Қазақ халқының салт-дәстүрі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тәрбие сағатының тақырыбы: « Қазақ халқының салт -дәстүрлеріне саяхат » Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету. Салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, бағалау парағы, фломастер,маркер,түсті қағаздар, презентация Барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеленушілердің назарын тәрбие сағатына аудару. І жүргізуші: Алашты алаш десе, аттанамын. Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем- қазақ, шешем- қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

2 «Миға шабуыл» Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру. (Ақын, жазушылар,төрт түлік мал, ұлттық тағамдар, ұлттық сусындар, ұлттық киімдер, шашу, құдалық ......) Өзіміздің қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар. Халқымыздың салт- дәстүрлері қай халыққа болса да үлгі боларлық. Қорытынды: «Қазақ халқы- қонақжай халық»

Ауылдың алты ауызы. Әнге кезек береміз. ІІ жүргізуші: Ау, халайық, халайық Тыныштала қалайық



3. Өз ойларын ортаға салу. «Жобаны қорғау» Абай атамыз: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең.» сендер Абай атамыздың осы ойымен келісесіңдер ме?



4 Сұрақтар қоржыны. Қоржыннан сұрақтарды алып, қағазға жазу. Жауаптың дұрыстығы, сауаттылығы ескеріледі. * Бала дүние есігін ашқанда алғаш жасалатын той ( шілдехана) * Жақсылық хабарды жеткізу қалай аталады? ( сүйінші) * Баланың денсаулығы мен тазалығын сақтау мақсатында жасалатын той. (Бесікке салу) *Ата- аналардың келісімшарты қалай аталады? (құдалық) * Жас келінді елге таныстыруда жасалатын дәстүр? (бет ашар) Қорытынды: «Халқымды білгің келсе, салтымнан таны» Ән. « Құдалар » Осы әнді естігенде көз алдарыңа не елестеді? Өз ойларын ортаға салу. Құдалық, құйрық бауыр, дорб, қонақтар. Қазақ халқы сөз құдіретіне аса мән береді.Сөз өнері қалай аталады? ( Айтыс) Айтыскер ақындарға қандай талаптар қойылады?
  • Шешендік, ұтқырлық, шапшаңдық, ой өресінің биіктігі,
«Айтыс» Ортаға айтыскерлерімізді шақырамыз.( құдалардың айтысы ) 6 Ақ бата. Кім көп бата біледі? 7 Не білдім? Не үйрендім? Презентацияның көмегімен білімдерін бекіту. 8 Қорытынды: Дорба ашу. (көріңіс) Бай мен бай құда болса, арасында жорға жүреді. Бай мен кедей құда болса, зорға жүреді. Кедей мен кедей болса, арасында дорба жүреді. 9 Бағалау парағымен жұмыс. (Ұпай сандарын санау, сыйлықтарды беру) 10 Үйге тапсырма: « Қазақ халқының салт -дәстүрлері » эссе жазу.









© 2010-2022