Телу. Сөйлем. Ана тілі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Телу. Сөйлем. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту. Олардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы логикалық ойлауы мен сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; оқушыларды аңғарымпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: І. Бағдарлау-мотивациялық кезең. ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең. 146-жаттығу: Әңгімені мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы. Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар: Қанаттың көкесі не істеді? Телу деген не? Әңгімеден сұраулы сөйлемдерді тап. Алманың қандай түрлерін білесің? Сөздік жұмысы. 147, 148-жаттығулар.

Үш дос Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа: Телу.Сөйлем. Ана тілі 1-сынып - Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап: - Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады. Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа: - Кел! Ойынға сен де аралас, - деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті. - Самат мені ойынға қоса ма? - деп қипақтады.

  • Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып: - Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


© 2010-2022