Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: Тіршілік әрекетіне немесе қоғамға араласуына шек қойылғанына, оның кемшіліктеріне қарамастан, баланың қабілетін барынша мүмкіншілігінің жетістігі арқылы тәуелсіз өмірге «өзін-өзі күтуге, демалысқа...» баулу. Психоневрологиялы ауытқулары бар және 18 жастан асқан тұлғалармен ,тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін ескере отырып дағдыларды қарапайымнан күрделіге ауысу.

Өзін-өзі күту және өз тіршілігін қамтамасыз ету

Өзін-өзі күту және өзіне қызмет көрсету.

Өзін-өзі күту және өзіне қызмет көрсету,тіршілігін қамтамасыз ету.

Өзінің қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру қабілеттерін қалыптастыру және тазалық ережелерін сақтау немесе тиісті көмекті қолдану. Дене күтімі дағдылары. -дене мүшелерін атау және айыра білу қабілетін бекіту; тазалық және гигиеналық санитарлық заттарды аттау және айыра білу: сабын, щетка,тарақ және т.б, - қолын жуу және сүрту. -тісін тазалау. -шаш күтімі: тарау, шаш қыстырғышпен түйреу; Киіну және шешінуі дағдылары -киім және аяқ киім заттарын атау және айыра білу. - өзінің киімін айыру; -бағыттарды айыру: жоғары-төмен, алды-арты. Тағамдар мен сусындарды -тамақ қабылдауға қажетті заттарды айыра білуге және атау: қасық, тарелке, стақан және т.б. -қасықпен өздігінен тамақтану: -қасықты дұрыс ұстау: дұрыстап тағамдарды шайнап жеу - ыдыстан немесе кружкадан ұқыптылықпен ішу: -тамақтану ережелерін сақтау - үстелге үлкеннің рұқсатымен отыру және тұру. Үстелден шыққан соң, орындығын орнына қою. Қиналғанда және ауырғанда өзін ұстай білу. - ауырғанда және жарақат алғанда көмекке шақыру. Өзін жайын таза ұстау. - тамақтану орнын жинау және таза ұстау.



Қауіп-қатерді сезіну және алдын-алу шараларын қолдана білу қабілеттігін қалыптастыру.

Іс-әрекеттен және жағдайдан туатын қауіпту түсіну; - ескертулерді елеу (назар аудару) (айғай ымдар) қауіпті кездерді білу (баспалдақ, жолдан өту және т.б.) - қауіп-қатер жағдай болса, тиісінше шара қолдану (қашу, күзетшіні іздеу т.б.)

Қоғамда бағдарлау, оған кірістіру және құру Контактіде болу біліктілігін қалыптастыру және оны қолдану. - қарсыласының сезімін ым мен, ымдаумен жеткізуін ұғыну. -ауызша жеткізу, түсіну және жауап беру. - өзінің көңілін дұрыс жеткізе білу. - дұрыс амандаса білу. Әлеуметтік қарым-қатынаста, әр-түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білу. -ойын барысында, дастархан басында жолдастарына меиірімділік көрсету; -басқа топқа ауысуына байланысты жаңа мұғалімге үйрену.

Танымдылық және заттарды жасау.

.Материалмен жұмыс істеуді және оның құрамын білуді қалыптастыру; -құммен, таспен, сумен, ұсақ тастармен ойнау; -ермексазды (балшықты) илеу, қысу, қалыпқа келтіру. -затты бояу, қағазды бояу. Заттық әлемнің байланысын анықтай отырып, пайдалануды қалыптастыру және оларды қолдана білуге үйрену. -іс-әрекетті анықтау, басқа жағдайларды орындалынғанша (су құбырының кранын бұрауды білу, су ағу үшін.)

.Өзіндік қажетіліктерді қалыптастыру, тазалық ережелерін сақтау және көмек арқылы орындау. Дене күтімі дағдысы -шашты жуу және кептіру; - тырнақты тазалау; - тісті тазалау; - аяқты жуу; -қол орамалын пайдалана білу. Киіну шешіну дағдысы. -бағытты бағдарлау: оңға-солға, іші-сырты; -киіну және шешіну кезінде ұқыптылықты сақтау керек (жыртпау, былғамау); - көйлекті шалбарлану; -көйлекті, жейдені, куртканы түймелеу; - аяқ киімді байлауды, байлауды білу; -бөлмеге кіргенде аяқты сүртіп кіру; Тағамды қабылдау: - белгілі тағам түрлерін ажырата білу: көже, ботқа, ет және т.б. - шаңышқымен алдын-ала тағайындалған тамақта жеу; -нанға жағу (бутерброд жасау); -асханадағы кезекшілікке қатысу; Өз бөлме ішінің тазалығын сақтау. -тамақтану орнын таза ұстау және тазалау; -сөре мен жәшіктерді жинау және тазалау; - жұмыс орнының тазалығын сақтау; - үлкеннің көмегімен жататын орнын дайындау; Қауіптілік сезіну және қауіпсіздік шараларын қолдануды қалыптастыру. Белгілі бір жағдайға және іс-әрекетке байланысты қауіптілік түсіне білу. -ескертуді сезіну (айғай, ымдау); - қауіпті сәттерді білу (баспалдақ, жолдан өту және т.б) - белгілі бір жағдайға байланысты әрекет жасау (қашу, күзетшіні іздеу және т.б.); Заттан және тағамнан болатын қауіптілікті тоқтатуды білу. -денені жарақаттайтын, күйдіретін заттарды білу. Жағдайға байланысты өз күшін бағалауды қалыптастыру. Өз мүмкіншілігін білу және өзін ұстау. -әртүрлі қиыншылықтарды түсіну; -көмекті қабылдау.

Қоршаған ортаны бағдарлау. .Күнделікті өмірдегі мүмкіншіліктерді бағдарлауды қалыптастыру. .Көлікте мүмкіншіліктерді бағдарлауды қалыптастыру. Үй маңындағы жолдарды пайдалану. -үйден жақын жердегі бөлімшеге дейінгі аралықтағы жолды есте сақтау. - таныс жолдағы өзгерісті байқау; -жаяу жүргінші жолымен жүру жне ұажеттілігін білу. Байланыс желісін қолдануды қалыптастыру. - байланыс желісінің қоңырауын анықтау; -қоңыауды тындап, үлкенді шақыру. Мәдени орындарға және іс-шараларға қатысу дағдысын қалыптастыру. - топтың іс-шараларға қатысу (туған күн, мерекелер) - орталықтағы ән, би, өлеңдер оқу, көркем өнерпаздар және мерекелік байқауларға қатысу. -үлкендермен бірге қойылымдарға, киноға, саяхатқа, театрға, экскурсияға, көрмелерге бару; -клуб және үйірме жұмысына қатысу; -әлеуметтік маманның нұсқауымен тәртіп ережесін орындау. Уақыт кезеңдерін білу, анықтау және бейімделу мүмкіншіліктерін қалыптастыру. Уақыттың қарапайым маңызын білу, уақыт жайлы әңгімені ұғу, уақытқа басшылық жасау. - таңды, күнді, кешкі қимылмен байланыстыру; -«енді», «бүгін», «ертең», «кеше» мағынасын түсіну. - күнделікті іс әрекет бейнеленген суретті дұрыс анықтау. Қоршаған табиғатты және оның өзгерісін білу. -табиғат ерекшеліктерін бақылау; -ағзаға табиғаттың әсерін қабылдау (терлеу, тоңу); - күн, жаңбыр, жел, қар атауларын білу; - ауа-райына байланысты киіну.

Көпшілікке араласуды бағдарлау. Қарым- қатынасқа түсу және оны қолдауды қалыптастыру. -қарсылас адамның ыммен, қимылмен келтірген сезімін түсіну; -қимылдық қарым-қатынастың жағымды не жағымсыз екенін анықтау. Ауызша қимылды түсіну және жауап беруді білу. -шақыруды қабылдау және оған дұрыс әсер ету; - өзінің тілегін дұрыс айту; - өзінің көзқарасын айта білу. Әлеуметтік қарым-қатынаста өз мәселесін шеше білу; - ойын барысында тапсырманы орындауда, жолдасына кезекті ауыстыру кезінде адамгершілікпен қарау; - басқа сыныпқа немесе топқа ауысқан кезде салмақтылық сақтау. - бірлестікке, тіршілік етуге оқыту. -қиын мінезді балаларды үйрету; - таныс адамның кешірімін қабылдау; - басқалармен көңіл көтере білу. Қажетті ережелермен іс-әрекет жасау. - үй-іші реттілігін білу және оны сақтау.

Танымдылық және жаңа заттарды жасау. Материалмен жүмыс істеуді және оның құрамын білуді қалыптастыру: -балшықпен, ермексазбен, қамырмен жұмыс (ойыншықтар, қолдан жасалған бұйымдар жасау); - әр-түрлі заттарды бояумен әрлендіру; -қағаз сулықтарын бүктеу. Материалдармен,құралдармен және саймандармен жұмыс істеуге қауіпсіздік ережелерін сақтау; -пышақпен, қайшымен дұрыс жұмыс жасау; -ыстық суды байқап қолдану;

Өзінің қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру қабілетін қалыптастыру және тазалық ережелерін сақтау немесе тиісті көмекті қолдану. Дене күтімі және косметиканы қолдану дағдылары: - дене тазалығына қажетті заттарды қолдана білу; -косметиканы орнымен қолдана білу; -жыныстық дене мүшелерін жуу; - таңертең және кешкілік жуынудың реттілігін сақтай отырып, өздігінен орындау. -денедегі өзгерістерді бақылау (қызарған, көгерген және т.б.) медициналық көмекті қажет ететін өзгерістер туралы хабарлау (айту). Шешіну және киіну дағдылары: - қиынға түсетін және күрделі түймеліктерді түймелеу; -киімдерді ұқыптап орналастыру, бүктеу; - киімді киімілгішке ілу; - бас киім, көйлек, пальтоны щеткамен тазалау; - аяқ киімді күту; шаңын және лас жерін сүрту: резеңке аяқ киімдерді жуу; - бәтіңкенің (баулай білу) бауын өткізе білу, баулауды білу; Тамақтану дағдылары: - алдын-ала дайындаған тамақты шанышқымен жеу. - тамақты пышақпен кесу. -нанға жағу (бутербродтар жасау). -ас мәзірін жасауға көмектесу; -тамақтану ережелерін сақтау; - үстел басында тазалық пен тәртіпті сақтау; -ас үй ыдыстарының атын және қолдану мақсатын білу. Қиналған және ауырған кезде өзін- өзі ұстау: -ауырған және жарақаттанған кезде өзін-өзі ұстау; -көмектескен адамның кеңесін тыңдау; -ауырғанды науқастың белгісі ретінде қабылау; -ауырған кезде өзіне өздігінен көмек көрсете білу (жүрек айну, іш өту, ұзақ жарақаттар т.б) -басқаларға қажетті көмек көрсете білу. Өзінің бөлмесін таза ұстай білу: -тамақтанатын орынды жинау және таза ұстау; -оқу бөлмесін және жататын бөлмесін тазалау және жинау (дымдап тазалау); Қауіп-қатерді сезіну және алдын алу шараларын қолдана білу қабілетін қалыптастыра білу: Жағдайдан және іс әрекеттен туындайтын қауіпті түсіне білу. -ескертулерге назар аудару (құлақ асу); (айғай, қимыл); -тиісті қауіпсіздік шараларын қолдану; Заттар мен азық-түліктен болатын қауіпті тоқтата білу; -жарақаттайтын, күйдіретін және т.б заттарды білу. -жарылғыш заттарды білу (аэрозолдар,шашыратуға арналған құралдар, газ жабдықтары); -диета сақтау (жеке шектеулерді); -дәріні рұқсатсыз қабылдау; -дәріні тағам түрінен (азық-түлік тағамдарынан) айыра білу; Жағдай талаптарын ескере отырып, өзінің күшін бағалай білу қабілетін қалыптастыру: -өз қабілеттерінің шегін анықтай білу және өзін соған сәйкес ұста білу; -өзінің мүмкіндіктерінің шегін білу және оны дұрыс бағалау; -қаупсіздікті сақтау; -өз мүмкіндіктерін өзгелермен салыстыру; -өз мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеге жеткізу. Негізделген сындарды қабылдау және негізделмеген сындарды қабылдау: -айналасындағылардың сын ескертулеріне назар аудару; - негізделген және негізделмеген немесе (дәлелденген және діәлелденбеген) сындарды айыра білу; -өзін сыншылдыққа үйрету.



Қоршаған ортаны бағдарлау.

Күнделікті өмірдегі бағдарау қабілетін қалыптастыру: -көліктерді және жолда бағдарлау қабілетін қалыптастыру; - жаяу жүргінші жолын пайдалану (тротуармен жүру) және оның не үшін қажет екенін білу; -өз аялдамасын білу; -жолдан дұрыс өте білу (бағдаршаммен және бағдаршамсыз). Телефонды және ұялы телефонды қолдана білу дағдысын қалыптастыру: -тұтқаны көтеру және жауап беру; -қысқа ақпаратты қабылдау; -жазылған бойынша бірнеше нөмірлерді теру; -Компьютерді пайдалана білуге: қосуға, өшіруге, интернетке кіру, шығу; Мәдени мекемелерге және іс-шараларға бару дағдыларын қалыптастыру: -ұсынылған іс-шаралардан біреуін таңдай білу; -көрген іс-шараларын бағалай білу. Уақыт реттілігін түсіну және оны анықтай білу және оған бейімделу қабілеттерін қалыптастыру: уақыттың қарапайым маңыздылығын қабылдай білу, уақыт туралы сөйлесуді түсіну, басшылық ету. -басқа іс-әрекет басталмас бұрын алдыңғы іс-әрекет басталады және аяқталатынын анықтау; - жақын арада болып өткен іс-әрекетті көз алдына елестете білу; -күні бойы болған іс-әрекеттерді дұрыс анықтау; - әрбір күннің белгілі бір реттілікпен өтетінін білу. Апталық уақыттың маңыздылығын ескерту және түсіне білу: - апта күндерінің атауын білу; -апта күндерін ретімен дұрыс айта білу; -демалыс күндерін білу және оның ерекшеліктерін есте сақтау. Жылдың уақыттың маңызын түсіну: - жыл бойы табиғатта болатын өзгерістерді айыра білу; -өзінің туған күнін білу және туысқандарының туған күнімен байланысты ай атауларын білу. Табиғат өзгерістерін түсіну және оған бейімделу қабілеттерін қалыптастыру: -үй жануарлары, жабайы жануарлар; -өзіне таныс жануарлардың өмірлік қажеттіліктерін білу, оларды қоректендіру; -белгілі бір азықты белгілі бір жануарға азығын апарып беру (суреттермен жұмыс). Бөлме өсімдігі, дала өсімдіктері; -өсімдіктерді суғару және күту; -бөлме және бақ өсімдіктерін айыра білу; -гүл шоқтарын құрастыру және тұқымдарын жинау; -піскен тұқымдарды пісіп жетілмеген тұқымдардан айыра білу. Қоршаған табиғатты және оның өзгерістерін білу: - қолайсыз ауа-райынан қалай сақтануды білу (қолшатыр, етіктер, бессаусақ қолғап); -ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік білу (боран, қар, т.б)

Қоғамдағы бағыттау , оған кірісу және құру: Ұға білу және ауызша жауап беру; - дұрыс сәлемдесе білу, өзін таныстыра білу, құттықтау, шақыру; - көргенін жеткізіп айта білу; Бірге тұруға, бірігіп жұмыс істеуге үйрету; -топтағы басқа адамдардың қатысуына төзе білу, өз жұмысын жалғастыру; -таныс адамның кешірім өтінуін дұрыс қабылдау; -таныс ортада бейтаныс адамды қабылдай білу (қонаққа көмектесу, бөлмелерді аралату т.б.) -еңбек тапсырмаларын орындау кезіңде басқа балалармен бірге жұмысқа араласу; Қажетті істерді шешуде іскерлік көрсету: -көпшілік ойындар тәртібін игеру және үстел үстінде ойнайтын ойындардың кезегін күтіп үйрету; -кішіпейілдік әдеттерін білу және бір жерге барғанда сол әдеттерді қолдана білу; -қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстай білу (итермеу, үлкендерге, мүгедектерге орын беру, тезірек түсіп кетуге үйрену т.б.) -мекемелерге барғанда өзін сыпайы ұстай білу (есік қағу, күту, кезек күте білу, ризашылық білдіру). Негізсіз талаптан өзін-өзі қорғай білу. - адамшылығына шіркеу келтіретін шабуылдарын қорғана білу (негісіз тиым салу, ұрысу және кемсіту); -кемсітетін істерді атқарудан бас тарту; -жекеменшікке қол сұғушылыққа қарсы тұра білу (ұрлық немесе заттарды құрту); Материалмен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру және оны таңдай отырып, іске асыру: -әртүрлі құрал заттармен ойнау: құм тас, су, ұсақ тастар, -қысу, жырту, бөлу, қағаздарды бөлікке бөлу, мата, -жұлдызша кесу, әшекейлеу; -екі мата бөлігін жай тігіспен тігу. Құрал-жабдықтармен, аспаптармен, саймандармен жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін сақтау: -пышақ, қайшыны дұрыс ұстау; -ыстық ыдысты қолғаппен ұстау; -газдың шығуының қауіптілігін білу; -үйдегі тұрмыстық техниканы қолдана білу.


© 2010-2022