3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
4-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: тыныс алу мүшелері, олардың қызметі, тыныс алудың ағза үшін маңызы туралы түсінік алады. Дамытушылық: тыныс алу мүшелері жайлы алған мағлұматтарын кеңейтеді, дамытады. Тәрбиелік: дене мүшелері туралы жітік біліп, тыныс алу гигиенася ережелерімен танысады, оларды үнемі пайдалану қажеттігін түсінеді, ережелерді орындау тәсілдеріне жаттығады, денсаулықтарын сақтауға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. Көрнекілігі: Топтардың аты, сұрақ парақтары, слайд суреттер, А-3 қағаздары, маркерлер.
Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту. Сабақ барысында тыныс алу мүшелерімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім: I-топ - Тыныс алу. II-топ - Зәр шығару. III-топ - Ас қорыту. IV-топ - Қан айналым. V-топ - Жүйке жүйесі. VI-топ - Мұрын ағу.
«Топтастыру» стратегиясы
  • Балалар, «Тыныс алу» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Тыныс алу










Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.
Тыныс алу: 1) Ауа жұтады. 2) Тыныс алады. 3) Тыныс шығарады. Осы жерде балалар дене мүшелерінің топтарын атап, аттарын жазады.
II. Мағынаны тану. Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. I-топ - Кеңірдек. II-топ - Көмекей. III-топ - Мұрын қуысы. IV-топ - Өкпе. Тыныс алу жолдарын ескере отырып: «Кеңірдек», «Көмекей», «Мұрын қуысы», «Өкпе» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері», яғни тыныс алу жолдары туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.
I - топ. Адам ұдайы ауамен демалады. Адам ішіне тартқан ауада оттегі көп болады. Оттегі қанға сіңеді де, бүкіл денеге тарайды. Адамның ішінен шығатын ауада қөмірқышқыл газы болады. Бұл газ организмде пайда болады да, қанмен бірге өкпеге барады. Тыныспен бірге ол сыртқа шығады. Тыныс алған кезде өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп, тыныс шығарған кезде көмірқышқыл газынан босатады. Өкпе - көкірек қуысында орналасқан. Ол екі бөліктен оң жақ өкпе мен сол жақ өкпеден тұрады. Ауа өкпеге барар жолында мұрын қуысынан, көмекейден, кеңірдектен және кеңірдек тарамдарынан өтеді.

Эксперт парағы: 1. Адам несіз өмір сүре алмайды? 2. Адам тыныс алған кезде және тыныс шығарған кезде ағзада қандай өзгерістер болады? 3. Өкпе қай жерде орналасқан және адамда қанша өкпе болады? 4. Ауа өкпеге бару үшін қандай жолдардан өтеді?
II - топ. Тыныс алғанда өкпе кеңейеді. Өкпе көптеген көпіршіктерден тұрады. Олар ауадан оттегіні тартып алады. Тыныс шығарған кезде өкпе жиырылады да, көмірқышқыл газымен су буынан тұратын пайдаланылған ауаны итеріп шығарады. Ол ауа кеңірдек тарамдарын, кеңірдекті, көмекейді және мұрын қуысын бойлап сыртқа шығады.

Эксперт парағы: 1. Өкпе неден тұрады? 2. Өкпенің қызметі қандай? 3. Олар ауадан нені тартып алады? 4. Өкпедегі ауа қалай сыртқа шығады?
III - топ. Тыныс алғанда ауа мұрын қуысында жылынады, шаң - тозаңнан және микробтардан тазарады. Мұрыннан сұйық зат - шырыш бөлінеді. Шырыш зиянды микробтарды ұстап қалады да, бірте - бірте мұрыннан ағып шығады. Денің сау кезде ол өте аз шығады. Егер суық тисе, шырыш бірнеше есе көбейеді. Ол - мұрын ағу. Сондықтан әрқашан жаныңда қолорамалың болсын.

Эксперт парағы: 1. Мұрын қуысында ауа не істейді? 2. Мұрыннан не шығады? 3. Денің сау кезде мұрында қанша шырыш болады? 4. Мұрын ағу деген не?
IV - топ. Есік пен терезені жабық, көп адам жиналған бөлменің ауасы тарылып кетеді. Яғни, ауа ластанады. Ауада оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейеді. Ондайда желдеткіш қосып немесе терезені ашып, бөлменің ауасын тазартады. Тыныс алу мүшелерін күту керек. Өз бөлмеңнің ауасын жаңартып, тазартып отыр. Таза ауада қыдыр. Қатты аязда тек қана мұрныңмен тыныс ал. Суық су ішпе. Балмұздақты асықпай абайлап, аздап же. Тұмау тиген немесе тамағы ауыратын адамдардан алыс жүр.

Эксперт парағы: 1. Көп адам жиналған жерде ауа қандай болады? 2. Бөлменің ауасын не үшін тазартады? 3. Тыныс алу мүшелерін қалай күту керек? 4. Тұмаудан қалай сақтану керек? III. Ой қозғау Яғни, «Тыныс алу мүшелері қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.
Бағалау.
Үйге тапсырма: I-топ - Кеңірдек туралы бес жолды өлең жазып келеді. II-топ - Көмекей туралы бес жолды өлең жазып келеді. III-топ - Мұрын қуысы туралы бес жолды өлең жазып келеді. IV-топ - Өкпе туралы бес жолды өлең жазып келеді. V-топ - Жүйке жүйесі туралы ЭССЕ жазып келеді.

VI-топ - Тыныс алу мүшелері туралы ЭССЕ жазып келеді.

© 2010-2022