Утренник: НАУРЫЗ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Наурыз тойы - дәстүрлі мереке (Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты) Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі: Чинибекова Г.Қ. Наурыз тойы - дәстүрлі мереке Мақсаты: Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсінуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ұлттық заттар, киім үлгілерімен безендірілген сынып бөлмесі, нақыл сөздер, балалар салған суреттер. Ұйымдастыру: Қонақтарды төрге шығару, ата-аналарды қарсы алу . Барысы: Мұғалім сөзі - Наурыз қазақтың шын мағынасында ұлттық мейрамы , наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді, тіршілік басталады. Ал тіршілік арқауы -тамақ. Міне, соған орай жасалған тамақ «наурыз көже» .Малының қыстан аман шығуы,, өсіп-өніп төлдеуі, барлығын жыл басы - наурызға санаған. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам НАУРЫЗ - жаңа жыл болып саналған. - Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса Сонда ол жыл жол болар. Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат. Ортаға: Қызыр баба: Ау, аман ба жарандар! Алтын таңға қараңдар Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Күннің жаңа нұры бар Мұның ғажап сыры бар Халық сүйген мейрам - бұл! Қарсы алайық тұрыңдар. (барлығы игі ниетпен қол шапалақтап күнді қарсы алады) КҮН: (қыздармен бірге билеп тұрып әнін айтады) Сәлем ата-аналар! Айналайын балалар! Қызыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда Уақыт үдеп келдім мен Бақыт тілеп адамға! (алыстан наурыз келеді деген сөздер естіледі) Наурыз: Сәлем, анам алтын күн! Сәлем, қарты халқымның Уақытыма риза бол, Бақытыма шалқыдым. Ән: «Наурызым» Жиренше: Той әкелген қаламға, Күн мен Наурыз аман ба? Бас иеді бабамыз Бас иемін саған да. (жұртқа қарап) Барша жұртым аман ба? Күн: мың жаса Жиренше! Қожанасыр: Амансың ба, Күн ана, Алаулай бер құлама Қызыр баба, Жиренше Сәлем берем қуана. Әйгілі Қожанасырмын Әділетке бас ұрдым Күн:( Қожанасыр, мың жаса) Алдар: Сәлем ай мен күніміз! Мейман парқын біліңіз Наурызымызды бастаймыз, Қуанышты үніміз. Айналайын ағайын, Амандасып сіздермен Қолдарыңызды алайын.( қос қолдап амандасып шығады) Тазша бала: Күн мен Айға әлемнің Берем ыстық сәлемін! Тазша бала мен болам Елінің қамын ойлаған. Орындалсын ойларың , Құтты болсын тойларың! 1-бала Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы - жыр аңыз Қызып дулы мереке, Қызық думан құрамыз. 2-бала Күн әкелген жыр керім, Күллі дүние жайдары. Желкілдетіп гүлдерін, Жер анамыз жайнады. 3-бала Наурыз шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз. Ән салып жас кәріміз, Би билейміз бәріміз. 4-бала Наурыз келіп жаз кірді, Жас хабаршы әз кірді. Күнге тосып арқасын, Жан біткенге наз кірді. 5-бала Ұлыс күні қар еріп, Сай-салалар гүрілдер. Көк шөп шығып желкілдеп Дүние біткен күлімдер. 6-бала Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай Жамырасып көріскен. Сақтай көр деп терістен, Шалдар бата беріскен. Қарт ата( ата-аналардан) Сұрасаң міне бата, Дарысын Қызыр ата. Қызырың қияласын, Бақ-дәулет ұяласын. Ел қорғаны батыр бол! Ел жырауы ақын бол! Өркенді бол, ойлы бол Өз құрбыңның алды бол! Әженің әуені: ( ата-аналардан) Ау, аталар, аналар Айналайын балалар. Жеп-ішсін деп тамсанып, Жеті түрлі дәм салып. Наурыз көже пісірдім. Бал көжеден татыңдар Бар қызыққа батыңдар. Көжеге жас-кәріңді, Шақырамын бәріңді. Ән: «Дастархан»



© 2010-2022