Тарбие сагаты Кітапхана - асыл мұра

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Кітапхана -асыл мұра

Мақсаты:Кітапхан а жұмысымен таныса отырып,кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Қазақ әдебиети ақын-жазушыларын тануға оқуға,оқуға ,қадірлеуге тәрбиелеу.

Психологиялық сәт:Қуан кітап ,қуанатын күн бүгін,

Серпіп тастап мұңды жүрек түндігін.

Кел,оқырман тойын тойла кітаптың

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Кіріспе сөз: -Иа, бүгін біз үшін қуанышты күн деуге болады.Себебі біз ашық тәрбие сағатымызды «Бейнеу кітапханасында» өткізгелі отырмыз.Осы арада айта кететін бір жайт халықаралық кітаптар күні 23-сәуірде аталып өтетін мерекелі күн.Осы күні біз бір-бірімізге кітап сыйлап,дүкендерден кітап сатып алып алып өзімізді де,өзгелерді де қуантып құттықтасақ болады.

-Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітапхана -асыл мұра»деп аталады.Бұндағы біздің мақсатымыз,кітапхана жұмысымен танысумен қатар кітаптар оқуға қызығу және үйрену.Қазақ әдебиетінің ақын-жазушылырын тану және құрметтеу болып табылады.

-Кітапхана -араб тілінен енген жазу қоймасы деген сөз.Кітапхана мәдени ағартушылық мекеме.Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау,сақтау,насихаттаумен қатар оқврмандарға баспасөз шығармаларын берумен шұғылданатын мекеме.Кітапхана -көп салалы ақпараттық әрі рухани орталық.Кітаптардың алғашқы түрлері ежелгі шығыс елдерінде Грекияда,Римде қыш текше тастарға,маталарға жазыла бастады.Сөйтіп бертін келе қағаз кітаптар өмірге келе бастады.

-Әлемдегі ең ірі кітапхана туралы мына бір бейнероликке назар аударайық.

Сен білесің бе?Әлемдегі ең ірі кітапхана «Александрия» деп аталады.Ал,екінші ірі кітапхана Қазақстанның Отырар қаласында болған екен.Ол Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде жойылып кеткен.

-Олай болса кітап туралы мына бір тұжырымды ойларға құлақ түрелік.

1.сөздерін айту:Ақбота,Досжан,Т,Ақбота

2.Мөлдірдің өлеңі оқылады.

-Олай болса Бейнеу кітапханасының жұмысы мен бөлімдерімен танысу үшін сүйікті кітапханамыздың кітапханашысы Бурина Гүлнар апайға сөз кезегін берейік.

-Гүлнар апайға қоятын сұрақтарымыз бар ма? (Оқушы сұрақтарына жауаптар беріледі.)

-Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін .-деп М.Әлімбаев ағамыз айтқандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сіздерге білім көзі,рухани қазына. Ал,кітаптар ешқашан өлмейтін мұра болып саналады.Бір кино немесе бейнебаян көргеннен көрі бір кітап оқып тауысқан адам миының 1/1000000-ға шаққандағы бөлігі пайданы алып ,ми жұмысын күшейте түседі екен.К»тап оқу логиканы ғана дамытып қоймай елестету, қиялдау,армандау сияқты сезімдерді де дамытады екен.

-Олай болса кітап оқудың пайдасы жайлы мына бір бейнебаянға назар аударайық.

-Кітап туралы тақпақтар жаттап келдік пе?

Тақпақ айту:Ақторғын ,Алтынай,Ақбота,Нұрай

«Кім көп біледі?» ойын ойнау.Жазушыны суретінен тану,қандай шығармалары бар екенін айту.

М.Әуезовтың қандай шығармасын білеміз? Б.Соқпақбаевтың ше?

-Көксеректі асыраған баланың аты кім еді?

-Құрмашқа көксеректі кім әкеліп берген еді?

-Құрмаш қалай өзгеді? -Көксеректің басқа иттерден ерекшелігі қандай еді?

-Соңы қалай аяқталған еді?

-Б.Соқпақбаев ағамыздың «Менің атым Қожа» повесі сендерге ұнай ма?

-Олай болса Қожаның сендерге айтары бар.Қожа б»зге не айтар екен назар аударайық.

 бейнебаян көру.

Шығармашылық алға жетелейді айдары бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.Кітапхана,кітап туралы өлең шығару,шығарма жазу.Мақал-мәтелдер айту.

Келесі кезекті көрініске берейік.Тақврвбв: « Кітап оқып жүрейік»- деп аталады.Бұл көріністің авторы 4»Д»сынып оқушылыры.Назар аударыңыздар.

Кітап туралы ұлы ақын- жазушы, педагоктар өз ойларын ,нақыл сөздерін айтып кеткен.Солардан жаттағандарымызға кезек берейік.

Қорытындылау:Қорыта келе ,оқушылар біз не түйдік? Кітап оқу біздің қолымыздан келе ме? Кітапханаға келіп, кітаптармен дос боламыз ба?

Олай болса ашық тәрбие сағатымызды Шапағаттың орындауындағы «Бейнеу -бағым» өлеңімен аяқтайық.Бейнеу кітапханасы жасасын! «Бейнеу кітапханасы» ұжымына мың алғыс!



© 2010-2022