Кк дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Кк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпіКк дыбысы мен әрпі

Күні: 28.10.2014 жыл

Мектеп: №8

Сыныбы: 1 «Б»

Мұғалім: Бакирова А.Ә

Әдіскер: Жахметова Б.К

Машықкер: Исмағұл А.Б

Тақырыбы:Кк дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:Оқушыларды К дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Ә) дамытушылық:«К» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдықдағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру.

Б) тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді игерту.

Көрнекілігі:Оқулық, суреттер, К әрпінің баспа ,жазба түрі, кеспе әріптер, кеспе буындар суретті плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздерме, балалар! Отырыңыздар!

Сіздерге бүгінгі сабақтан мен беремін, менің аты-жөнім: Исмағұл Ақнұр

Психологиялық дайындық:

1,2,3, бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ойын: «Кім жылдам?»

Берілген сөздерді оқытып,оқыған сөздеріне сөйлем құрату. Дыбыстық талдау жасату.

Қалам, нан, бақа, ата, бала.

IV. Жаңа сабақ

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

Ол не?

(Кітап)

Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

(Күн)

Балалар айтылған жұмбақтың шешуі қандай әріптен басталып тұр?

- К дыбысынан.

- Өте дұрыс. Бүгінгі танысатын , үйренетін жаңа дыбыс К дыбысы мен әрпі.

Оқушыларға кітап сөзін қайталап айтқыза отырып, К дыбысының орнын анықтау.

Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атау.(кесе, шелек, текемет)

- К дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. К дыбысынан басталатын немесе «К» дыбысы кездесетін сөздерді айту: кітап, көбелек, көрпе, киім.

V.Оқулықпен жұмыс

а) Сөздерді буынға бөліп оқу

Ке ме те рек ме ре ке

ке бе же ше лек бе ре ке

Ке се те ке мет

Ә) «Кеме» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Б) Құмырсқа- сөзінен сөздер шығару

Құм, құс, мыс, мысық, қасық, қар, құмыра.

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

VI. Дәптермен жұмыс.

Тақтаға жазу.

Ауада жазу.

Дәптерге жазу

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

отырыңдар сәл тынығып алдық.

Дәптерге жазу. Әріп диктант жаздыру.

(А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д)

Ой толғаныс:

«Құмырсқа» тақырыбына

жылдам

еңбекқор

Құмырсқа

жорғалаушы

ұйымшыл

кішкентай

Қара түсті

шапшаң

VІІ. Қорытындылау.

«Өз үйін табуға көмектес» ойыны
кітап, шелек, күміс, текемет, бәкі
К.....- кітап, күміс
...к.. -бәкі, текемет

.....к- шелек,

- сонымен К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- басында кездесетін сөз айт!
- ортасында кездесетін сөз айт!
- және соңында кездесетін сөз айт!

VІІІ. Үйге тапсырма:

«Кеме» мәтінің оқып келу.

ІХ. Бағалау .Жұлдызша беру .





Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

Қалам



Нан



Бақа



Ата





Бала.

Қалам



Кк дыбысы мен әрпі

Нан





Кк дыбысы мен әрпі

Бала

Кк дыбысы мен әрпі

Кітап

















Кк дыбысы мен әрпі

Күн



Кк дыбысы мен әрпі

Кесе











Кк дыбысы мен әрпі

Шелек

















Кк дыбысы мен әрпі

Текемет













Кк дыбысы мен әрпі

Көбелек

Кк дыбысы мен әрпі

Көрпе



© 2010-2022