Жас ұландар сайысы 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Отанымның жас ұландары» сайысы.

Мақсаттары: 7 мамыр - Ұландар күніне орай ұл балалар арасында сайыс өткізіп, өмір танымын кеңейту, дарындылығын дамыту.

Отанын сүюге, байлылығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, шар, гүл,қанатты сөздер.

Ұйымдастыру: Мұғалімнің құттықтау сөзі.

Жанымыз қаламайды аласаны,

Жас Ұлан алда талай бел асады.

Әлемге туған елді танытатын,

Біз - Жас Ұлан Қазақстан болашағы-дегендей «Отанымның жас ұландары» атты сайысымызды бастаймыз.

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

Кішкентай аруды таңдап бүгін алуға.

Әділқазыларды сайлау.

Жүргізуші:

Даланың терең жұтсақ ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен:

І. «Отанымның жас ұландары» - ұландардың сәлемдесуі, өзін - өзі таныстыруы.

ІІ. «Өнерліге өріс кең» - ұландар өз өнерін көрсетеді.

ІІІ. «Құралайды көзге атқан» мергендік сайысы

IV. «Озған ел тарихын таспен жазады» - сұраққа жауап беру.

V. «Асық ойыны» асық ату.

Әуенді үзіліс.

Жүргізуші:

  1. Өзін-өзі таныстыру.

Сайысқа келді міне ұландарың,

Олар емес жарыстан жасқанатын.

Сегіз қырлы, бір сырлы өнерменен.

«Сұлтан болып» бәйгеден алар атын

Ұрпағы мен боламын бабалардың,

Биікке өнерменен бара аламын.

Қанеки, тыңдайықшы барша халық

Кім екен түпкі атасы ұландардың? - дегендей өзін - өзі таныстыруға шақырамыз.

2.«Өнерлерін көрсету»

Тау әсем қарағайлы аршасы бар,

Сол тауға талапты жас барса шығар.

Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,

Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?

«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша өз өнерлерін көрсетеді.

Би билейді ұлдарымыз тамаша,

Әуезді әнмен құлпырып бір тамаша.

Жігіттерім қалыспайды қыздардан,

Халқымыздың ұлттық биі «Қаражорға»

- «Солдат болам мен енді» әні орындалады

Ән- жыға өлеңдерге төселермін.

Біз бүгін жігіттерге есе бердім,

Ал, ендеше көрейік біз ендеше.

Үлгі берер сайысын жігіттердің.

- «Атамекен» әні орындалады

-«Торайлар» пианиномен сүйемелдеп ойнайды.

-«Желсіз түнде жарық ай» ән орындалады.

Өнер білім тең таразы біздерге.- дегендей өз өнерлерін көрсетті.

3. «Құралайды көзге атқан» мергендік сайысы

Ұландарды сынап қане көрелік,

Нысанаға бағыттайтын дәл көздеп.

Ұлдарымыздың өнерлерін көрелік.

Нысанаға дәл көздеп атуды тапсыру.

4. «Озған ел тарихын таспен жазады» - сұраққа жауап беру.

Өнеріміз өрге жүзер өнерде,

Білімдіміз, ойда оқу біздерде.

Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу.

Халқымыздың тарихын үйренейік,

Жамандықтан ұландар жиренейік!

«Озған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» шарты бойынша арулар сұраққа жауап береді.

5. «Асық ойыны» асық ату.

Ұландарымыз дәл көздеп асықты ату керек.

Жүргізуші:

Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.

Құттықтау, марапаттау.










.



© 2010-2022