Ондық құрам негізінде қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Ондық құрам негізінде қосу және азайту Білімділік мақсаты: сандардың ондық құрамы негізіде азайту және қосу амалдарын түсіндіру Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Білімдерін дамыту. «Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім тапсырманы оқиды, ал оқушылар өрнектерді шеше отырып, карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді. Соңынан тексеру жүргізіледі. 8+2-9+6-4+3-2+5-7 10-7+5+2-3-4+7-5+2 5+4-9+7-6+2+4-3+6 «Математикалық диктант». Мұғалім тапсырманы оқиды. Оқушылар тиісті өрнектерді жазып, мәнін табады.

  • 6-ны 2-ге арттыратын өрнек жаз
  • 9-ды 1-ге азайтатын өрнек жаз
  • Бірінші қосылғышы 5, екінші қосылғышы 2 болатын өрнек жаз. Қосындының мәнін тап. Өрнекті жаз.
  • 7-ні 2-ге азайт. Өрнекті жаз.
  • 8 бен 2-нің қосындысының мәнін тап. Өрнекті жаз.
  • Мәні 7-ге тең болатын өрнекті жаз.
  • Есеп: «Балалар мектеп маңына 6 емен және 3 қарағаш отырғызды. Барлығы қанша ағаш отырығызды?»
Ауызша есепке №1 дайындық жаттығуы енгізіледі. Жаңа тақырыпты түсіндіруде карточканы пайдалануға болады. тақтааға ондықты білдіретін бірнеше карточка орналастырылады.оқушылар 11-ден 19-ға дейінгі кез келген санды атайды. Мұғалім нөлдің орнына тиісті санды қояды. Алынған саннан оқушылар мысалдар төрттігін құрастырады. Мұғалім мысалдардың шығарылуын көрнекі құралдармен көрсетеді. Мысалы, 10+9 (мұғалім 9-ды 10 санындағы 0-ді жаба отырып үстіне қояды. 19-9=10 (9 саны бар карточканы алып тастайды және т.б.). Бұдан соң оқушылар №2 жаттығуды орындайды. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.


© 2010-2022