Математика пәні бойынша математика өмірінде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 8 негізгі мектеп












Математика пәні бойынша математика өмірінде


Тақырыбы:

Математика пәні бойынша математика өмірінде


Өткізген: Баймолдина Ж.Е



Арқалық қаласы

Тақырыбы: Математика өмірде

Мақсаты: Математика өмірінде болып жатқан жайттармен таныса отырып ,

тақпақтар айту,орындалу шеберліктерін арттыру

Өтілу барысы:

1.Бастаушы сөзі

2.Монтаж «Математика өмірде»

3.Есептер шығару

4.Фокус «Лезде қосу», «Белгісіз сандардың қосындысын табу»

Кіріспе сөз:

-Сәлеметсіздер ме оқушылар, Ұстаздар! «Қызықты математика» атты тақырыпта бастауыш сынып апталығының жабылуын ашық деп жариялаймыз. Мұнда сіздер математикалық монтаж, қызықты есептердің, фокустардың куәсі бола аласыздар. Сіздер тек қана тыңдаушы емес сонымен қатар белсенді қатысушылар болсаңыздар, біз де оған еселеп қуанамыз

Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып көңілді көтерер.

Бір есеп жүрсе егер басыңда,

Оны да шешіп бір кетелік.

Бұл жерден естірміз талайды,

Есеппен сап басып не шуды.

Сол есеп әрқашан қалайды,

Өз мәнін дұрыстап шешуді.

Есептің қызығын көретін,

Боламыз десеңдер білімгер.

Ең дұрыс шешімді беретін,

Жауапты дәл таба біліңдер.

Математика пәні бойынша математика өмірінде

І-бастаушы: қазір сіздер «Математика өмірде» атты математикалық тақпақтар тыңдайсыздар.

Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

Болмашы ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам.

Сенің бір айналаң, өмірің,

Есептің заңымен бағынған.

Зауыттар салынып нулардан,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз.

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Ғарыштық сапарды мықтасын.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ.


Математика пәні бойынша математика өмірінде

2-бастаушы: Енді есептер шешелік.

-1 кг түбіт ауыр ма, 1 кг қорғасын ауыр ма?

(Жауабы: салмағы жағынан екеуі да бірдей, ал алып тұрған көлемдері әр түрлі)

1-бастаушы: 26- ны 6- екі арқылы жазу керек.

(Жауабы: 26=2•22:2+2•2)

2-бастаушы: Қағаздағы жазылған төрт нүктені көрсетіп: Қаламның ұшын дәптерден көтермей төрт нүктені үш кесіндімен қос

(Жауабы: нүктелердің арасын екі бағытта қосуға болады)

1-бастаушы: Енді математикалық тақпақтарға кезек берелік 3-інші сынып оқушылары орындайды.

Математика пәні бойынша математика өмірінде

Сонау- сонау алысқа жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.

Жасау үшін бәрін де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

Жүзген кеме неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда неге төмен шөкпейді

Оны сақтап қалатын

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

Болам десең не теңізші, ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

Математика пәні бойынша математика өмірінде

ІҮ. Математикалық фокустар мен ойындар.

1. Ойлаған санды табу.

- Екі таңбалы сан ойла;

- оны екіге көбейт;

-көбейтіндіге 4 санын қос;

- қосындыны 4ке көбейт;

- көбейтіндіден 16ны шегер;

- шыққан нәтижені ойлаған саныңа бөл.

Жүргізуші ойынға қатысушылардың бәрініңде нәтижесі 8-ге тең болатынын айтады.

2. Жүзді кім бірінші айтады.

Екі оқушы 10 санынан кіші сандарды кезектесіп айтып қосып отырады. Кім бірінші 100ге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Мысалы: біріншісі 7 десе, екіншісі 9 дейді. Қосындысы 16ға тең. Қайтадан біріншісі 5 дейді қосынды 21ге тең, екіншісі 8 десе қосынды 29ға тең болады. Ойынды осылай жалғастырып кім бірінші жүзге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.

1. Магиялық шаршы құрастыру.

Магиялық шаршы туралы алғашқы мәліметтер біздің заманымызға дейінгі әдебиеттерде кездеседі. Ертедегі магиялық шаршылардың түрлері қазіргі кезде мынадай түрде беріледі.

4

9

2

3

5

7

8

1

6

Магиялық шаршының негізгі қасиеті әр бағандағы, әрбір жолдағы және диагональдар бойымен орналасқан сандардың қосындысы бірдей болуы керек. Берілген магиялық шаршыда 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарының қосындысы баған, жол және диагональдар бойымен 15ке тең.

Тапсырма: 2,4,6,8,10,12,14,16,18 сандарын пайдаланып, барлық бағыттағы қосындылардың мәні 30ға тең болатындай етіп магиялық шаршы құрастыру. Жауабы:

8

18

4

6

10

14

16

2

12

Математика пәні бойынша математика өмірінде

VI. Математикалық фокус.

1. Ойлаған санды табу

- екі таңбалы сан ойла;

- оны 5ке арттыр;

- қосындыны 3 есе арттыр;

- нәтижеден 15ті шегер;

- жауабын айтыңыз.

Жауабы: Шыққан нәтижені 3ке бөлеміз.

2. Туған күнді табу.

- туған жылыңның соңғы екі цифрын 20000ға көбейт;

- туған айыңды 200ге көбейт;

- туған күніңді 2ге көбейт;

- көбетінділердің нәтижелерін қосып, шыққан нәтижені айт.

Жауабы: шыққан нәтижені 2ге бөл. Алған жауабыңның алдыңғы 2 цифры туған жылдың соңғы 2 цифрын береді, ортасындағы 2 цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді.

Математика пәні бойынша математика өмірінде

Қорытынды: Бастауыш сынып апталығының қорытындысы: Қорыта келе «Білім көзі- бастауышта» атты бастауыш сыныптар апталығында іс- шараларға, сабақтарға белсене ат салысқан оқушыларды мақтау қағаздармен марапатталды.


© 2010-2022