Ашық сабақ: «Ұлттық дәстүрге баулу»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


РАшық сабақ: «Ұлттық дәстүрге баулу»үстемова А.Т.

бастауыш сынып мұғалімі

СҚО Аққайың ауданы

Қ. Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі

Тақырып: «Ұлттық дәстүрге баулу»

"Халқым қандай десең,

Салтымнан сынап біл!"

Мақсаты:

Сайыс кезеңдері арқылы қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар, ұлттық сән үлгілері және ұлттық ойындар туралы білімдерін тексеріп, бағалау. Оқушыларды сөйлей білуге, шешендік сөздерге үйрету. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, талдау. Оны қаншалықты деңгейде білетіндіктерін тексеру.

Сайыс барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

(Өткізілетін орынды алдын-ала безендіру. Топ мүшелеріне, қазыларға орын даярлау).

Әдістері: Пәнге қызығушылығын туғызу және өздігінен даму, дамыта оқыту, этнопедагогика технологиялары.

Көрнекілігі: Үнтаспа, домбыра, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар ,көрмесі, т.б.

Жүргізушілер: Бастауыш және мұғалім

Бастаушының сөзі:

Асыл - тастан, өнер - жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Шағын топтың атынан

Қабылдаңыз шын жүректен

Сәлем сізге жалынды! - (басын иеді).

"Қазақ" - деген халықтың тарихы мен шежіресін жатқа білетін топ мүшелері атынан сіздерге тағы да иіліп сәлем береміз.

І Бастаушы:

Армысыздар ата-әже қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар.

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап ақыл берген кеңестерің.

Армысың құрбы-құрдас, достарым,

Өзіммен бірге жүрген құрдастарым

Осындай көңілді топ сайысында

Өзімше осылай бір топ бастадым,-

(деп иіледі).

Мұғалім: Балалар! Бүгінгі көңілді тапқырлар сайысының

Ұраны: "Халқым қандай десең,

Салтымнан сынап біл!"

Әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктері болады. Біз басты ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Көш бастау қиын емес,

Қонатын жерге су болса,

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерде жасау болса.

Шаршы топта сөз бастау қиын емес,

Аталы сөздің ұғатын көпшілік болса -

дегендей, сөз бастап сіздерге сәлемдесіп жатқан менің көмекшілерім (екі бастаушыны таныстырамын):

(Хормен домбыраның сүйемелдеуімен "Тамаша-думан" әні орындалады).

(Ән біткен соң қазылар мүшелері таныстырылады).

І Бастаушы:

  • Сайыстың шарты бойынша алғашқы кезеңі - "Танысу". Қазір біз ортаға

сайыс топтарын шақырамыз. (1-топ ортаға шығады).

1-оқушы:

- Сіздерге Қожанасыр тобынан жалынды сәлем! Қожанасыр - қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері. Ол - шешен, айлакер, қу адам. Бірақ кейде ашық ауыз, аңқау да болады.

2-оқушы:

-Қожанасыр қорлық көргеннің жоқтаушысы,әділдіктің төрешісі. Сондықтан

оны осы қасиеті үшін,халық жақсы көреді.Міне, Қожанасырдың өзі де келіп

қалды.

3-оқушы:

-Қожеке, сәлеметсіз бе? Өзініз көңілсізсіз ғой. Ренжіп тұрсыз ба?

Қожанасыр:

-Иә,қарағым, жаңа осы сайысқа келе жатып,есегімді суық сумен суарып,қиың жағдайға ұшырадым.Есегім қаза тапты.(мұңайып,тізерлеп отырады).

(Сайыс мүшелері оны қоршап алып,бастарын шайқап,мұңайып мына өлеңді айтады).

Топ мүшелері хормен:

Есегім менің есегім-ай

Неден де болды кеселің-ай

Таңертең тұрып,суық су ішіп,

Содан да болды кеселің-ай.

Есегім менің жар басында

Отыз бір қарға дәл қасында

Мерт болып қалған есегімнің

Ер-тоқым қалды-ау жамбасымда.

(Осылай өз топтарын таныстырады, ду қол шапалақтау).

ІІ Бастаушы:

-Сіздердің орталарыңызға Алдар Көсе тобы шақырылады.

(Алдынан қолында қамшысы бар бай шығады).

-Мен Алдармын,Алдармын

Бәрін бірдей алдармын

Сөнбесеңдер көріңдер

Байды да мен алдаймын.

(Алдынан қолында қамшысы бар бай шығады).

Бай: -Тоқта,сен шыңында да Алдарсың ба?

Көсе:-Иә, байеке, мен Алдармын.Не айтайын деп едіңіз?

-Ендеше мені алдашы.

-Жоқ, мен қазір алдай алмаймын.Алдайтын таяғым үйде қалып қойды.

-Онда менің атыма мініп алып кел.

-Күн суық,тонамын.

-Менің шапаным, менің бөркімді ки.

-Қамшысыз атын жүрмейді гой.

-Мә, онда қамшымды да ал, тек тез кел, - деп бәрін береді.

(Алдар киініп алып, айналып жүріп):

-Байеке, алдаған осылай болады. Мен сізді алдадым. Сау болыңыз! -деп шауып кетеді.

-Тоқта, тоқта, - деп бай да жүгіре жөнеледі. (Ән әуенімен бүкіл топ мүшелері шығып, бастарын иеді).

Мұғалім:

- Мінеки, балалар! Сендер топ мүшелерімен таныстыңдар. Енді сайыстың екінші кезеңіне көшейік. Мына суреттерге қарайық. Кімдер?

- Бұлар қазақ халқының ұлы ғұламалары мен ойшыл адамдары.

- Ендеше екінші кезең "Білім сайысы "-деп аталады.

  1. Сұрақ:Қазақ халқының ұлы ғұламалары туралы не білесіңдер? (Екі топ кезектесіп, ғұламалар өміріне шолу жасайды. Әділқазылар бағалап отырады).

2)Сұрақ: Шежіре туралы не білесіңдер? Жүзге бөліну туралы не айтасыңдар? (Екі топ өзіне тиісті карточка бойынша сұрақтарды алып, жауап қайтарады. Әділқазылар бағалап отырады ).

І. Жауап: Шежіре дегеніміз - бір атадан тараған ұрпақты таратып айту.

Мысалы: Ата (әке) - бала - немере - шөбере - шөпшек - немеде - туажат.

Қазақ халқы өз баласына 7 атасын білу керектігін кішкентай кезінен түсіндіреді.

ІІ. Жауап: Қазақ халқы өзінің руына, қай жерде қоныстауына байланысты үш жүзге бөлінген. Олар:

Ұлы жүз - Төле би

Орта жүз - Қазыбек би

Кіші жүз - Әйтеке би басқарған.

ІІ Сұрақ: 7-саны сөйлейді. Қазақ халқында 7 саны ерекше сан болып есептеледі. Ол туралы біз талдап өткен болатынбыз. Қане кім айтады? Мақал-мәтелдер сөз тіркестері, т.б. (Екі топ кезектесіп айта бастайды. Айта алмаған топ жеңіледі).

- Аптада 7 күн бар.

- Нәрестенің шілдеханасын жетінші күні жасайды.

- Қайтыс болған кісінің жетісін береді.

- Жеті қабат жер.

- Жұт жеті ағайынды.

- Жеті қазына.

- Жеті жарғы.

- Жеті ата, жеті шілпек, т.б. (Әділ қазылар өз бағасын қояды).

Мұғалім:

Сайыстың үшінші кезеңіне көшеміз. Ол "Ұлттық киімдер" деп аталады. Әр халықтың ұлттық киімдері болады. Қазақ халқының сән үлгілері де ерекше.

Оның мына буклеттен қарайық. (Топ мүшелері сән үлгілерін көрсетеді). (Әділқазылар бағасын қояды).

Мұғалім:

Сайыстың төртінші кезеңі - "Шешендік сөздер".

- Қазақ халқы қашанда шешендікті құрмет тұтқан, "Сөз тапқанға қолқа жоқ" деп орынды айылған сөзге тоқтаған, бәтуаға келген. "Өнер алды қызыл тіл" деп қадірлеген, өнегелі сөздерді жаттаған. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", деп өзіне ажал төніп тұрғанда да, қас жауына айтатынын қаймықпай, қорықпай айта білген. Қазақ халқының түсінігінде шешеннің сөзі қынаптап суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат көңілге медет болатындай терең мағыналы әрі көркем болуға тиіс.

"Жүзден біреуі шешен,

Мыңнан біреуі көсем" дегенмен, шешендікте үлкен талғам болатыны аңғарылды. Ендеше сұрақ:

Қазақ халқының атақты шешендерін атай аласыңдар ма? (екі топ кезектесіп айтады).(Әділқазылар бағалайды).

Мұғалім:

Қазақ халқының өзіне тән, басқа ұлтта кездеспейтін ұлттық тағамдары болады. Қазір екі топ сол ұлттық тағамдарға жарнама жасайды.

1-топ.(Қош керуені)

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Қазы-қарта, жал-жая артқан көш керуені келеді. (2 рет қайталанады).
Қарсы алыңыздар!

Көргенде арманда,

Көрмеген де арманда

Сатып алып, дәмін татыңыздар.

Келіңіздер, алыңыздар!

(Ұлттық тағамдар керуені өтеді).

2-топ. (Қазақша киінген қыздар билеп, ән айтып, қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты жарнама етіп ұсынады).

Ау халайық, халайық,

Дастарқанды жаяйық!

Тойымызды ашайық,

Бауырсақты шашайық,

Бауырсақ-ай, бауырсақ

Тәтті піскен бауырсақ.

Қазағымның тағамы

Бауырсақ ал, бауырсақ.

(Әділқазылар алқасы әр топқа тиісті бағаларын қояды).

Мұғалім;

- Қазақ халқы әрбір дастарқан соңынан рахмет айтып, тілек білдіреді. Оны "бата" деп атайды.

2-топ өздері дайындаған баталарын айтады.

Мысалы :

Басқа амандық берсін!

Жанға саулық берсін,

Ұлың ұяда болсын,

Қызың қияда болсын,

Дастарқан байлығы болсын!

Әумин!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң, жол болсын.

Ұлыс береке берсін

Пәле-жала жерге енсін!

Әумин! т.б.

(Әділқазылар өз бағасын қояды).

Мұғалім:

Қазақ халқының ұлттық аспаптары жетіген, шаңқобыз, домбыра т.б. туралы кейін тағы толық тоқталамыз. Ал бүгінгі сайысқа қонақ ретінде мектеп домбыра ансамблін шақырған болатынбыз. Олар бізде қонақта, қанеки қол соғып қарсы алайық! Біздің әділқазылар сайыс қорытындысын шығарғанша күй тыңдайық.

(Күй тыңдалады. Әділқазылар қорытындысын айтады).

Мұғалім:

- Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға, қонақтарға, әділқазыларға өте көп рахмет. Осымен сайысымыз аяқталды, - деп сайыс жеңімпаздарын құттықтайды.

Оқушылар өз беттерімен ізденіп, ғұламалар өмірлерін қайталады, шешендік сөздерін жаттап, мағынасын түсінді, мақал-мәтелдерін есте сақтады. Сөйтіп өз беттерімен әрекеттену әдістері арқылы танымдық және шығармашылық икемділіктері дамытылды, сөздік қорлары байыды. Мұғалім мен оқушы бір-бірімен бірлесіп, сайыс мүшелерінің білім деңгейлерінің қаншалықты дәрежеде екендігін көрсете білді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты. Қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарындағы басты ерекшеліктерімен танысты.

Әрине, бұл жұмыстардың барлығында да пән мұғалімі басшылық жасайды.


Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі


Тәрбие сағаты

3-сынып


Тақырыбы:

«Ұлттық дәстүрге баулу»


Рүстемова А.Т.


2014-2015оқу жылы



© 2010-2022