Тәрбие сағаты Жаса, Қазақстан!

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласы әкімдігінің « Меновное орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Гульбану Турусбековна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаса, Қазақстан!

Мақсаты: Оқушыларға 2050 стратегиясының нышандарының мағынасын ашу, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, оқушылардың өз бетінше ізденуін дамыту және білімдерін жетілдіру, елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабағы

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жоба

Қолданылған технология: СТО стратегиялары, АКТ

Көрнекіліктер: «Қазақстан -2050» Стратегиясының 7 логотипі, карта плаза, интер тақта, тапсырмалар

Барысы:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ата - аналар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

Қане, балалар, біз бүгін ерекше амандасып көрелік.

-Ең жақын досыңды көрдің.

-Ауылдан әжең келді.

Жақсы,балалар,ал енді назарымызды экранға аударайық.

(«Мәңгілік ел» бейнеролик)

Міне, балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не жайлы, қандай тақырыпта ой қозғаймыз?

(Балалардың ойлары)

Ия, балалар ойларың дұрыс. Сәрсенбінің сәтті күні «Жаса, Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалар, біз бүгінгі сабағымыздан не күтеміз? (картаның шекарасына не күтетіндерін жапсырады) Алдымызға қандай мақсат қоямыз?

(Мақсатын анықтау, айту)

Ой қозғау:
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқының мемелекеттік тілі қандай тіл?
- ҚР - ның халқының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- 2014 жылдың 17 қаңтары жайлы не білесіңдер?

-Жолдау
- Ия, балалар, 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Бір мақсат - бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтырымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ - бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі.

«Қазақстан -2050» Стратегиясының нышаны жаңашаланған «Шаңырақ» болды.

Негізгі белгіде Мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ, киіз үйдің керегесі, күннің шуағы,тұңғиық теңіз көрінісі, еліміздегі барша азаматтардың қол алысу сәті бейнеленген.


  1. топ. Бір мақсат

  2. топ. Бір мүдде

  3. топ. Бір болашақ

«Қазақстан -2050»Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы»- деп елбасымыз айтқан еді.

Ата - аналар, бүгін сіздер бізге ата - ана емес, сала өкілі ретінде келіп отырсыздар.

«Басқарма», «Энергетика», «Адамдар», «Қалаларға шоғырлану», «Халықаралық интеграция», «Экономика», «Экология»

Қазір, әр саланың өз тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды жақсы орындаған топ жеңіске жетеді.

«Басқарма» саласы. (Сұрақ - жауап)


  1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қай жылы сайланды? -

1991 жылы

  1. Шығыс Қазақстан облысының әкімі кім?- Бердібек Машбекұлы Сапарбаев

  2. Өскемен қаласының әкімі?- Темірбек Жұмақанұлы Қасымжанов

  3. Мектебіміздің директоры?- Любовь Петровна Лихачева

  4. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі?- Лязат Темірбековна Рахимова

  5. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі?- Ирина Доминовна Березовикова

2. «Энергетика» саласы.(Тиістісін тап)

1. Күн көзінен қуат алу

2. Жел энергиясы

3. Су энергиясы

3. «Адамдар» саласы. Жоба қорғау. (сурет салып, қорғайды)

« Біз еліміздің болашағымыз!»

4. «Урбанизация» саласы. (Пазл құрастыру)

1. Шығыс Қазақстан картасын

2. Өскемен қаласының картасын

3. Меновное аулының картасын

5. «Халықаралық интеграция» саласы. Полиглот ойыны.(Сурет бойынша)

1. Отан - Родина- motherland

2. Жанұя - семья-family

3. Мектеп - школа-school

4. Ана - мать, мама-mother

5. Әке - отец, папа-father

6. Оқушы - ученик -pupil

7. Мұғалім - учитель -teacher

6.«Экономика» саласы. (Экологиялық есеп)

1.Әр адам бір жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланып жұмыс істейді. Сенің жанұяңа қанша ағаштан жасалған қағаз керек?


  1. «Экология» саласы. Сұрақ қою.(Аяулым қысқаша жұмысын оқып береді.)

  1. Осы экологияны сақтау үшін сендердің үлестерің?

Қорытынды.

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Балалардың өздерін бағалауы.

Жақсы, балалар, сендер бүгінгі тәрбие сабағымыздан не үйреніп, не алдыңдар?

Әр бала өзінің алдындағы көбелектерін, өзіне тапсырмалары қызықты болған сала гүлдеріне қондырады.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

«Қазақстан -2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!» - деген елбасымыздың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдап сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!

© 2010-2022