«Тапқыр достар» 2-3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы «Тапқыр достар» 2-3 сынып

Казталов ауданы Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құрманова Ұлғаным Абдрахманқызының іс-тәжірибесінен

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: интелектуалдық ойын.

Өтілу барысы: 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Кім тапқыр?»

2-кезең: «Ойлан тап!»

3-кезең: «Сиқырлы пішіндер»

4-кезең: «Мақалды жалғастыр»

5-кезең: «Математикалық жұмбақтар»

6-кезең: «Қызықты логикалық сұрақтар»

1-кезең: «Кім тапқыр?»

Әр топтан бір қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді. (А,Ә,Н)

1-топқа: (Н)

  1. Досың кім?

  2. Анаңның аты кім?

  3. Қай көшеде тұрасың?

  4. Біздің ең қажетті асымыз?

  5. Көктемде көже дайындалатын мерекені ата.

2-топқа: (А)

  1. Жасың нешеде?

  2. Шашыңның түсі қандай?

  3. Қандай жемісті жақсы көресің?

  4. Қандай аңды білесің?

  5. Адамдарды тасымалдайтын көлік?

3-топқа: (Ә)

  1. Кімді жақсы көресің?

  2. Сенің атың кім?

  3. Таңертең адамдарды ұйқысынан оятып, дауыс шығаратын не?

  4. Өлеңді көп айтатын адамдарды кім дейміз?

  5. Бесік жыры қалай басталады?

2-кезең: «Ойлан тап!»

  1. «Кел, балалар, оқылық!» - кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

  2. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік)

  3. Төрт түлік малды ата. (Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі)

  4. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе? (Қоян)

  5. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, ауа, топырақ, тас)

  6. Геометриялық пішіндерді ата.

  7. Бес саусақты қолғапта неше саусақ бар?

  8. Аспанда неше жұлдыз бар?

  9. Табиғат дегеніміз не? (Айналаны қоршап тұрған дүние)

  10. Апта күндерін ата.

  11. Бағдаршамда неше көз бар?

  12. Жыл мезгілдерін ата.

3-кезең: «Сиқырлы пішіндер»

Әртүрлі геометриялық пішіндерден жаңа бір зат ойлап құрастыру. (Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)

4-кезең: «Мақалды жалғастыр»

Тіл және сөз өнері туралы мақалдарды жалғастыру.

  1. Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады).

  2. Піл көтермегенді, (тіл көтереді).

  3. Жақсы сөз - (жарым ырыс).

  4. Өнер алды - (қызыл тіл).

  5. Сөз түбін - (сөз табар).

  6. Сөз сөзден туады, (сөйлемесе неден табады).

  7. Сөз асылы - (мақал)

  8. Сөз (шынды) табар.

  9. Көп сөз - көмір, (аз сөз алтын).

5-кезең: «Математикалық жұмбақтар»

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (2)

  1. Табақта тұр бес өрік

Қандай тәтті жесе өрік.

Бесеуін де жеп қойсам

Қалады сонда неше өрік? (0)

  1. Көлден ұшті төрт қаз,

Қайтып келді екі қаз.

Ұшып кетті нешеуі? (2)

6-кезең: «Қызықты логикалық сұрақтар»

  1. Пеш түбінде пырылдап ұйықтайды ....

  2. Әкеңнің әкесі...

  3. Олар орманда өседі ...

  4. Шыр-шыр етіп ұшады ...

  5. Лақтың енесі...

  6. Одан көйлек, жейде тігеді ...

  7. Әріптердің тізбегі ...

  8. Ол жауыннан қорғайды ...

  9. Бөлмеге күннің жарығы неден түседі ...

  10. Ол үй күзетеді ...

  11. Балалар жататын жиһаз ...

  12. Қазақстанның астанасы ...

© 2010-2022