Ұлт болашағы-білімдінің қолында

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп





















Тақырыбы:

Ұлт болашағы білімдінің қолында













Сынып жетекші: Жақсыбаева А.У.

Тақырыбы: Ұлт болашағы білімдінің қолында
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнектілігі: топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, слайд, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау.
Типі: білімді бекіту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар «Ұлт болашағы білімдінің қолында» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін.
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер.

Білім -білікті тексеріп, Қатысып ойынға көріңдер!

«Кім жүйрік ойға, сол алда

Бәйге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз - жеңу. Ал еліміздің болашағы жас ұрпақ сендердің қолдарыңда сондықтан, білім алып, жеңіске жетіп, еліміздің көркеюіне бүгіннен бастап ат салыса отырыңдар!

«Білім - күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.

- Ұлт тірегі -білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте, Бүлдіршіндер алау оттай жалында, - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

- Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің байқап отырсыңдар, біз үш топқа бөлініп отырмыз.
Қазір мен алдарыңа қағаздар беремін, ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөз буындары бар, сендер сол сөздердің ретін тауып дұрыс қойсаңдар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіңдер. Кәне, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріңе қарай топтарыңа ат беріледі.

Қо- лында
Ұлт
білім-дінің
бо-лаша- ғы

Алдарына қағаздар беру.
- Кәне, қай топ бірінші болып тапты екен?
І топ бірінші боп тапты. Ендеше бұл топқа «Тапқырлар» аты беріледі.
ІІ топ екінші тапты. Бұл топ «Алғырлар» деп аталады.
ІІІ топты «Зеректер» деп атаймыз.

- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?
- «Ұлт болашағы білімдінің қолында». Ендеше біздің бүгінгі сайыс сабағымыздың да тақырыбы осылай аталады екен. Бүгін үш топ болып сайысып, білімдерімізді ортаға саламыз.

- Олай болса, сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:

1-бөлім. «Сиқырлы ағаш» деп аталатын танымдық сұрақтар сайысы. Тақтада алма ағашы бейнеленген, қағаздан жасалған алмалар ілінген. Әр алмада сұрақ жазылған. Әр топтан 4-4 оқушыдан шығып ағаштағы алмадан алып сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпай беріліп, ол себетте жиналып тұрған алмадан алады. Дұрыс емес жауапқа ұпай саналмайды.

Сұрақтар:

- ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

- ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?

- ҚР Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

- ҚР Мемлекеттік туында не бейнеленген?

- ҚР Мемлкеттік елтаңбасының авторы кім?

- ҚР Мемлекеттік гимнінің авторы кім?

- ҚР Тәуелсіздік алған жылы және күні?

- Батыс Қазақстан қандай нәрсеге бай?

- ҚР жыл сайын аталып өтетін басты 3 мерекені ата.

- Қазақ халқының шешен билерін ата.

- Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?

- Қазақстанның көрші мемлекеттерін ата.

2-бөлім. «Қызықты төрттік»
- Бұнда өздеріңе таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек 5 ұпай аламыз.
Ал дайынбыз ба? Кезек бірінші топта.
Математика сұрақтары
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар. (мм, см, дм, м, км)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ұзындығы мен енін қосамыз)
3. 9 -дың квадраты нешеге тең? (81)
4. Қашықтықты қалай табамыз? (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)
5. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
6. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер. (шаршы, төртбұрыш...)
7. Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)
8. 1 жұмыртқа 5 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5)
9. Көлемді қалай табамыз? (ұзындығы, ені, биіктігін көбейту арқылы)
Қазақ тілі
1. Мәтінді түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. Сөз таптарын атап бер? (зат есім, сан есім, етістік, сын есім, т.б.)
3. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін ата.(бастауыш, баяндауыш)
4. Дыбыс үндестігі дегеніміз не? (дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, өзара үндесуі)
5. Не істеді? Қайтті? Не қылды? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (баяндауыш)
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке, хабарлы, сұраулы, лепті)
7. Қос бүйірін таянып
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
8."Батыр" сөзіне мәндес сөздерді тап.(ержүрек, батыл, қайсар...)
9. Синтаксис дегеніміз не? (сөз тіркестері мен сөйлемнің құрылымын зерттейтін грамматиканың саласы)
Дүниетану
1. Қазақстан Республикасы тауларын атап бер? (Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар алатауы, Шымбұлақ, Хан тәңірі шыңы)
2. Қазақстандағы ірі теңіздерді ата (Каспий, Арал)
3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? (түсті металдар, қара металдар, темір, мыс, мұнай, алюминий, т.б.)
4. Табиғаттағы судың күйлері? (сұйық, қатты, газ)
5. Қазақстанның қандай өзендерін білесің? (Жайық, Ертіс, Есіл, ТОбыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, ТОрғай, т.б.)
6. Ауаның құрамын ата. (78%-азот, 21%-оттегі, 1%-түрлі газдар)
7. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
8. Ауа райын болжайтын сала қала аталады? (метеорология)
9. Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы қандай? (көгалдандыру)
Әдебиеттік оқу.

1. Мұқағали Мақатаев кім? Оның қандай өлеңдерін білесің? (ақын «Сүйемін, өскен Отаным», «Мен ғашықпын», т.б.)
2. "Абай жолы" роман - эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
3. Халық ауыз әдебиеті деген не? (халық арасында ауызша тараған шығармалар: аңыз, батырлар жыры, жаңылтпаш, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақтар, ертегі)
4. Ертегілердің қандай түрлері болады? (шыншыл ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер, жануарлар туралы ертегілер)
5. Қандай батырлар жырларын білесің? (Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр,т.б.)
6. Қорқыт ата кім болған? (ақын, жырау, қобызшы, ойшыл)
7. Өмірде болған адам қатысты құрылған халық шығармасы? (Аңыз)
8. Үш биді атаңыз. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
9. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жазған кім? (Абай Құнанбаев)
- Өте жақсы, балалар, ендеше келесі кезеңге өтелік.

3-бөлім. «Мықты болсаң, тауып көр» жұмбақтар сайысы.

Бұл сайыстың бір екекшелігі жұмбақтың жауабын орыс тіліне аударып, орысша жауап қайтару керек.

Мұғалім: - Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер былтырдан бастан орыс тілінде оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі - ұлт аралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
- Сондықтан қазір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі)

1) Аспанға жайып қойған

Ақ мақтам ғайып болған. (Ақша бұлт- Облака)

2)Терезені өрнектеп, әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық, көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз- Мороз)

3) Қыстай жегіп қос атты,

Көктем шыға босаттым. (Шаңғы- Лыжи)

4) Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (Боран- Вьюга)

5) Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған. (Аспан- Небо)

-6) Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,

Бар салмақ дүниедегі соған түсті,

Құнарлы қуатынан тояттанып,

Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті. (Күн- Солнце)

7) Ақ көбелек қонды,

Құстар енді тоңды. (Қар- Снег)

8) Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. (Тау- Гора)

9) Ұзын-ұзын ұз келеді,

Ұзын бойлы қыз келеді.

Қасы қалтырап,

Көзі жалтырап. (Су- вода)
4- бөлім."Сын сағаты"

Бұл сайыста әр топқа белгілі бір жағдаят беріледі. Сендер топ болып ақылдасып, сол жағдаяттан шығу жолып табу керексіңдер. Шешімді топ басшылары түсіндіріп айтып береді.

1 - сұрақ. Бүгінгі сабақта "2" алып қалдың. Оған ұстазың да, мамаңда қатты ренжіді. Сен сол ренішті Қалай өтер едің?
2.- сұрақ. Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды, не істейсің? Үйіңдегілерге не айтасың?
3 - сұрақ. Мұғалім қоңырау кезінде сыртқа шығып кетеді, сыныптағы бір оқушы байқаусызда терезені сындырып алады, бірақ ісіне өкінеді. Мұғалім сыныпқа кіріп, «Терезені сындырған кім?» деп сұрады. Сендер не істейсіңдер? Сындырған оқушыны мұғалімге ұстап бересіңдер ме?
- Ойлануға 1 минут уақыт беріледі, сосын жауаптарыңды тыңдаймыз. Бір ғана сөзбен емес, ойланып, нақты дәлелдермен сөйлеуге тырысыңдар, жарай ма?
Белгілі бір уақыттан соң, жауаптары тыңдалады.
- Өте жақсы, отыра қойыңдар. Міне, балалар төрт кезеңнен тұратын сайысымыз да аяқталды.
Әділқазылар шешімін айтады. Жеңген топты марапаттау.
V. Қорытынды.

Жинаған өн бойына білім кенін,

Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

Жарайсың айналайын, сайыскерім!

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым!

Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,

Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып, біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет. Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды.


ҰЛТ

БО

ЛА

ША

ҒЫ

БІ

ЛІМ

ДІ

НІҢ

ҚО

ЛЫН

ДА


ТАПҚЫРЛАР

тобы


АЛҒЫРЛАР

тобы


















ЗЕРЕКТЕР

тобы



ҚР Тәуелсіздік алған жылы және күні?

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?

ҚР Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

Батыс Қазақстан қандай нәрсеге бай?

ҚР Мемлекеттік туында не бейнеленген?

ҚР Мемлекеттік Гимнінің авторы кім?

ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?

ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

















Қазақстанның көрші мемлекеттері

н ата

Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?

Қазақ халқының шешен билерін ата

ҚР жыл сайын атап өтілетін басты 3 мерекені ата







1 - сұрақ. Бүгінгі сабақта "2" алып қалдың. Оған ұстазың да, мамаң да қатты ренжіді. Сен сол ренішті Қалай өтер едің?

2.- сұрақ. Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды, не істейсің? Үйіңдегілерге не айтасың?

3 - сұрақ. Мұғалім қоңырау кезінде сыртқа шығып кетеді, сыныптағы бір оқушы байқаусызда терезені сындырып алады, бірақ ісіне өкінеді. Мұғалім сыныпқа кіріп, «Терезені сындырған кім?» деп сұрады. Сендер не істейсіңдер? Сындырған оқушыны мұғалімге ұстап бересіңдер ме?



© 2010-2022