Методическая копилка для учителей казахского языка начальных классов Сергіту кезеңі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Академик Т.Б.Даркамбаев атындағы Әйет орта мектебі» ММ

Қазақ тілі ұстазы - Утарбаева Сәуле Зақария қызы

Материалда әр цифрға байланысты сергіту кезеңдері, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, логикалық есептер, ребустар келтірілген. Барлық материал оқушылардың психикалық процестерін дамытуға бағытталған. Кейбір мысалдарда оқушылардың қабылдау процестерін көрсек, кейбірінде ойлаудыңабстракциялық жолдарын, пікірлерін және ой қорытындыларын көруге болады.

Сергіту кезеңі.

Сабақ үстінде өткізілетін сергіту мезгілдері оқушыға қажет. Денсаулық - жақсы еңбек қабілетінің негізі. Еңбекке, яғни сабаққа қабілеттілік дегеніміз - дененің дамып жетілуі. Нерв қызметінің қалыптасуына, ақыл-ойдың, тілдің жетілуінеішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Қызу, тежелу процестерінің күштері жақсы жылжымалы болса, баланың көңіл-күйі көтеріңкі , сабаққа ынталануы жақсы болады. Сондықтан сергіту сәтін балалардың психологиялық жағдайларына байланысты бір-екі рет орындауға болады. 3-4 жаттығу саусақтарға, кеуде, арқа, бұлшық еттерін созып, терең демалатын жаттығулар мен аяққа арналған жаттығулар немесе музыка, тақпақ мазмұнына сай қимылдау, сергітілу тақырыпқа байланысты: 5-бұл 2 және 3 болса, 2 рет солға, 3 рет оңға мойынды бұр.

Суретте неше аю, сонша рет қолды жоғары көтеру. Қандай цифр жоқ, сонша рет қолды ашып-жұм, т. с. с.

Ойларын сергіту үшін ребус, жаңылтпаш, жұмбақ, санамақтар, тақпақтар, логикалық ойындар, т.б. пәнге деген қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз. Мұғалім бұл құралдағы материалдарды өзінің қалауынша пайдалана алады.

Білеміз бе оны біз?

Қәйсы біздің қолымыз?

Білеміз бе оны біз?

Міне - міне қолымыз,

Білеміз ғой оны біз.

Қол соғайық, бір, екі,

Ал санайық: 1, 2.

Қайсысы біздің оң қолымыз?

Қайсысы біздің сол қолымыз?

Білеміз бе оны біз?

Мінеки - оң қолымыз,

Мінеки - сол қолымыз!

Қол соғайық, бір, екі,

Ал санайық: 1, 2.

Жүгіруге талапты,

Бүгілуге талапты,

Көрсетейік аяқты,

Міне, мынау оң аяқ.

Міне, мынау сол аяқ.

Адымдайық, бір, екі,

Жаңылмайық, 1, 2!


Оң қолымда - 5 саусақ,

Сол қолымда - 5 саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 саусақ.

Оң аяғымда - 5 башпай,

Сол аяғымда - 5 башпай.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 башпай.


  1. Біз жүрдіқ, жүрдіқ, саңырауқұлак тердіқ,

Бір саңырауқұлак, 2 саңырауқұлак, 3 саңырауқұлак,

Міне ыдысты толтырдық.


  1. Ерте тұрды Дәмелі,

Шынықтырды денені.

Мектепке ол барады,

Күнде бестік алады.


  1. Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек - мен,

Кішкене бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


  1. Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Сағатқа карап ап,


  1. Бір, екі, үш,

Біз жинаймыз күш,

Келең 4-5 аламыз.


  1. Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа карай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


  1. Доп безек қағады,

Секіріп еденде.

Біресе жоғары,

Біресе төменге.

Секіріп, осылай,

Жаттығу оңай-ақ.

Жаттығу оңай-ақ.

8.Оқимыз, жазамыз, мектепке барамыз.

Оқимыз, жазамыз, күнде бестік аламыз.

9.Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығұлар жасасақ,

Сергіп біз қаламыз!

Орнымыздан Тұрамыз.

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш, төрт (3 рет),

Жоғары қолды созамыз.


ЖҰМБАҚТАР.

Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель "Жұмбақ - жақсы жымдасқан метафора" деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда "фольклорлық жанр", "халықтық поэзияның шағын түрі" деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі "Кодекс Куманикусте" көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің "Түрік тілінің сөздігінде" де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, "Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау" (жұмыртқа), "Отқа жанбас, суға батпас" (мұз). Заттың сапасына ("Бауыздасаң, қан орнына су ағар" - қауын), қызмет-қимылына ("Жанды сағат айқай салад" - есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де ("Ағат деген немене? Сағат деген немене?"), мақал-мәтелдермен де ("Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық") жанасымды.

Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ - таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу - сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы - метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.

Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.

Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.[1]


Шәкірт кездегі, білімнің безбені.

(Баға)

Жалқаумен бір жүретін,

Күнде қармақ ілетін.

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын білетін.

(Екілік)

Жақсыменен тең көрген,

Ата-ана да жөн көрген,

Орындықпен тең көрген.

(Төрттік)

Басында аздың ақылы,

Селқостардың жақыны.

(Бірілік)

Жалғас жатқан қос шенбер,

Бүйірінде қақпасы.

Көрсен де оны дос сендер,

Жақсы жаман ортасы.

(Үштік)

Мектептің алтын орағы,

Зейінділер одағы.

Жақсы көрер бар бала.

Зерекке дос олдағы.

(Бестік)


Аузы бір - қос құбыр.

(шалбар)

Бір түркі кілем, бір түксіз кілем.

(аспан,жер)

Танауында арқаны,

Бір батып, бір шығып,

Алға қарай тартады.

(ине)

Күні бойы сен оны,

Екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен,

Аулақтатып қашасың.

(етіг)

Екі жағым «Н» болса,

Қасиетті тағаммын.

Екі жағым «А» болса,

Ел қадірлер адаммын.

(нан, ана)

Әшейінде біреусің,

Қарай қалсам екеусің.

(айна)

Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе ызың-ызың етеді.

(ара)

Бірінші буыным құс аты,

Ал екіншісі - бояу түсі.



САНАМАҚТАР.

Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Ұлттық ойын»- тәрбиеші деуге де болады. Соның ішіндегі бір бөлігі санамақ.

Санамақтар бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ санамақ.
2. Сан санамақ
3. Ұлттық санамақ
4. Күн санамақ
5. Тағы да басқа
тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақтар. Мысалы солардың бірнешеуін сіздерге көрсетеміз.

Саусақ санау ойыны
(Халық өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!


Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ

1. Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармагым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.

2. Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл


Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.

Тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақ
Бір ауыз сөз,
Екі айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты алаш,
Жеті қабат жер асты,
Сегіз қырлы жігіт,
Тоғыз торау жол,
Он сақа ой.

Жаңа санамақ
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш - тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты - үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз - асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он - сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.


Бір дегенім - бесік,

Шықтық содан есіп.

Екі дегенім - елім,

Дала, тауым, көлім.

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уфқыт.

Алты дегенім - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім - жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім - сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім - тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім - Отан,

Қорға соны, ботам.

Біздің келер шамамыз, 5-тен 3-ті аламыз,

Қолды қосып қимылға, жауабын тез табамыз.


Оң қолымда - 5 саусақ,

Сол қолымда - 5 саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Нешеу болады барлығы?

Оң қолымда - 5 саусақ,

Сол қолымда - 5 саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Нешеуі еді барлығы?

(он)

Апта деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар.

Бірінші - Дүйсенбі.

Екінші - Сейсінбі.

Үшінші - Сәрсенбі.

Төртінші - Бейсенбі.

Бесінші - Жұма.

Алтыншы - Сенбі.

Жетінші - Жексенбі.

Бағалар.

1 - дегенім жаман баға,

Алады оны нашар бала.

2 - дегенім нашар баға,

Інішегім нашарлама.

3 - дегенім орта баға,

Сапасы да орта ғана.

4 - дегенім жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

5 - дегенім үздік баға,

Оқитын бұл үздік ғана.

7 ұлы бар үйдің, сәл демалып, тынып ал.Тақпақ айтын ұғып ал.

Бірім - бір. Екім - екі. Үшім - үш. Төртім - төрт. Бесім - бес. Алтым - алты.

Жетім - жеті. Сегізім - сегіз. Тоғызым - тоғыз. Оным - он. Оны - тамшы.

Ай - күнім.

Бір дегенім - білеу.

Екі дегенім - егеу.

Үш дегенім - үскі.

Төрт дегенім - төсек.

Бес дегенім - бесік.

Алты дегенім - асық.

Жеті дегенім - желке.

Сегіз дегенім - серке.

Тоғыз дегенім - торқа.

Он дегенім - оймақ.

Он бір дегенім - қара жұмбақ.

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз.
Бас бармағым - атам
Балан үйрек - әжем
Ортан терек - әлем
Шылдыр шүмек - анам
Кішкентай бөбек - мен!

Жалғыз саусақ тіпті де, ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті, ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды, жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.

Сандарға байланысты мақал - мәтелдер


1 - санына байланысты:
Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.
Бір жылы сөз бір күнге азық.
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.

Бір женнің қол шығар, бір жағадан бас шығыр.

Он кісі бір жақ, қыныр кісі бір дақ.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің қанат, біреуің құйрық бол.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Ері бар елдің - түбі бар. Елі бар ердің - тілегі бір.

Көп дауыс қосылса, бір дауысты жоқ қылыды.

Аздың атасы бір, көптің батасы бір.

Бірдің кесірі мыңға, мынның кесірі түменге.

Жалғыз иттің үргені білінбес, жалғыз кісісің жүргені білінбес.

Бір басқа - бір көз.

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.


2 - санына байланысты:
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала - екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.

Еріншектің ісі - екі. Еңбек - адамның екінші анасы.

Бір еңбек еткен,екі етеді. Екі еткен, әдет етеді.

Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем түсер.

Екі батыр елде жаты, жеке батыр жерде жатыр.

Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады.

Екі кісі бір кісінің тәңірісі. Екі кісі қағысса, бір кісілік орын бар.

Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.


3 - санына байланысты:
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.

Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді.

Үш баланы өсіргенше, үш шаһар абат болады.

Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар.

Екі баланы бардың өкпе-бауіз, жалы бар.

Үш баласы бардың Бұқарда құты, қорасында қолы бар.

Екі бие - ел басы, үш бие - бұлақ басы, бір бие жоқтың қасы.


4 - санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.

Би екеу болса, дау төртеу. Өтірік екеу, шын төртеу.
Екі аяқты адам түгіл 4аяқты мал ақсайды.


5 - санына байланысты:
Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
Бес саусақ бірдей емес.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

Ер қаруы - бес қару.

Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.

Бес саусақ бірдей емес.


6 - санына байланысты:
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Ағайынды алты болсаң, адам тимес.
Алты аға бірігіп әке болмас.

60 күн атан болғанша, 6 күн бура бол.

6 жасар бала атқа мінсе,60-тағы шал алдынан шығады.

6 ұл туған ананы - Ханым десе болады.

Кезек сыйласқан ағайындар, жаным десе болады.


7 - санына байланысты:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

Алып алтау, жөп жетеу болмас.

7 жұрттың тілің біл.

7 рет өтпеш, бер рет кес.


8 - санына байланысты:
Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.
Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.

Алтаумын деме, жетеуге жолығарсың.

Жетеумін деме, сегізге жолығарсың.


9 - санына байланысты:
Тойған жерге тоғыз кел.
Тоғыз әйелдің толғағи бір келеді.
Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.


10 - санына байланысты:
Он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес.
Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.
Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

12 мүшең сау болса.

Сәулет емей немене.

10 саусағың сау болса.

Дәулет емей немене.


12 - санына байланысты:
Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.
Он екіде бір гүлі ашылмаған.
Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
15 - санына байланысты:
Болар бала бесігінде боспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.
Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,
Он бесте отау иесі
30 - санына байланысты
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың.
40 - санына байланысты:
Жақсы кісі қырық жасында толады,
Жаман кісі қырық жасында солады.
Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.



Шешендік сөздер.

Екі жақсы дос болса, бір-біріне өш болмас,

Бақ қонбайтын жігітке, іздегені дес болмас.

Бұлақсыз сай тасығанмен көл болмас,

Жаманның айтқаны қанша ем болмас.

Сұмырайға қол ұшын беруші екі бірдей қателік жасайды:

Біріншіден, көмектесуге тұрмайтын адамға көмектеседі,

Ал екіншіден, өзін-өзі қауіпке душар қылады.

Атың жүрдек болса,

Жалғанның пырағы.

Алғаның жақсы болса,

Үй мен қонақтың тұрағы.

Әкең - асқар тау,

Шешең - қайнар бұлақ.

Балаң жақсы болса,

Екі көздің шам-шырағы.

6 нәрсе адамның жүзіне өзгеріс енгізеді: бірі - күтпеген қуаныш, екіншісі - жасынан келген қайғы-қасірет, үшіншісі - қатты азап, төртінші - ұйқы, бесіншісі - мастық, алтыншшісі - қарттық.

6 бәледен аулақ бол!

Олар мыналар: Үлкен үйге кіре алмайдым, кіші үйге сыя алмайдам. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік женді.

-Үлкен үйге кіре алмайдым дегеніміз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылды, кіші үйге сыя алмайдым дегеніміз, өзінен жасы кіші адамдарға жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. Әкесін дұрыс баға білмейді. Қара шашаты шешем дегеніміз сол баланың әйелі «Осы шалға не керек екен, берген асты ішіп жата бермей», - дейтін. Ауру мен кәрілік түсінікті ғой.

Жеті жұт

1.Қүрғашылық

2.Малдың жұтауы

3.Өрт

4.Оба (ауру)

5.Соғыз

6.Топан су

7. Зілзала

Жеті жоқ

1.Жерде өлшеуіш жоқ

2.Аспанда тіреуіш жоқ

3.Таста тамыр жоқ

4.Тасбақада талап жоқ

5.Аллада бауыз жоқ

6.Аққуда сүт жоқ

7.жылқыда өт жоқ

Жеті қазына

1.Ер жігіт

2.Сұлу әйел

3.Ақыл-білім

4.Жүйрік ат

5.Қыран бүркіт

6.Берен мылтық

7.Жүйрік тазы (ит)

Жеті ата

1.Ата

2.Әке

3.Бала

4.Немере

5.Шөбере

6.Шөпшек

7.Немене

Жеті әулие

1.Мекен шәріп

2.Медине шәрі

3.Бұхар шәріп

4.Шом шәріп

5.Қатам шәріп

6.Күддж (Мысыр) шәріп

7.Кәлләм шәріп

Жеті ғашық

1.Ләйлі-Мәжнүн

2.Фархад-Шырын

3.Арзу-Қамбар

4.Уәки-Күлшаһ

5.Жүсіп-Зылиха

6.Таһир-Зүһра

7.Уәллік-Гарра

Жеті күн:

1.Бүгін.

2.Ертең.

3.Бүрсы күні.

4.Арғы күні.

5.Ауыркүн.

6.Соңғы күн.

7.Азына

1.Дүйсенбі.

2.Сейсінбі.

3.Сәрсенбі.

4.Бейсенбі.

5.Жұма.

6.Сенбі.

7.Жексенбі.

Жеті жетім

1.Тындамаған сөз жетім.

2.Қиюсыз тозған боз жетім.

3.Иесіз тозған жер жетім.

4.Басшысы жоқ ел жетім.

5.Аққу-қазсыз көл жетім.

6.Жерінен айырылған ер жетім.

7.Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.

1 дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.

2 дегеніміз - ерегесіп өткен ер жаман.

3 дегеніміз - үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

4 дегеніміз - төсектен безген жас жаман.

5 дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.

6 дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.

7 дегеніміз - жас келіншек жас қалса, сол жаман.

8 дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман.

9 дегеніміз - торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.




© 2010-2022