Р дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары:

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Р дыбысы және әрпімен таныстыру. Р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Р дыбысынң баспа таңбасын жазуды үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігін байқауға үйрету.

Дамытылушылық: Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп, сөздік қорын дамыту. Жаңылтпаш, жұмбақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын

Жаңа сөздер: радио, раушан, қар, т.б

Қолданатын көрнекіліктер: ойыншықтар, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, үлестірмелі суреттер, түрлі-түсті борлар, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу





Б.Тәжімбетовтің

«Р»-ға тілің келе ме?

Қырларда құр - деші,

Жайылып жүр, - деші.

Біреуі қарауыл,

Қарайлап тұр, - деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р -, деші,-деген өоеңді ққып беремін.

-Балалар енді соңғы жолын қайталайықшы.

-Бүгін Р дыбысымен танысамыз. Р-дауыссыз дыбыс.

«Әліппе-дәптермен» жұмыс. Дәптердегі Р әрпіне байланысты берілген суреттердің атын атау. Р дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын айтамыз. Дыбыстық талдау жасаймыз.

«Әріп-дыбыстан» сиқырлы әріптер дәптері бойынша жұмыс.

Тақтаға Рр әрпін жазу.

-Дәптерімізді ашып Р әрпін жазамыз.

«Дидактикалық материалдар» оқу құралының 11-бетіндегі ойын, тапсырмаларды орындау арқылы буындардан сөз құрайды, сурет бойынша әңгіме құрастырады

Сергіту жаттығуы.

Аппақ қылып өңірді

Қар жауды»

Қар жауды!

Көңілді балалар

Қызығып секірді, секірді.

Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос»

Жұмбақ жасыру

«Қарда» бар,

«Мұзда» жоқ.

«Жарда» бар,

«Құзда» жоқ.

Сабақты қорыту

Р-Р-Р

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

Сұрақ-жауап.

Балалар Р қандай дыбыс?

Р дыбысы сөздің барлық жерлерінде кездеседі ме?

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді. Ш-дауыссыз дыбыс

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар «Р» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың Р дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Р дыбысыңың дауыссыз дыбыс екенін, Р дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.











© 2010-2022