Сабақ жоспары математика 3-сынып Ауданның өлшем бірліктері (дм2, см2) Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика 3- сынып мерзімі___________ Сабақтың тақырыбы: Ауданның өлшем бірліктері (дм2, см2 )

Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын есептеудің жалпы тәсілін меңгерту; 2. Есептер шығарту, оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру; 3.Дәптерге ұқыпты, әдемі жазуға баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, өткенмен байланыс. Сабақтың көрнекілігі:кесте, суреттер, оқулық. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Армысың асыл күн

Армысың асыл жер,

Армысың досым Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер.

Үй тапсырмасын тексеру: -үйге берілген есепті тексеру. -өткен тақырыпты жалпылап сұрау, еске түсіру. Сабақтың мақсаты мен міндеті -Бүгінгі сабақта шаршының ауданын табуды меңгереміз. III.Жаңа сабақты түсіндіру. Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықты анықтау.

  • Балақайлар, сыныптағы тақтаның ауданын табайықшы?
  • Үлкен заттардың ауданын см2 өлшеген қолайлы ма?
  • Қандай бөлшем бірлік қолданған қолайлы?
Қиындықтан шығу. №1 тапсырма орындалады. Сызу а)Дәптерге 10см немесе 1 дм шаршы сыз. Бұл-шаршы дециметр. Ауданын тап. Қабырғалары 1 дм болатын шаршы(квадрат)- 1 дм2 . Оны шаршы дециметр квадрат деп атайды. ә) 2 есепте алдымен көбейту амалы, содан соң қосу немесе азайту амалы орындалады. 8*6-9=39 60-8*4=28 72:8+25=34 8*8+36=100 8*9+28=100 Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі. Бекіту. Амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады. Ол үшін оқушыларға №5 тапсырма беріледі. 526+18:2=535 346+18:2=355 6*2+18:3=18 284+77-25=336 Өткен тақырыппен жұмыс. №3 тапсырма мұғалімнің басшылығымен тақтада және өз орындарында орындалады. Есептің шарты мұғаліммен бірге талқыланады. №4 тапсырма (а және ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі. Тіктөртбұрыштың периметрін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады. Өздік жұмыс ретінде №6 теңдеуді шешу (1-бағаны) ұсынылады. №7 логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді. Үйге тапсырма беру Үйде орындауға №6 (2-3-бағаны) тапсырма беріледі. Сабақты қорытындылау.

  1. Сабақта нені қайталадыңдар?
  2. Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
  3. Қандай тапсрмада қиындық туындады?
  4. Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
  5. Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау


© 2010-2022