Қызықты грамматика ( 3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты грамматика

Сабақтың мақсаты:

1. Сабақ үстінде алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталап бекіте түсу.

2. Ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды көрсете білу.

3.Ақыл-ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.

Технология: дамытпалы оқыту.

Көрнекілік: әр топтың аты, эмблемасы, ұрандары, сайыстық түрлері

Өнер алды - қызыл тіл

Тілде талай -талай қызық бар





Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

  1. Психологиялық дайындық
  2. Топтарды таныстыру.
/ тақтаға топтардың эмблемасы ілінеді/

Ю Ә

Ү Е Ө А Э

Ы ЯДауысты Дауыссыз

Щ Б Т

Қ Н М Р Ж

П ц









дыбыстар дыбыстар

І топ: Дауысты дыбыстар Ұраны: Өнер алды - қызыл тіл. 1 оқушы: Қазақ тілінде 15 дауысты дыбыс бар 2 оқушы: Дауысты дыбыстар сөзылып, әндетіп айтылады. 3 оқушы: Олар буын құрайды. Дауысты дыбыстар қанша болса, буын да сонша болады. 4 оқушы: Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болады. 5 оқушы: Жуан дауыстылар: а,о,ы,ұ. 6 оқушы: Жіңішке дауыстылар: ә, ө, і, ү, е. ІІ топ: Дауыссыз дыбыстар Ұраны: Тілде талай-талай қызық бар. 1 оқушы: Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. 2 оқушы: Дауыссыз дыбыстар созылып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. 3 оқушы: Олар өз бетімен буын құрай алмайды. 4 оқушы:Дауыссыз дыбыстар 3 топқа бөлінеді. 5 оқушы: Қатаң дауыссыздар: қ, к, т, с, п, ф, һ, х, щ, ш, ч, ц. 6 оқушы: Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з. 7 оқушы: Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у. І топ хормен: Бүгінгі жарыста Алға шық қалыспа ІІ топ хормен: Тілейміз сәттілік Жеңіп шықсын бірлік Қонақтар арасынан әділ қазылар алқасы сайланады. Бағалау әр топ фишка жинайды. Дұрыс жауап берген топқа /фишка беріледі/



ІІ Сайыстың түрлері

1-сайыс:

а) Әріпті жұмбақтар

Күнде бар, айда жоқ,

Түнде бар, таңда жоқ. (ү)

Аяқта бар, баста жоқ,

Таяқта бар, таста жоқ. (я)

Қызда бар, ұлда жоқ,

Тұзда бар, ұнда жоқ. (з)

Тәттіде жоқ, ащыда бар,

Қаттыда жоқ, тұщыда бар (щ)

Балтанда бар, Айжанда жоқ,

Бірлікте бар,тірплікте жоқ. (б)

Алтында бар, күмісте жоқ,

Тиында бар, теңгеде жоқ. (ы)

Ә) Әр топ өздері құрастырған әріпті жұмбақтарды жасырады.

/ үй жұмысы /

2 сайыс: Сиқырлы дыбыс

- Қай дыбыс екі топқа да ортақ дыбыс? (у)

- Оны қандай дыбыс дейміз? (сиқырлы)

-Ендеше, сиқырлы дыбысы бар сөздерді құрастырамыз.

І топ - «У» дауысты дыбыс болу керек

ІІ топ - «У» дауыссыз дыбыс болу керек

/ қай топ 1мин ішінде көп сөз жазады/

3-сайыс: «Қызық сөздер» бәйгесі

«Қызық» сөзі несімен қызық? Тура оқысақ та, кері оқысақ та бір сөз. Ендеше әріптері ауыспайтын қызық сөздерді жазамыз. Кім көп біледі, сол топ бәйгеде жеңімпаз болады.

4- сайыс: «Қызық сөйлем» бәйгесі

Әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру.

І топ ІІ топ

А....а.....а......а. Ж....ж....ж.....ж.

О....о.....о......о. С....с.....с......с.

Ө....ө.....ө......ө. Б.....б.....б.....б.

5-сайыс: «Кім жылдам?» ойыны

Сөздердің бірінші және соңғы әріптері бірдей дыбыстардан тұратын сөз жазу

І топ ІІ топ

К

К

К

К

К

К

А

А


А

А

А

А

А К

ара кек

алма киік

алаша көкек

Астана кірпік

алабота көбелек

атамырза күнделік

6-сайыс: Капитандар сайысы

Біздің туып өскен жеріміз, үлкен Отанымыз қалай аталады?

«Қазақстан» Ендеше «бір сөзден көп сөз» ойыны

ҚАЗАҚСТАН

/25 сөзден артық құрастыруға болады/

ІІІ қорытынды

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Қай топ көп фишка жинады, сол топ жеңіске жетті. Жеңген топ таққа отырғызылады. Олар «Сөз тапқанға» ойынына қатысады.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік.

Сөз кезегін «Сөз тапқанға берелік»

Арамызда тапқыр достар көп екен,

Оларды енді жарыстырып көрелік.

А

Б

Ж

С

О

КТаңдап алған әріптер.





Сұрақтар

  1. Болашақта кім боласыз?

  2. Ауа - райы қандай?

  3. Қандай жаман әдетіңіз бар?

  4. Қандай пәнді ұнатасыз?

  5. Бос уақытыңызда не істейсіз?

  6. Отан үшін не істейсіз?

  7. Осы отырған көпшілікке не тілейміз?

/Әр оқушы сұрақтарға жауап береді/

Осындай жақсы тілектермен жарыс сабағымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022