Көшеде жүру ережесі. 2 сынып Полиция - дос және қорғаушы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көшеде жүру ережесі.

Сынып жетекші:Қабылбекова З. С.

Сыныбы:2 «И»

Тақырыбы:МАИ қызметкелерімен кездесу. «Полиция-дос және қорғаушы»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналғансуреттер, "Бағдаршам" қабырға газеті.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын,

Бағыты:1.Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;
2.Рухани - адамгершілік тәрбиесі;
3.Отбасы тәрбиесі;
4.Өзін - өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;

5. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
6.Интеллектуальді мәдениетті қалыптастыру

Өткізілу кезеңі: І.Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: - Балалар, біздің болашағымыз. Ал сол болашақ жасөспірім балаларымызды алуан түрлі апаттан сақтап, үлкен азамат етіп тәрбиелеу ең алдымен ата-ана ме ұстаздың міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол ағаарымыз да шет қалмайды. Өйткені елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «МАИ қызметкелерімен кездесу» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.

Шаттық шеңбері:

Алтын таңның шуағы,

Бақыт үшін туады.

Қайырлы таң, қонақтарым,

Жарық күннің шуағы.

ІІ. Қызығушылығын ояту.Сұрақ - жауап:

  • Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін.

  • Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

  • Көліктер жүретін тас жолмен.

  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

  • Жол полициясы басқарады.

  • Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?

- Жолдан өту кезінде оң жаққа, сол жаққа қарап жаяу жүргіншілер өтетін жолмен жүру керек.

- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Жұмбақтың шешуін кім табады?

- Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүр» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді.

Бұл не? ( бағдаршам )

  • Балалар, бағдаршам және оның белгілері туралы не білесіңдер?

  • Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы - Бағдаршамды ортаға шақыра-мыз. Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: - Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Ал, енді балалар бағдаршам туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Қызыл көзі:

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл "Сен тоқта!"

Сары көзі:

Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды.

Жасыл көзі:

Мен көзімді ашқанда, Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам:

Күндіз түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жаспен кәріге.
Мен бағдаршам боламын!

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

Көрініс: « Қожанасыр мен бала»

- Балалар, қандай жолда жүру ережелерін сақтауымыз керек?

  1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

  2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

  3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.

  4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.

  5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

  6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күтеміз.

  7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.

  8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

Ал жаяу адамдардың қандай міндеттері бар?

  1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

  2. Жолдан бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.

  3. Жарқылдап маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпелі тоса тұруы тиіс.

  4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш « Ескерту » белгілері:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.

Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар« Тыйым салу » белгісі:

Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жаққа.

Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар « Көрсеткіш » белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,


Абай бол, тартуымды міндетті орында!
Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар « Нұсқау » белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім:- Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

«Саналы жүргіншілер» - 5 ұпай. Викториналық сұрақтар беріледі.

І топтың сұрақтары:

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң

жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек? (жиекжолдың оң жақ шетімен)

З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (аялдамада)

5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? (иә міндетті)

ІІ топтың сұрақтары:

1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? (14 жастан)

2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді)

3.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды? (ішімдік ішкен жағдайда)

5. МАИ деген сөзді талдап беріңдер. (Мемлекеттік авто инспекция)

ІІІ. Тақпақ жұмбақтарды шешу: Топтар бір-біріне жұмбақтар жасырады.

Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. ( Жол)

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. ( Трамвай )

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. ( Бағдаршам )

Ала таяқ ұстағаны Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды. ( автобус)

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)

Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. ( жол )

Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

ІҮ. Шығармашылық кезеңі :Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Суретпен жұмыс істеу, мұнда балалардың бағдаршамның түстерін, белгілердің түстерін ажырата білуге үйрету.

Жол сақшысы жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.

Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар - жол белгілері.

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын. Сау болыңдар, балалар!
Мұғалім: - Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді.

Оқушылар жол тәртібіне қатысты тақпақтарын оқиды.

1. Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
2. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
3. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.

Қорытындылау :Мұғалім

Ирек - ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп

:- Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе Ән: «Көшеде сақ бол!»әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.

Қорытынды: Ән: «Көшеде сақ бол!»

1.Көшеде біз сақ болайық,

Қайғырмасын ата-ана,

Жолда сен бол лайықты

Оқушылар атына.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам

Болайын мен де аман.

2.Жолда жүру әліппесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап

Жол белгілеріКөшеде жүру ережесі. 2 сынып Полиция - дос және қорғаушыКөшеде жүру ережесі. 2 сынып Полиция - дос және қорғаушы

МАИ қызметкелерімен кездесу. «Полиция-дос және қорғаушы»Көшеде жүру ережесі. 2 сынып Полиция - дос және қорғаушы


© 2010-2022