Тәрбие сағаты «Наурыз― думан»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

«Наурыз― думан»


Мақсаты: Шығыс күнтізбесі жайлы білімдерін жетілдіру. Міндеті: Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңесетінін түсіндіру. Наурыз мейрамын басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Оқушылардың наурыз мейрамы , ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, өз халқының салтын ұмытпай, жалғастыруға баулу. Достыққа, татулыққа, бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: суреттер.
Мұғалім: ― Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады.Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.
І. Наурызды қарсы алу. «Тәтті нан» ертегісінен көрініс. Әже: Міне қамырымда көтерілді, жұмсақ, дәмді, тәтті нан пісетін болды. Дастарханға қамырды илейін. Арасына картоп, сәбіз салайын. Ару көктем, Наурыз қыз, Қыдыр ата қонаққа келгенде дәм татқызайын. Тәтті нан секіреді. Әже: Ой, мынау не? Мына тәтті нан маған бірдеңе айтқысы келеді. Менің сиқырлы орамалым қайда? Орамалмен жабады да «Чуф-чуф көрінші, чуф-чуф тірілші». Тәтті нан тіріледі. Тәтті нан: Әже сәлем бердік, мен бәрін естідім. Сіз Қыдыр ата, Наурыз қыз, Көктем аруын күтіп отырсыз.Көңілді мереке болатын болды. Жарайды мен ана жолмен қонақтарды қарсы алайын. Мен тәтті нанмын Көңілденіп келемін-деп келе жатқанда алдынан қоян шығады. Қоян: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін. Тәтті нан: Жемеші мен саған өлең айтып беремін: Мен тәтті нанмын Әжемнен қаштым Жолда жүгіріп келемін Қыдыр ата,Наурыз қыз, Көктем аруын күтемін. Қоян: Сен дәмдісің, сонда да жеп қоямын. Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші, қоян неден қорқады? Балалар: Желден қорқады. Тәрбиеші: Қане бәріміз жел болып үрейік. Балалар үреді, қоян қашып кетеді. Тәтті нан домалап кете береді, алдынан қасқыр шығады. Қасқыр: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін. Тәтті нан: Жемеші мен саған өлең айтып беремін: Мен тәтті нанмын Әжемнен қаштым Жолда жүгіріп келемін Қыдыр ата,Наурыз қыз, Көктем аруын күтемін. Қасқыр: Сен дәмдісің, сонда да жеп қоямын. Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші, қасқыр неден қорқады? Балалар: Иттен қорқады. Тәрбиеші: Қане бәріміз итше үрейік АФ-АФ-АФ.Қасқырдан құтылған тәтті нан домалап кете береді, алдынан аю шығады. Аю: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін. Тәтті нан: Жемеші мен саған өлең айтып беремін: Мен тәтті нанмын Әжемнен қаштым Жолда жүгіріп келемін Қыдыр ата,Наурыз қыз, Көктем аруын күтемін. Аю: Мен сені бәрібір жеп қоямын. Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші,аю неден қорқады? Балалар: аю бал жейді, арадан қорқады. Тәрбиеші: Қане бәріміз ара болайық Ж-Ж-Ж. Тәтті нан:Қой мен шаршадым, әрі қарай іздей алмаспын- деп томарға отыра кетеді.Осы кезде түлкі келеді. Түлкі: Мен әдемі түлкішек, ән салуды ұнатқан. Ой, бұл не өзі? Тәтті нан: Не емес кім? Мен тәтті нанмын. Түлкі: Қандай дәмді нан, алақаныма отыршы. Тәтті нан: Бірінші алақаныма отыр, одан мұрыныма отыр, сосын бауырсақ сияқты мені аф-ф деп жеп қойғың келеді ғой. Ал сонда Қыдыр ата,Наурыз қыз, Көктем аруын кім күтеді? Одан да дос болып қонақтарды бірге қарсы алайық.Олар жақындап қалған болар.
Есіктен Көктем аруы, Наурыз қыз, Қыдыр ата кіреді. Көктем аруы: Сәлем, ата-аналар! Айналайын, балалар! Қыдыр ата, аман ба? Құтты болсын мерекең! Наурыз айы туыпты, Әне, Наурыз келеді. Әсемденіп жер енді! Наурыз қыз: Сәлем, анам ― алтын күн! Сәлем, қарты халқымның! Уақытыма риза боп, Бақытыма шалқыдым! Уа, Қыдыр атамыз, Айтылсын бізге батаңыз. Қыдыр ата: Ау, аман ба ,жарандар! Алтын таңға қараңдар! Ерте жайнап атты таң, Естіліп тұр шаттық ән.
Тәрбиеші: Дастархан басына жайғасып «Балдәурен» ауылының дайындаған концертін тамашалаңыздар. 1-оқушы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Ұлыс тойы басталды! Наурыз туын көтеріп, Жар салайық әлемге! 2-оқушы: Көрмегендер көріңдер, Естімегендер естіңдер! Дабылын оның қағайық, Шақырамыз бәріңді, Ұлыстың ұлы күніне! 3-оқушы. Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке. 4-оқушы: Басы барлық ырыстың, Басы барлық ұлы істің. Құтты болсын, Наурыз той ― Ұлы күні ұлыстың! Бірге: Наурыз құтты болсын! Жыл басы ― Ұлыс тойы жасасын! 5-оқушы: Ұлы күнде халайық, Қалай қарап қалайық, Сәйгүліктей ағайық, Жасын болып жанайық. Ортамызға шақырып, Бабамыздың Қыдырдай Ақ батасын алайық! 6-оқушы: Наурыз болып бізге сын, Кержалқаулар торықсын. Талапты мен іскерге Қыдыр келіп жолықсын! Бірге: Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді, Қыдыр ата бізге бата береді! Қыдыр ата: Ал, тыңдаңдар батамды: Ардақтаңдар атаны. Көйлектерің көк болсын, Қарындарың тоқ болсын, Қуаныш-шаттық көп болсын, Қайғы-уайым жоқ болсын! Күлімдесін көкте күн, Шуақ шашсын көктемің. Орындалсын ойларың, Тойға ұлассын тойларың!
7-оқушы: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз, Сұрамаймыз алғыс та , ақы да біз. Үй ― дастархан, думанымыз ― сахнамыз, Ұлы мейрам ― Наурызға шақырамыз! 8-оқушы: Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз. Сүті көп те, Көмірі аз Болады ғой наурыз! 9-оқушы: Жайдарымыз бәріміз, Дастарқанда дәміміз. Көжесі көп, қыры көк, Қандай жақсы наурыз!
Ән: «Ертегілер» орындайтын Ермекова Әмина 10-оқушы: Жаңа жылдай ― халықтық Мерекеміз бар біздің. Кім ұқтырар қанық қып Мән-мазмұнын Наурыздың? 11-оқушы: Есебімен дананың Күн мен түнді теңеген, Наурызымыз ― жаңа күн, Парсы сөзі көнеден. 12-оқушы: Жаңа күн ол ― жыл басы, Жиырма екісі наурыздың. Наурыз айда ― төл басы, Бүршік атар бау біздің. 13-оқушы: Арпа, бидай бастаған Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже ― көп көже ― Бұл тойдағы бас тағам.
ІІІ. Ұлттық ойындар 14-оқушы: Ей, балалар, балалар, Енді маған қараңдар! Наурызды тойлайық, Қызық ойын ойнайық.
1) «Арқан тартысу» 2) «Білектесу» Қарама - қарсы отырған екі ұл бала оң қолдарынының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Білегі жығылған палуан жеңіледі. 3) «Соқыр теке» Ойнаушылар айнала шеңбер құрып тұрады да, ортасынан екі адамды бөліп шығарады, біреуінің көзін байлайды.Байлап болғаннан кейін көз байлаушы адам түрте салып қашады. «Соқыр теке» көзін байлаған адамды қуады. Қашушы да, қуушы да шеңберден шықпайды. Егер «Соқыр теке» ешкімді ұстай алмаса, шаршағанша қуа береді. Ал ұстаса, онда сол адам «Соқыр теке» міндетін атқарады. Осылайша ойын жалғаса береді.

15-оқушы: Наурыз жырын жырлаймыз, Онымен де тұрмаймыз. Шыңдалып жеткен бұл күнге Ел дәстүрін сыйлаймыз! 16-оқушы: Жаңғырар дәстүр салтымның Көзделсін бұлақ жалғасы. Қастерлі менің халқымның, Мереке Наурыз ― жыл басы! 17-оқушы : Ниеттеріңіз ақ болсын, Наурыздың ақшақарындай. Бастарыңа бақ қонсын ― Шаштарыңның санындай. Тыныш болсын даламыз, Түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз, Тұнық болсын суымыз! V. Білгенге маржан 1. Наурыз көже қалай жасалады? 2. Ұлттық тағамдарды атаңдар? 3. Ұлттық ойындарды атаңдар? 4. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар?
Би: Қара жорға






























Тәрбие сағаты «Наурыз― думан»
Тәрбие сағаты «Наурыз― думан»Тәрбие сағаты «Наурыз― думан»

© 2010-2022