлу

(2 мин) 3-тапсырма "Бағыттау диктанты" - 1 сағатта мектепке, Алматыға, асханаға баруға болады. - 3сағатта Алматыға, Астананың бір шетінен екінші шетіне, асханаға баруға болады. - 24 сағ, 1 тәулікте Алматыға, Марсқа, асханаға баруға болады. *Диктант жазу барысында нелерді пайдаландық? * Диктантты дұрыс жазу үшін нені ескеру керек? * 1 км= ? м, 1 м= ? см, 1 дм = ? см, 1 см=? мм (6 мин) Тренинг: "Дүкенде" (3 мин) Үй тапсырмасы: Топтық жұмыс(коп мәлімет қажет емес. Негізгі дегендері ғана айтылады);Оқулықтағы практикалық тапсырманы орындау(Орындаушы уақытты, кеткен материалды ескеруі керек); (2 мин) Рефлексия: (5 мин) Бағалау: (формативті) (1 мин)


Бағалау критерийі

Топтағы өзін-өзі бағалау

Есімі: күні:


Жиі

Анда-санда

Ешқашан

Мен ақпарат алу үшін сұрақ қойдым







Мен өз пікірімді білдірдім







Мен тобымдағы басқа оқушылардың пікірін тыңдадым







Мен тобымдағы басқа оқушылармен пікір алмастым







Мен тобымдағы басқа оқушыларды пікірлесуге шақырдым







Мен топтың немесе мұғалімнің берген тапсырмасын орындадым













Маған топта жұмыс жасауда ұнағаны:

Бұл топта жұмыс істеуде қиын болғаны:

Келесі жолы топта жұмыс жасауда қоятын мақсатым:



© 2010-2022