Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық білім беру департаменті

Индер аудандық білім бөлімі

Кулагино орта мектебі







Мұрат Нұрила

2 «ә» сынып

Тақырыбы: «Ешкі сүтінің емдік қасиеті»

Бағыты: Таза табиғи орта-Қазақстан 2030 стратегиясын іске

асырудың негізі.

Секциясы: Дүниетану

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы










2014 жыл

Кулагино орта мектебінің 2ә сынып

оқушысы Мұрат Нұриланың

«Ешкі сүтінің емдік қасиеті»

атты ғылыми жұмысына





Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының

жетістіктерін, ата - бабамыз ешкі

өсірумен ертеден -ақ айналысқанын,

ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру.

Зерттеудің міндеті: Халықты әр түрлі аурудан аман алыпқалудың жолы -

осы ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану.

Зерттеу гипотезасы: Ешкі малының түрлерімен жан-жақты танысып, адам

өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау.

Зерттеудің

маңыздылығы : Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем

болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп,

іс жүзінде пайдалануға болатынында.

Зерттеу жаңалығы: Ешкі сүті басқа малдардың сүтіне қарағанда емдік

қасиеті көп екенін байқадым.

Жұмыстың нәтижесі мен шешімі -Зерттеу барысында менің үйренгенім:

1.Пайдалы ақпараттарды өз бетіммен іздеу.

2.Табылған ақпараттарды сараптау

3.Шешім қабылдау алу

Зерттеу жұмысының

негізгі тұжырымы: Зерттеу барысында ешкі малының түрлерімен таныса

отырып, ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы

туралы ел арасында ертеден белгілі екенін

қарастырдым.


Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ.Зерттеу бөлім

1.Ешкі туралы жалпы мәлімет.

2. Ешкі сүтінің емдік қасиеті

ІІІ.Қорытынды бөлім.




Кіріспе



Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып т.б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. «Ешкілі бай - есепті бай» демекші, халқымыз ежелден-ақ ешкіні еті мен сүті, түбіті мен жүні үшін ұстаған.Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.



І.Ешкі туралы жалпы мәлімет.
Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Ешкінің ең басты ерекшелігі - кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Ешкі - тазалықты жақсы көретін жануар, сондықтан олардың астында үнемі төсеніштері жеткілікті болуы қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, шымтезек немесе құрғақ жапырақтарды қолдануға болады. Ешкі - қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Оның орналасқан жерінің температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жас. Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы - жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады. Ешкілер - көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды. Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді.Ешкі бір - екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкі Қазақ ешкіні жасына қарай: үлкен теке серке дөнен серке құнан серке ту ешкі үлкен ешкі
сақа ешкі туша шыбыш шыбышша шыбыжық марқа лақ - деп атайды. Жынысына қарай: теке, серке, лақты ешкі, ешкі, еркек марқа лақ, ұрғашы марқа лақ, еркек лақ, ұрғашы лақ деп те атайды. Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті
ІІ. Ешкі сүтінің емдік қасиеті. Ешкі сүтінің қасиеті Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Мен осы баяндамамда ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымын. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл қан аздықтың алдын алуда аса маңызды, - деп зерттеген. Сондай-ақ, олар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды келетінін зерттеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін
тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты. Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе, қан аздық, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады. Аллергияда Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие. Ағзаны қалпына келтіруде Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет. Сүйекке пайдасы Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. Асқазан және ішек ауруларында Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды
бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі. Ешкі сүті диатез дертінде Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс. Ұйқы безінің қабынуына Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет. Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет. Қатерлі ісік дертіне пайдасы Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Атырау облысының әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетовтың қолдауымен Махамбет ауданы, Сарайшық селосында ешкі сүтін өндіретін «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығы ашылды. «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы Владимир Розметов. Оған өзі үшін жаңа бизнес саласында балалары Тамила мен Тимур Розметовтер қолғабыс етіп келеді.Зерттеу барысында жеке қожалыққа барып,
жұмысшылармен кездесіп пікір алыстық. Жеке қожалықта 600 бас ешкі малын 1000 басқа дейін ұлғайту жоспарлануда екенін атап айтты. Ешкі зауыты бойынша 15 адам қызмет етеді. «Атырау Агро өнеркәсібі» ешкі сүтінен бөлек сарысу ,сүзбенің үш түрін, сүзбе-ірімшік ,айран, ірімшік, құрт,иогурт,сарысу өнімдерін жасайтынын атап көрсетті. Өнімді Атырау қаласындағы «Дина», «Насиха» базарларынан және «Бақ-Дәулет» сауда орталығынан табуға болады-дейді зауыттың оператор қызметшісі Александр Шефер. Ешкі сүтін өңдеу кешені. Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиетіҒылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті
Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиетіҒылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті


Сербиядан келген Занеен ешкілері


Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиетіҒылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиетіҒылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиетіҒылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті «Атырау Агро өнімдері» Ғылыми жұмыс Ешкі сүтінің емдік қасиеті


Қорытынды
Мал жоқ шығар қойдан асар - дегендей үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасасақ, сондай пайда көріп отырмыз.Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.Өсіп келе жатқан мына біздер қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауымыз керек. Ауруға ем іздеймін деп, ауру тауып алмаңыз. Ешкі сүтін танымайтын адамдардан, кез келген жерден сатып алуға болмайды. Сарып (бруцеллёз) ауруының инфекциясын жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Ұсыныс: 1.Келешекте Индер ауданында ешкі шаруашылығын көркейтіп, аурухана, бала-бақша , мектептерде ешкі сүтімен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылса. 2. Ауданымыздың барлық ауылдарына «АтырауАгро Өнімдері» табиғи таза өнімдерімен , қамтамасыз етіліп отырса, балаладың да , ересектердің де денсаулығына пайда келтірер еді.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.«Қазақ энциклопедиясы» 8 том.

2.«Ол-кім, бұл не?» №1

3.Интернет ресустары.

© 2010-2022