Өсімдік - тірі ағза

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Өсімдік - тірі ағза. Мақсаты: Білімділік: Өсімдік- тірі ағза екенін білу,үйрету. Оның тұқымнан өсетіні, жер бетінде өсіп шығуы жайында ұғым беру. Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін,дүниетанымын,ауызша-жазбаша сөйлеуін дамыту. Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға,аялауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа білім беру. Сабақ түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, Көрнекілігі: өсімдіктер суреті,қима- қағаздар, таблицалар. Күтілетін болжам: оқушылар өсімдіктің 3 негізгі тобын еске түсіреді және атайды. Оқушылар өсімдік өміріндегі өзгерістерді суреттейді және өсімдік тірі ағза екенін дәлелдейді. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Мақсат қою кезеңі:Өсімдік - тірі организм ІІІ. Жаңа сабақ.а/ Өсімдік - тірі ағза. Өсімдік тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі. Өсімдік - бұта, ағаш, шөп. Ағаш - емен,қарағай, қайың,тал, емен. Бұта - тобылғы,итмұрын, жыңғыл. Шөп текті өсімдіктер - шоңайна, бетеге, бақбақ, жоңышқа, жусан. Балауса шағы - тамыры жетілмеген, сабағы қысқа, жапырақтары аз. Жетілген шағы - сабағы ұзарып, қатаяды, тамыры тармақталып, топырақтың терең қабытына кіреді. Өсімдік қартаяды - тұқымдары түсіп, сабағы, жапырағы қурайды, тіршілігі тоқтайды. Оқулықпен жұмыс.Тақырыпты оқып, түсіндіремін. Тақырыпты өздері оқиды,іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Дәптермен жұмыс.Барлық өсімдіктер қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қорек етеді. Олар тірі ағзалар. Сергіту сәті Суретпен жұмыс. Өсімдік топтарын анықтау, сызбаға жазу. Топпен жұмыс, жұмбақтар шешу, оларды қорғау. Жұмбақтар Тікен-тікен тік пісте, Ақ көйлекті көк желек, Қысы-жазы бір түсте (Шырша) Орманда орны бір бөлек (Қайың) Түсінгендерін тексеру. Өсімдікке не жатады? Өсімдіктердің бәріне ортақ қандай қасиеті бар? Өсімдік өсу үшін не қажет? Бұталарды ата. Ағаштарды ата? Өсімдіктер тұқымнан қалай өнеді? Сабақты бекіту:



© 2010-2022