«Оюлар» таңдау курсы бойынша сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оюлар»таңдау курсы бойынша сабақ жоспары.

Тақырыбы: Өрнектерді құрудың композициялық негізі

Мақсаты:Өрнектердің композициялық құрылымы туралы түсінік беру,өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыруды,жүйелеуді үйрету, эстетикалық талғамын дамыту.

Көрнекілігі: суреттер, бояулар, парақтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткенді қайталау

-Оюлар түрлерін ата.

3.Жаңа тақырып бойынша жұмыс

Жаңа сабақты түсіндіру

Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.

Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық.

Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.

«Оюлар»таңдау курсы бойынша сабақ жоспары.

Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз- шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер.

«Оюлар»таңдау курсы бойынша сабақ жоспары.

Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек.

Симметрия дегеніміз- ою өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны- ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады.

«Оюлар»таңдау курсы бойынша сабақ жоспары.«Оюлар»таңдау курсы бойынша сабақ жоспары.

Мысалы:

көк түс - аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді,

қызыл түс - оттың, күннің белгісі,

қара түс - жердің түсі, берекенің белгісі,

сары түс - ақыл, парасат, байлықтың белгісі,

ақ түс - қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі,

жасыл түс - жастықтың, көктемнің белгісін білдіреді.

Сонымен қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орна мент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Ою дегеніміз - бұй ымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы алғанда ою - өрнек деге німіз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.

Шеберлер бұйымға салатын ою - өрнектерді жүйелеп, бояуларын да үйлестіре біледі.

4.Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

1).Шеңбер ішіне, түрлі бұрыштар ішіне ою-өрнектерді орналастыру. Симметрия сақтау арқылы композиция құру.

2). Дайын жұмыстардан көрме жасау.Жұмыстарды талдау.

5.Сабақты қорытындылау

6.Үйге тапсырма беру.

Қорапшаларды ою-өрнектермен әшекейлеу.

№3 Қарабалық орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жумабаева Ж.К

© 2010-2022