Ұлттық өнеге от басынан басталады

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ұлттық өнеге от басынан басталады

Мақсаты: Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына сіңдіру, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс.
Бірде мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға әкеледі. Бала жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса сол сабырлы күйін сақтады. «Балапаным, құрма ағашына неге тас лақтырдың?», -деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді», -дегеннен артық сөз айтпады. Мұхаммед(с.а.у.) балаға: «Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма, жарай ма?», -деді. Сосын баланың басынан сипап, оған былай деп дұға жасады: «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!».
Бұл жерде Пайғамбарымыздың ұрыспауының себебі - балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңді білдірулің маңыздылығында.
Тәрбие берудің негізі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Олар тек сүйіспеншілік, махаббатпен ғана өсіп-жетіледі деп айтсам артық болмас.
Ендеше, сүйіспеншілік - бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
Ең алдымен, баланың пікіріне құлақ асу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Ол қандай қателік жасаса да, әуелі тыңдау керек. Мүмкін, ол балалықпен жасаған шығар. Оның ішкі жан дүниесімен сырласпай жатып, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес.. Баланы шектен тыс көп тыя бермеу керек. Ол балаға барлық жағынан үлкен зиянын тигізеді. Кейін баланың ынжық болып өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Ата-ана қашан да баласының тілеуін тілеу керек. Оған әрқашанда сүйеу болып, өз көмегін тигізу қажет.
«Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.» (Абай)

© 2010-2022