Внеклассная работа на тему Әліппе-білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әліппе-білім бастауы

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар,ата-аналар! Бүгін біздің сыныбымызда үлкен той.Күні кеше ғана білім баспалдағына алғаш қадам басқан бүгінгі мерекенің басты куәгерлері 1 «Б» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» мерекесіне жиналып отырсыздар. Мектеп білім ордасы. Білімді, оқымысты,ғалым болуды барлығымыз да армандаймыз. Білімді болу үшін тәрбие өнеге, тіл,ізденіс,талап керек.Баланың білімге талпынысы мектепке келуден ,тіл үйренуден, араласудан басталады. Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарының білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе-білім бастауы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады.Оны күтіп бағады. Күтімі жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді.Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада: Иә, солай шығар! Күндердің күнінде жемісін беріп, барлығымыз да дәм татармыз.

Әліппе:

Ішім толы әріпке

Менмін әйбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің

Бастауы мен Әліппе.

Амансыздар ма, ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім. Ендеше олар сіздерге көмек беріп қалар.

«Әліппе» әні орындалады

Менің әр әрпімнің сыры бар. Іші толып тұрған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.

(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды,яғни алма ағашындағы жасыл алмаларды ауыстырған сайын қызыл алма пайда болады.)

А-Ә, Б-В, Г-Ғ

«А»дегенің- «Ана» ғой, «Б» дегенің «Бала» ғой,

«Ана» деген дана ғой. Жұмсаса апаң бара ғой.

Әжем әнге басады. Велосипед, витамин

Әтеш ұйқы ашады. «В»әрпінен басталар

«Гу» деп алғаш бөбектер,

Гуілдейді ақырын.

Ғалым,ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

Д-Е, Ж-З

Дүлдүл аты бар екен, «Е» әрпінің үстіне

Дәркенді жұрт мақтады. Екі нүкте қойғанда,

Елге есті ер керек, «Е» әрпі мен болам.

Ер жет өсіп ертерек.

Жыр алыбы-Жамбыл ата,

Ардақтайды оны бала.

Зауза ұшады зыңылдап,

Зымыранша зырылдап.

И-Й, К-Қ, Л-М


Игі істе батыр болам, Кекілік-ау, кекілік,

Игілікке жақын болам. Кетіп қалма секіріп.

Дауыстыдан кейін Қаламым-досым, қалмайды,

Келемін мен «Й». Қашанда менің қасымда.

Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

Мектеп берген біліммен

Марқаясың жас ұлан.

Н-Н, О-Ө, П-Р

«Н» әрпінде екі тіреу, «О» кәдімгі дөңгелек,

Ортасында басқыш біреу. Кетпесін ол дөңгелеп.

Мен «ң» -мын қасарып Өрікте сөздің басындамын,

Көнбейтін болуға бас әріп. Бөрікте «б» -ның қасындамын.

Партамызда отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.

Радиодан тыңдап мәз болдық

Рақаттанып хабарды.

С-Т, У, Ұ-Ү, Ф-Х


Сыйламаған жолдасын Уық деген немене?

Сыйлай алмас өз басын. Уыз деген немене?

«Т» кәдімгі телеграф бағаны, «У» әрпінен атаулар

Кейде оған ұқсатасың балғаны. Басталып тұр, балалар.

Ұстазы жақсының «Ф» -ның екі көзі бар,

Ұстамы жақсы. Футбол деген сөзі бар.

Үмітпен алға қарадық Хат күтіп ем досымнан,

Үлгі алып ата-анадан. Хабар келді асыға.

Һ-Ц, Ш-Щ, Ь-Ъ, Ы-І

«Һ» әрпіне қаһарман, «Ш» әрпін айтсақ жасырмай,

Гауһар деген сөз қосам. Үш аша айыр басындай.

Циркте аңсап қосылған Щеткамен тіс тазалап,

Циркуль бердім досыма. Щеткамен үй ақтадым.

Дыбыс емеспіз, таңбамыз, Ыдысты саздан жасаған

Оқылмаймыз, жазыламыз, Ықылас-біздің жас маман.

Біраз сөзден табыламыз Ілтипат, ізет , ізгілік,

Іждағат тұтып біз жүрдік.

Ч-Э, Ю-Я


Чех жігіті қаладан Ғарышкер Юрий есімін

Чемпионды көріпті. Білмегенге не дерсің?

Электр шамды білесің, Мен «Я» соңғы әріп,

Экраннан кино көресің. Менен әрі көр барып.

Керемет! Ағашымыз бірнеше жеміс берді. Әріптер, сіздерге көп рахмет.

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.

Ханзада мен ханшайым: Әріптер, көп-көп рахмет.Бізге үлкен көмек бердіңдер. Әліппе, сенің әріптерін енді «Әліпби» елінің тұрғындары болсын. Алма ағашын да бірге қарап, жемісін бірге жемейміз бе?!

«Әліппе» әні орындалады

1-оқушы:

Әліппем,менің әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы: 3-оқушы:

Әліппені бітірдім, Енді біз жаза аламыз,

Жаза аламын атымды. Әріпті қосып әріпке,

Әліппені бітіріп, Риза боп саған жүреміз,

Бала болдым ақылды. Сүйікті біздің Әліппе.

4-оқушы: 5-оқушы:

Қош бол,құтты Әліппем! Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Тіл тұсауын кестің сен. Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Аяулы апам болып сен, Ризамыз бәрімізді таныстырған

Айыбымды кештің сен. Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

6- оқушы: 7-оқушы:

Таныстырған 42 әріппен Әліппе-білім анасы

Қош бол, менің сүйікті әліппем Әліппе-кітап данасы

Сенің арқаң оқи жаза білгенім Әліппе бетін ашпаған,

Сауатты адам қатарына кіргенім. Адамның бар ма баласы?!

8- оқушы: 9-оқушы:

Әліппе деген алтын жол Бар кітапқа бас болған

Апарады сені алысқа. Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған, Әліппеден басталған,

Тырысып бақ намысқа. Даналықтың данасы.

10-оқушы: 11-оқушы:

Таныстырып әріптермен, Білімге жолды бастаған,

Білімге жол салып берген. Әліппем саған мың алғыс.

Кем көрмеймін анамнан мен, Оқы деп ұран тастаған,

Айналайын Әліппемнен Әліппе саған мың алғыс.

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Әліппе: Меңгердіңдер мені де,

Болмадыңдар босқа тер.

«Ана тілі» әпкем бар

Сендерді әркез жетелер.

Ана тілі: Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аласың.

Ана тілің ардақты

Ақ сүтіңдей ананың.

Қадірменді әріптерім, мен сендерді жетелер серіктерің боламын.Есімім-Ана тілі. Әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысамыз. Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?

Хормен: Иә

«Әліппе» әні орындалады

12-оқушы:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең қеледі,

Бар асылын бізге жиып,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

13-оқушы:

А-ны айтқанда даусымыз дірілдеді.

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын білем

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

14-оқушы:

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

15-оқушы:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық,тойладық.

Ән: Біз балдырған баламыз


  1. Рақмет саған , Әліппе! Әнін орындайтын Жансая

  2. Аяулы әнім-мектебім Әнін орындайтын Айбота, Мадина

  3. Балапан Әнін орындайтын Динара, Ирада

Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.

  1. Қыздар биі

  2. Мектебім Әнін орындайтын Мейіржан, Ерасыл

  3. Ақ мамам Әнін орындайтын Жансая

  4. Ұлдар биі

  5. Балдырған Әнін орындайтын Мерей, Жарқынай

  6. Қошақаным Әнін орындайтын Жайық, Ерасыл

  7. Мен ауылға барамын Әнін орындайтын Ясин, Нұржан

  8. Айгөлек биі

  9. Көңілді күн Әнін орындайтын Жансая

  10. Батырлар биі

  11. Бала тілегі Әнін орындайтын Айбота

  12. Қыздар биі

  13. Тілашар әні

Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

Қымбатты шәкірттерім сендердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын -дей отыра,бірінші құттықтау сөзін мектебіміздің директоры А.Қ Көбегеноваға береміз.


Хормен: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге ата-аналар.


Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)

Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата - аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!



© 2010-2022