Тәрбие сағаты «Сәлемдесу» 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тұщыбек негізгі орта мектебі» ММ













Сынып сағаты

Тақырыбы : Сәлемдесу - әдептілік белгісі

Өткізген: Қуанғалиева Ә.









2015-2016 жыл

Тақырыбы : «Сәлемдесу - әдептілік белгісі»

Мақсаты:

1. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.
2. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту.
3. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, мақал- мәтел жазылған плакат, суреттер, шарлар

Барысы: І. Қызығушылығын ояту.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Мұғалім: -Сәлеметсіздерме балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Сәлемдесу -әдептілік белгісі». Сәлемдесу- адамдардың бір- бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, тілдесуі, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіруі.
Сәлемдесудің мынадай түрлері бар:
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлем бердік?
-Аман - есенсіз?
-Армысыз! Қош келіпсіз!
-Ассалаумағалейкум!
(Бұл сөздерді гүлдің әрбір гүлтабанына жазу)

1-бөлім: Сабағымызды сәлем сөзіне байланысты мақал айтудан бастаймыз.
1.Сәлем - сөздің анасы.
2.Әдептілік белгісі-
Иіліп сәлем бергені.
3.Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
4.Сәлемдесудің басты шарты- жылы шырай.
5.Сәлем беру - өмірлік міндет.

6.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 - дағы қария иіліп сәлем береді.
7. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені

8. Бір күн танысқа мың күн сәлем.
9. Сәлемі түзудің өзі түзу.

2-бөлім: Мағынаны тану.
(Мақалдың мәнін ашу).
І - топ. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
ІІ - топ. ашады.
1.Адамшылық амандасудан басталады. Кездескен адаммен тіке қарап, күлімдеп амандасу парызымыз.
2.Үлкен адамға сәлем беру- кішінің міндеті.
Сәлем беру- инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі. Үлкен адамдармен амандасқанда, ол кісі сәлемімді алмаса ойланып қаламын. Бірақ мен өз міндетімді орындаймын.
ІІ- топ: Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
(І- топ ашады)
1.Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру- ата дәстүріміз. Бұл - әдептілік белгісі.
2.Әдепті бала үлкендермен, жолдастарымен амандасып жүреді. Қалаға барса немесе ауылға келсе туыс- туғанға, үлкен ата- әжелерге барып тұрып амандасу керек.

3. Жалғасын тап.

1. Әдепті елдің баласы

.......................................... (Алыстан сәлем береді)

2. Әдіптілік белгісі - .................... (иіліп сәлем бергені)

3. Алыстан 6 жастағы бала келсе, .................... ( 60-тағы қария иіліп сәлем береді)

4.Үй тапсырмасы. Көрініс.
І- топ: Дастарқан басында Бауыржан Момышұлы мен Нартай ақын отыр. Баукең қызу әңгіме үстінде. Әңгімені аяқ астынан келген совхоз директоры бұзды.
Совхоз директоры: - Ассалаумағалейкум, Нартай аға! (қолын созып). Сіздің алдыңызда ұяттымын. Ауылға жүріңіз, - деп жабысып, өзгеге көз қиығын да салмады.
-Ал, сау тұрыңыз Нұреке, - деп бұрыла беріп еді....
Баукең: - Бір дастарқан басындағы үш - төрт адамды алалап сәлем бергенді қай атаңнан көріп едің?
Совхоз директоры: - Ө, - ө, кешіріңіз, кешіріңіз, - деп есі шығып, сасқалақтады.
Баукең: - Сәлемін түзей алмай жүріп, жұртты қалай басқармақ?
Марш! - деді.
Мұғалім: - Балалар, айтыңдаршы: - Кімдікі дұрыс?
Кімдікі бұрыс?
Неге олай ойлайсыңдар? (Ойтолғау)
(Оқушылар дұрыс - бұрыстығын дәлелдейді).
Көріністен: «Ұлық болсаң - кішік бол» мақалы туындайды емес пе?
Мұғалім: Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанына қарамастан өзінің тәртібіне, деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Ендеше, тағы бір көріністі тамашалайық.

ІІ-топ: Көрініс.
1-оқушы: Дәурен қаладан атасының ауылына келді. Амандықтарын сұрасты. Ата- әжесімен дастарқан басында әңгімелесіп отыр. Көрші Жақып қария сексенге келіп қалғанына қарамастан, Дәуренге амандасуға келіпті.
Жақып ата: - Ассалаумағалейкум, Дәурен батыр!
Дәурен: - Уағалейкумассалам, ата, - деп қолын береді.
Мұғалім: - Міне, бұл көріністен не білдік?
1.Тілімізде «Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы қария келіп сәлем береді,- дейтін аталы сөз бар. Алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.
Оқушы: - Меніңше, «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің» деген осыдан шықса керек.

ІV." Ойлан тап" ойыны

Мұғалім: - Балалар келесі қызықты ойынымыз " Ойлан тап" деп аталады.Әр командадан 2 оқушы қатысады. 2 ойыншымыз тақтадағы қағаздың біреуін алып, ішінде жазылған бір халықтың сәлемдесуін қимылмен көрсетеді.1 минут уақыт беріледі.

V. Ой толғаныс

Мұғалім : -Тәрбие сағатымызға арнайы сұрақтарымен үш сәлем хат келіпті.

Хаттарды үш топқа беріп, жауабын алайық.

№1 хат. Сұрағы: Сыныпта сенімен сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?

№2 хат. Сұрағы: Ауылдағы ата-әжеңе қандай сәлем жолдар едің?

№3 хат. Сұрағы: "Сәлемі түзу" дегенді қалай түсінесің?

Мұғалім: Сәлемдесу - ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.


Қорытынды: -Балалар, бүгін біз сіздермен сәлемдесу әдептілік белгісі жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.

Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

Жүректен жүрекке

Даламдай кең пейілім. (Құшақтарын ашады)

Жүрегім толы мейірім.(жүрек тұсын қолдарымен ұстайды)

Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді)

Бәріңе ортақ шуағым. (екі қолдарын көтереді)



© 2010-2022