Еңбекке баулу 2-сынып Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

Мақсаты: Оқушыларды еңбек сабағында ағаш жапырақтарымен жұмыс жасау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын арттыру .

Күтілетін нәтиже: - еңбек қауіпсіздік ережесін сақтайды;

  • топпен және жеке жұмыс жасайды;

  • табиғи материалдармен жұмыс жасайды;

  • сабаққа деген қызығушылығы артады.

Мотивациялық-қозғаушылық «Шаттық» шеңбері
Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін
Арайланып таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң, қайырлы күн

Оқушыларды топқа бөлу

Балалар, бүгін сабағымыз көңілді сәтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең - еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Сұрақ- жауап

  • Еңбек дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтады?

  • Еңбек туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?

«Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау( жапырақ бейнесіне )

( тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады .)

-Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.

Әуенді тындау арқылы жұмысты аяқтау ( жапырақтың суретің салу)

Сұрақ- жауап .Табиғи материалдарға не жатады?

( шөп, жапырақ , бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ , көкөніс және ағаш- барлығы табиғи материалға жатады)

Интербелсенді тақтаға назар аудару ( жапырақтан жасалған бейнелерді тамашалау)

  • Аппликация дегеніміз не? ( қағаз бен матаның бетіне қағаз , мата қиықтарын, табиғи материалдарды бекіту)

2- топқа жұмыс ( жапырақтарды жапсыру арқылы «көжек» бейнесін құрап көрейік) мұғаліммен бірлесіп жасау.

Сергіту сәті

Постер арқылы «Үкінің» бейнесін жасау ( өздігінен жұмыс) топпен

Сұрақ- жауап . Мозаика дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан, мата, қағаз қиындыларынан, шыны сынықтарынан құралатын өрнек немесе сурет.

Арыстанды үйеңкі ағашының тұқымымен құрастыру ( бірлесіп жұмыс жасау)

Қорытындылау: Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады.Сондықтанда, еңбек қылсақ , қара жер де бәрін береді екен.

Бағалау

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазады


Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы

Арықты орта мектебі





Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

( еңбекке баулу)



Еңбекке баулу 2- сынып Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау



Утебекова Гульсим Сериковна



© 2010-2022