Қазақ тілінен тест (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-тоқсан. Қазақ тілі. ТЕСТ. «Атамұра» 2014

  1. Дауысты дыбыстарды тап.

А) ш, с, л, м. Ә) в, г, д , ж. Б) а, ү, ө, ы. В) к, н, с, т.

2. Жуан дауысты дыбыстарды тап.

А) к, г, л, р. Ә) ш, с, л, м. Б) ә, е, і ,ү. В) о, ы, а, ұ.

3. У әрпі қай сөзде дұрыс жазылған.

А) теріу Ә ) теруу Б) теру В) терүу

4. Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсет.

А ) жа-за-йын Ә ) жа-зай-ын Б) жаз-ай-ын В) жаз-айы-ын

5. Зат есімнің сұрағын көрсет.

А) қандай? Ә) не істеді? Б) кім? не? В ) ненің?

6. Түбір сөзді тап.

А ) гүл Ә) күйші Б) күнде В ) балалар

7. Сан есімді тап.

А ) жүрді Ә) кітап Б) елу В) көк

8. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсет.

А ) әнші Ә ) дәптерге Б) оқушылар В )күйшінің

9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.

Мұғалім сабақ-----------------------

А) барды Ә) кетті Б) түсіндірді В) жүрді

10. Жалғаулы сөзді тап.

А ) үйшік Ә) малшы Б) Жарастың В )гул

11. Сын есімді тап.

А) сөйледі Ә) дәптер Б)үлкен В) мың

12. Етістікті тап.

А) тау Ә) жазды Б) жүз В) кең

13. Дауыссыз дыбыстарды тап.

А) д, ш, с, к Ә) а, о, ы, ү Б) ы, ү, е. і В) о, а, ы

14. Сөйлемде неше сөз бар.

Біздің ауылға біраз үй көшіп келді.

А )4 Ә) 6 Б) 5 В)7

15. «Досан» сөзінде неше дыбыс бар?

А) 5 Ә)4 Б)3 В)6

16. «Балаларыңды» сөзінде қанша буын бар?

А) 4 Ә )3 Б)6 В)5

17. Бір буынды сөзді көрсет.

А) оюлы Ә) ұяда Б) спорт В) кеме

18. Сөйлемдегі бастауышты тап.

Самал бүгін үйге кірді.

А) үйге Ә) Самал Б) кірді В) бүгін

19. Сөйлемдегі баяндауышты тап.

Әжем дәмді тамақ пісірді.

А ) әжем Ә ) дәмді Б ) пісірді В) тамақ

20. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап.

А) Марат оқыды Ә) Самат жазды Б) Аян жүрді В) Сая кеше келді

21. Жалаң сөйлемді көрсет.

А )Досжан жазу жазды Ә) ит үрді Б) Самат оқыды

22. Жіңішке дауысты дыбысты тап.

А) в, г, д, ж Ә) о, ы, а, ұ Б) ә, е, і, ү В) с, д, р, л

23. «Береке» сөзінде неше әріп бар.

А) 5 Ә)4 Б)7 В)6

24. Көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады?

Марат --------------- келді.

А) мектептен Ә) көше Б) қала В) ауыл

25. «жақсы» сөзіне қарама-қарсы сөзді тап.

А ) әдемі Ә) жаман Б) жақын В) жарық

Ключ

1.Б 2.В 3.Б 4.Ә 5.Б 6.А 7.Б

7.В 8.В 9.Б 10.А 11.Б 12.Ә 13.А

14.Ә 15.А 16.В 17.Б 18.Ә 19.Б 20.В

21.Б 22.Б 23.В 24.А 25.Ә



© 2010-2022