Кластан тыс шара Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зекенова Гульнур Смаиловна

БҚО, Теректі ауданы,Ақжайық ауылы

Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі.

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»


Мақсаты: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І. Ой жүгірту.

ІІ. Көсемдікке ұмтылу.

III. Шешімін тап!

IV. Полиглот.

V. Жалғасын тап

VI. Шығармашылық тапсырма

Мұғалім:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Бағалайды әділқазы сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? - деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Мұғалім: Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр бойында - дей келе, топтарымызды таныстырып өтейік.

І топ «Алғырлар» ІІ топ «Зеректер» ІІІ топ «Тапкырлар»

Мұғалім: Ал, келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»

Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.

1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

4. Заттың атын білдіретін сөз табы?

5. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

6. Қосудың компоненттерін ата.

7. Қосуға кері амалды ата.

8. Бір жылда неше күн бар?

9. Есту мүшесі не?

10. Көру мүшесі.

11. Иіс сезу мүшесі?

12. Дәм сезу мүшесі.

13. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?

14. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңін білесіңдер?

15. «Шәкірт балаларға» өлеңінің авторы.

16. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

17. Сөйлем түрлерін ата.

18. Бір жылда неше ай бар?

19. Ұлыстың ұлы күні.

20. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу»

«Мақал - сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал - мәтел жарыстырады. Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар:

Отан, туған жер, туған ел.

Оқу, білім.

Достық, батырлық.

Мұғалім: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

III кезең «Шешімін тап!»

Мұнда оқушыларға тізбек арқылы берілген өрнектерді шығару ұсынылады. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.

+20 -10 +18 -15 -6 +41 -10

1). 12 --- 32 --- 22 --- 40 --- 25 --- 19 --- 60 --- 50

+14 -7 -13 +16 +18 -30 +12

2). 40 --- 54 --- 47 --- 34 --- 50 --- 68 --- 38 --- 50

+17 -40 +16 -24 +11 -20 +27

3). 63 --- 80 --- 40 --- 56 --- 32 --- 43 --- 23 --- 50

IV кезең «Полиглот»

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады.

Жұмбақтар: 1). Қабат - қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап - книга - book)

2). Падишадай жатысы бар,

Жолбарыспен шатысы бар. (мысық - кошка - cat)

3). Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам - ручка - pencil)

4). Жылт - жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су - вода - water)

Мұғалім: V кезең. Жалғасын тап

1). Еңбектің наны тәтті, ………………………………

2). Тау мен тасты су бұзар, ……………………………….

3). Батыр бір өледі, ………………………………….

4). Бірлік болмай, ……………………

5). Сулы жер құрақсыз болмас, …………………………..

6). Қына тасқа бітеді, ………………………...

7). Әдепті бала - арлы бала, ………………………….

8). Ашу дұшпан, ……………………..

9) Таста тамыр жоқ, .................................

VI кезең. Шығармашылық тапсырма

1.2002 жылғы 30 тамызда астана қаласында қандай ескерткіш салтанатты түрде ашылды?

а) «Астана - Бәйтерек» ә) «Астана» б) «Қазақ елі» в) «Астана жұлдызы»

2. Қазақстан тәуелсіздігінін білдіретін ескерткіш қайсы?

А) «Қазақ елі» ә) «Астана жұлдызы» б) «Астана - Бәйтерек» в) «Астана»

3. Күн сағатын жасауда қандай құбылыс ескеріледі?

А) малдың шөлдеуі ә) көлеңкенің пайда болуы б) құстардың сайрауы

в) жаңбыр жауу

4. Жыландардың сезу мүшесі қайсы?

а) көзі ә) терісі б) тісі в) тілі

5.Жыландар үшін қауіпті жан-жануарлар.

А) арыстан, қасқыр ә)мангуст,кірпі б)бұғы,қой в)аю, тышқан

6. Гүл фестивалі өтетін ел.

а) Эльдорадо ә)Колумбия б)Перу в) Бразилия

7.Ең алғашқы бағдаршам қай қалада орнатылды?

а) Лондон ә) Чикаго б) Ленинград в) Норвеги

8.Күн мен түн қай күні теңеледі?

а) 22-қаңтарда ә)22-желтоқсанда б)22-наурызда в) 22-мамырда

9. Тіршілік аркауы не?

а) киім ә)еңбек б)тамақ в)ой

10. 2011 жылы қай елде ормандардың өртенуі жиі байқалған?

а) Қазақстан ә) Ресей б) Жапония в) Сауд Арабиясы

Мұғалім:

Ашық - жарқын жүзді,

Әділқазы біздің.

Таңдап баға беруге

Шақырайық төрге - деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшінәділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды,қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Мұғалім:

Алдыңызда әлі талай асу бар,

Асулардан қиналмай - ақ асыңдар.

Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,

Болашаққа батыл қадам басыңдар! - дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022