Ана – аса қымбатты жан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана өмір шуағы»
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, шар.

Жүргізуші:
Бүгін біздің мектебімізде дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана

Құрметті ата - аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәейшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
«Ана өмір шуағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Диалог:Нұрхан. Мұхтар
Нұрхан:
«Білесің бе Мұхтар ана деген керемет асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем су беретін»
Мұхтар: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Нұрхан: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Мұхтар: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы -ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыздың тақпақтарына кезек берейік.

Г. Айнура:

8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын аналар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Алмат:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңіз зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

Абылай

Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем.

Апатайым құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

Жазира:

Мәпелейді әлдилейді, бағады,

Құлыным деп құшағына алады.

Өзгеге де өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады

Жанерке:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін,

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Мұхаммедәли:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Жүргізуші.

Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.-дей келе аналар сіздерге арнап 0 «ә» сыныбының орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Хор: «Анашым»
Жүргізуші: Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:

Қуаныш:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін күнде мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші мартыңмен.

Эльмира:

Айналайын анашым,

Маған қорған панасың.

Мейірімді жан өмірде,

Жалғыз өзің ғана ғанасың,

Айналайын анашым,

Ақылдысың данасың.

Ең сұлу жан әлемде.

Жалғыз өзің ғанасың.

.Айнур:

Жан ана, құттықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен.

Мерей.

Ана өмір шырағы.

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

С.Азамат:

Ана- бақыт, ана күн,

Ана -өмір тірегі,

Ана- өмір себуші,

Ана- сарқылмайтын бұлақ.

Жүргізуші:

Жүргізуші: Бұралып қыздар біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Аналар айтыңдаршы қандай адам - деп ортада «Шығыс» биі
Би: «Шығыс» биі.

Жүргізуші: Көңіліңді табады,

Әнді қалай салады.

Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

Жүргізуші: - Бүгінгі мейрам аналардыңі ғана емес, ардақты әжелердің де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - демекші келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

Жұлдыз:

Әже деген көп шығар

Әжелердей жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

10.Аружан:

Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.

Ербол:

Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем пәк әжем.

Басқалардай емессіз.

Сүйкімдісіз ақ әжем.

Жанболат:

Өскенде мен ал енді.

Арайлаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме.

Таң қалдырам бар елді.

Өсербек:

Мен әжемді өте жақсы көремін,

Жұмсаса егер,айтқанына көнемін

Оңашада үйде қалсақ екеуміз.

Өлең айтып, би де билеп беремін

Ұйықтар кезде айтып қызық ертегі,

Қыдырғанда ұасына алып ылғи ертеді

Жүзінен нұр шашараған әжемжді

Бар адамнан артық кқрем мен тегі.

Нұрбек:

Таусылмайтын өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,

Құрт әкеліп береді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті оқушылардың орындауында биге береміз.
Би: «Көңілді би»

Жүргізуші:: Ана, ана! Қасиетті үш әріп
Үш әріптен келемін мен күш алып.
Ана деген қасиетті ұғымнан.
Қанаттанып, шарықтаймын ұша алып-дей келе келесі кезекті 0 «ә» оқушыларының орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Хор: «Құтықтаймын мама туған күніңмен »

Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.- деп келесі кезекті балалардың таұпаұтарын тыңдайық

Әсел:

Менңғ анам ақылшым.

Күн секілді білгенге,

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде

О.Азамат:

Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңі табынамын

Қасымда жүрсен биікпін

Алыстасаң сағынамын.

Рамазан:

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы.

Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

Жанна:

Еркелеймін шатттанамын,

Жарқын күлкін бақ маған.

Ақ бетіңнен суйемін,

Келші, келші ақ мамам.

Айша:

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табан ғойң

Асықпа ана, ертең ақ,

Отың болып жанам ғой.

Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Ұлдар биін».

Би: «Ұлдар» биі:

Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - ән шырқалар бақытымен, бағымен - Қурбанов Өсербектің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Көктем, балалардың тақпақтары әндері билері сізге ұнады ма?

Көктем: Әрине ұнады, өте қнерлібалалар екен, өркендерің өссін! Келесі жылға дейін аман болыңдар! Сау болыңдар.

Жүргізуші: Рахмет Сізге, Ару көктем!
Осы күнді бар бала
Тағатсыз - ақ күткенді,
Сыйлықтарын сіздерге
Сыйлайтұғын сәт келді.
Біздің балалар да аналарына, әжелеріне өз қолдарымен дайындаған кішкене сыйлықтарын сіздерге сыйлауға рұқсат етіңіздер.
Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Қорытынды:
Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз

Аналарды құрметтейміз елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз, - дей келе, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Тағы да мейрамдарың құтты болсын!Осымен бүгінгі «Ана -өмір шуағы!»- атты ертеңгілігімізді аяқталды.

Тақырыбы: «Ана өмір шуағы»
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, шар.

Жүргізуші:
Бүгін біздің мектебімізде дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана

Құрметті ата - аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәейшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
«Ана өмір шуағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Диалог: Азамат . Еркін.
Азамат:
«Білесің бе Мирлан ана деген керемет асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем су беретін»
Еркін: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Азамат: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Еркін: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы -ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыздың тақпақтарына кезек берейік.

Д. Аружан:

8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын аналар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Бексултан:
Ана - бақыт, ана күн,
Ана - өмір тірегі.
Ана - өмір себуші,
Ана - сарқылмайтын бұлақ.

Ерасыл

Ана -деген асыл жандар болаттай,

Ана -деген мөлдір жандар бұлақтай

О,адамдар,қадірлей біл,Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды жолатпай.

Нұрсая:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Шакира:

Адам барма ана сүтін татпаған,

алуан -алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған.

Мен анамның сонысымен мақтанам.

Қазыьбек:

мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Жүргізуші.

Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.-дей келе аналар сіздерге арнап 0 «ә» сыныбының орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Хор: «Анашым»
Жүргізуші: Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем.

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:

Бегерыс:

Өмірде ана-бұлақ,ана -пана,

Өмірді өркендеттер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

.

Арайлым:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым.

Ана десем әділдікті ұғамын.

Бекжан:

Ана-бақыт, берекем,

Сүйенішім сен екен.

Құлпыра бер көктемдей,

Құтты болсын мерекең.

Нүр жамал:

Күтері бар баланың,

Мерекесі ананың.

Сегізінші наурыз

Үшінші ай санадым.

Орынбек:

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Нұржас:

Ана -дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана -дейді жас сәби де жарқылдап

Ана -деген бәйтерегі өмірдің

Ана -деген алтын қазық,алтын бақ

Жүргізуші:

Жүргізуші: Бұралып қыздар біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Аналар айтыңдаршы қандай адам - деп ортада «Шығыс» биі
Би: «Шығыс» биі.

Жүргізуші: Көңіліңді табады,

Әнді қалай салады.

Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

Жүргізуші: - Бүгінгі мейрам аналардыңі ғана емес, ардақты әжелердің де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - демекші келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

Алихан:

Сөзімді дұрыстайтын, әже,

Айғайлап ұрыспайтын әже

Қыдырса ерте кететін әже

Ылғи да еркелететін, әже,

"Алысқа кетпе"дейтін әже,

Ойынға досым шақырып тұр

Апама айтпай, жібересәң бе, әже!

Амирхан:

мен әжемді өте жақсы көремін.

Жұмсаса егер айтқанына көнемін,

Оңашада үйде қалсақ екеуміз,

Өлең айтып би де билеп беремін.

Нұрдаулет:

Әже деген көп шығар,

Әжелердей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі.

Қандай ғажап күлкісі.

Гүлбану:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Сандуғаш:

Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті оқушылардың орындауында биге береміз.
Би: «Көңілді би»

Жүргізуші:: Ана, ана! Қасиетті үш әріп
Үш әріптен келемін мен күш алып.

Ана деген қасиетті ұғымнан.
Қанаттанып, шарықтаймын ұша алып-дей келе келесі кезекті 0 «ә» оқушыларының орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Хор: «Құтықтаймын мама туған күніңмен »

Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз.
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.- деп келесі кезекті балалардың таұпақтарын тыңдайық

Альбина

Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары

Раушан

Той - тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтап жатыр бүгін балаларың

Айзере:

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік тербеткен.

Әнін тыңдап анамның,

Мен осылай ер жетем.

Балаби:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір- бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Қанат: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым!

Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Ұлдар биін».

Би: «Ұлдар» биі:

Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары, - ән шырқалар бақытымен, бағымен -

Үмбет Альбинаның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Көктем, балалардың тақпақтары әндері билері сізге ұнады ма?

Көктем: Әрине ұнады, өте қнерлібалалар екен, өркендерің өссін! Келесі жылға дейін аман болыңдар! Сау болыңдар.

Жүргізуші: Рахмет Сізге, Ару көктем!
Осы күнді бар бала
Тағатсыз - ақ күткенді,
Сыйлықтарын сіздерге
Сыйлайтұғын сәт келді.
Біздің балалар да аналарына, әжелеріне өз қолдарымен дайындаған кішкене сыйлықтарын сіздерге сыйлауға рұқсат етіңіздер.

Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Қорытынды:
Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз

Аналарды құрметтейміз елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз, - дей келе, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Тағы да мейрамдарың құтты болсын!Осымен бүгінгі «Ана- өмір шуағы!»- атты ертеңгілігімізді аяқталды.



© 2010-2022