Сабақтың тақырыбы: Кітаптар мұңы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кітаптар мұңы.

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ










Ертеңгілік 1-4 сынып

Өткізген Юсупова Ғ.Т.










2014 - 2015 оқу жылы

Ертеңгіліктің мақсаты: оқушыларды кітапты күтіп ұстауға, кітапты құрметтеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйрету.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы жазылған қанатты сөздер, ескі және жаңа оқулықтардың көрмесі.

Өтетін орны: кітапхана бөлмесі.

Жазылған қанатты сөздер: «Арттық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»№ /Абай/

«Кітап - ғасырларға жол шеккен ақыл ескерткіш» /Давенанд/

«Кітап маған тақтан да қымбат» /У.Шекспир/

Қатысушылар: ана тілі, тарих, математика пәндері

Кітапханашы: Ардақты жас достар! Бүгін біздің кітапханамызда білім бұлағы - кітап мерекесі.

Өмірдегі ең жақсы кеңесшің - кітап.Сондықтан да қолдарыңдағы оқулықтарынды сүйіңдер.

Кітаптың жаны жоқ болғанымен тілі бар.Ол өзін аялауды, күтіп ұстауды қажет етеді.Нашар оқитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тыңдап көрейікші.

Сахнаға сүйретіліп, аяқтарын әрең басып Ана тілі мен Тарих шығады.

Тарих: -Ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?

Ана тілі: Ойбай, мазамды алма.Бүйткен тіршілік құрысын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Тарих: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық.Басыңды көтер. Жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесің, сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін, Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші!Баспа редакторларының еңбегі өз алдына, баспахана қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауспап па еді.Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі.

Қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырыстым.Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мынандай күйге түстім.Егер қүтіп ұстаса, келер жылы мені екінші бала оқымас па еді? Іші-бауырымнан сау жерім қалмады.Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем шығар.

Тарих: Мен тарих оқулығы боламын.Дүкенге түсісімен Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім.Әдепкіде оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма куанышты едім.Оным көпке бармады.Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді ақ қағазға түсіре бастады.Көтеріп жүруге ауырсына ма, кейін өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды.Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да тастап кетті.

Ана тілі: Әріптесім, қанша айтқанмен Ана тілімін ғой, менің айтқаныма қулақ сал.Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғарғы сынып оқушылары да кінәлі-ау!

Тарих: Дұрыс айтасың, Ана тілі.Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демеді ғой.Сондағы сылтауы «оқу жылы аяқталды»,-дейді.

Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой.Ондай балалар да көп.Алайда, олардың бір кемшілігі, Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақыл айта алмай келеді.

/Ақырындап, аяғын санап басып, есеп кітабы келеді/

Есеп кітабы: Екеуіңнің әңгімелерінді сырттарыңнан естіп тұрдым.Мен де сендердің мұндастарың боламын.Ұқыпты оқушы туралы сөз қылдындар. Мен сендерге бір мысал айтайын.Менің өзім сияқты құрдасым болды, екеуіміз дүкенге бір күнде түстік.Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.Ондай баланың қолына бір күн түссең де арманың болмас шіркін. Кітабына шаң жуытпайды.Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді, қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды.Оның кітабы қыстан су жаңа күйінде шықты.

Ана тілі: Енді бізді не істер екен? Әлде жинап-жинап отқа тастар ма екен?

Тарих: Мүмкін, бір кәдеге жаратар.Түптер.

Есеп кітабы: Түптер! Түптесе, сені түптер.Ал түптеуге келмейтін бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге ұялып, бір түкпірде бұқпалап тұрғанымды.

Ана тілі: Пысықтығыңа қарағанда, есеп кітабы боларсың, бізден енді оқулық шықпайды.

Тарих: Әріптесім, отқа тамызық қылады деп ұнжырғаларың түспесін.Мен тарихты білсем,

Бізді жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді.Баспахана қайтадан кітап жасап шығарады.

Есеп кітабы: /қуанып кетіп/ «Олай болса, келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деп тілейік»,-дейді.

Ана тілі: Тілім барда, үнім жоқ,

Мені адам түсінген.

Жүрегім бар, қаным жоқ,

Сөйлей туған ішімнен.

Тарих: Мен де бір сандық өзгеше,

Қолыңа алып жүрерсің.

Мені ашып ақтарсаң,

Өткеніңді білерсің.

Есеп кітабы: Амал, тәсіл әр түрлі,

Қолдан қолға өтеді

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіме сиып кетеді.

Ана тілі: Қойған жерінде жатамыз,

Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатамыз.

Егер күтіп ұстасаң

Үлкен алғыс айтамыз.

Тарих: Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек

Сыр құямыз, нұр құямыз бойыңа.

Таза ұстап, оқы бізді қастерлеп

Бар білімді біз егеміз миыңа!

Кітапханашы: Міне, балалар, таза, күтіп ұстамаған кітаптардың мұңын тыңдадыңдар.

Сендердің алдарында елеулі бір мақсаттарың бар.Ол - оқу,үйрену.Оқу мен жазуға үйрететін ол сендердің - оқулықтарың.

Сол оқулықтарыңды таза, күтіп ұстаңдар.Ол сендерді талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.



© 2010-2022