Интересная математика в мире сказок

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Досмуханова Б. Т.

Чкалов № 2 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы; «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі қызықты математика»

Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндер және олардың қасиеттерімен таныстыру. Қоршаған ортадан көлемі бойынша (жуан жіңішке, кең тар; ұзын қысқа; биік аласа) заттарды ажырата алу жағдыларлын бекіту. Реттік санау, теңдіктерден теңсіздіктер жасай алу дағдыларын нақтылау. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсәлдері: сұрақ жауап, ойындар ойнау, жұмбақтар шешу, жапсыру.

Қажетті көрнекіліктер: слайд, геометриялық пішіндер жапсырылған кітап, геометриялық пішіндерге ұқсайтын суреттер, 1-ден 10-ға дейінгі цифрлар, геометриялық пішіндер. Үлкен және кішкентай суреттері бар суреттер.

Үлестірмелі материалдар: екі жолағы бар карточкалар, әр балаға 2, 3, 5 сандары және үлестірмелі геометриялық пішіндерге ұқсатып суретті парақтар,.

Қостілдік компонент (вилингвальный): Длинный -ұзын, короткий -қысқа, большой-үлкен, маленкий-кішкентай, кең-широкий, тар-тесный, зелёный-жасыл, красный- қызыл, жёлтый-сары, белый- ақ,

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Музыкамен сыныпқа кіреміз.

Балалар шаттық шеңберіне дөңгеленіп тұрайық.



Балалар енді барлығымыз орындарымызға отырамыз.

Балалар қазір бізде қарапайым матиматикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс әрекеті болады.

Балалар бір бірінің қолдарынан ұстан тұра қалады.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апайлар

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсаламыз

Сәлем, сәлем, сәлем!

Балалар орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Математика ханшайымын қарсы алады.

Салеметсіздер ме балалар, сендерді көргенім қандай жақсы болды. Менің елімде жел, боран тұрып мына кітаптарымның парақтарын ұшырып кетті, жинауға көмектесесіндер ме?

Кітап бетіне пішіндеріне байланысты суреттерді тауып орналастыру.

Шаршыны қалай білесіндер?

Үшбұрыш екенін қалай білесіңдер ме?

Дөңгелек екенін қалай білеміз?

Сопақша екенін қалай білеміз?

Көпбұрыш екенін қалай білеміз?

математика ханшайымы орманнан жануарлардың тапсырмаларын алып келіпті, барлығымыз көмектесемізбе?

(Слайд көрсету) арқылы ойын.

Бірінші аюдың тапсырмасы: Ойын: «Суретіне қарап санын айт»

Екінші түлкінің тапсырмасы:

Ойын: «Сөйлемді аяқта»

Сергіту сәті. Видео арқылы.

Үшінші қоянның тапсырмасы:

«Бос торкоздерге саламыз»

(Геометриялық пішіндерді орналастыру)

Д\о «Сөйлемді аяқта»

Бірінші бөлме кең,

Екінші бөлме ......

Емен жуан,

Қайың ......

Қыздың шашы ұзын,

Баланың шашы .....

Піл үлкен,

Күшік .....

Бірінші үй биік,

Екінші үй .... .

Логикалық есеп:

Ойнап жүріп ақ қарда

Әсет келіп құлады,

Бекет келіп құлады,

Жанар келіп жылыды.

Неше бала құлады?

Неше бала жылады?

Барлығы неше бала ойнады?

Математика патшалығына естелік қалдыру.

Түрлі пішіндерден үй құрастырып жапсыру.

Сәлеметсіз бе.

Иә көмектесеміз.

Кітап бетінде тұрған пішінге ұқсас суреттерді тауып орналастырады.

Қабырғаларға бәрі тең шаршы деп аталады.

Үш бұрышты жалаушаны. Желбіретіп жүреміз.

Дөңгелек ол доп, алма, қызынықтың. Қыры жоқ кетер дөңгелеп.

Пішінін біз білеміз, шарда, кәді, жүгері сопқша деп жүреміз

Ұяшығын араның. Көп бұрыш деп санағын.

Көмектесеміз.

Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.

Қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауабы.

Тар.

Жіңішке.

Қысқа

Кішкентай

Аласа

2 бала құлады.

1 бала жылады.

Барлығы 3 бала ойнаған.

Балалар пішіндерден үй құрастырып жапсырады

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Математика ханшайымы:

Рахмет, балалар, енді мен сендерге сыйлық беремін, ризамын сендерге.

Математика елінен не көрдіңдер?

Қандай кейіпкерлер ертегілерден келді?

Қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Мадақтау.

Қонақтармен қоштасу.

Сауболыныз!

Рахмет сізге!

Балалардың

Бауаптары.

Күтілетін нәтиже: Балалар геометриялық пішіндерді және оның қасиетін білу.

Нені білу керек: 1-ден 10- ға дейін санау. Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табу.

Қандай түсініктерді игереді: геометриялық пішіндерді және оның қасиетін біледі, 1-ден 10- ға дейін сандарды игерді.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Геометриялық пішіндерден үй құрастырып жапсыру.

Түсінік хат

Бала математикалық қарапайым түсініктермен, ұғымдармен танысады. Баланың үздіксіз дамуын, дүниетанымын кеңейту, жеке жас ерекшеліктерін ескеру, ойлау жүйесін дұрыс қалыптастыру.

Реттік санау, теңдіктерден теңсіздіктер жасай алу дағдыларын нақтылау. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тапсырмалар мазмұны балаланың танымдық әрекетін қалыптастыруға, жеке бас ерекшеліктері мен даму деңгейіне лайықталынды.

Шығармашылыққа үйрететін ойын-жаттығу әдістерін қолдану, баланы әдеби кейіпкердің іс-әрекетінен байыптап, бағдарлай білуге үйрету

Заттардың түріне, түсіне, пішініне қарай салыстыру, талдау, әр затты қолдарымен ұстап оған, мән беру арқылы ішкі сезімге әсер ету, сонымен бірге баланың өздігінен ізденуі дамудың бірден - бір жолы.Баланың сандарды баспа түрінде (қарандашпен) жазуын қалыптастыру.

Қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру барысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өзіне тиісті үш мақсатта яғни білімдік, тәрбиелік, дамытушылық.



Рецензия

Білім беру саласы; «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі қызықты математика»

Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндер және олардың қасиеттерімен таныстыру. Қоршаған ортадан көлемі бойынша (жуан жіңішке, кең тар; ұзын қысқа; биік аласа) заттарды ажырата алу жағдыларлын бекіту. Реттік санау, теңдіктерден теңсіздіктер жасай алу дағдыларын нақтылау. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінде тәрбиеші жаңа технологияларды қолданды. «ТРИЗ элементері», «Сын тұрғысынан ойлау», «Ойын» технологияларын кеңінен қолданады, тәрбиеленушілердің ақыл-ой қабілеттерін дамытып, әр баланың жеке тұлғаның ретінде қалыптасуына ықпал жасайды.

Қарапайым матиматикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс әрекетінде ойын арқылы балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алудың алғашқы сатысына бейімдеу, көрнекіліктер пайдаланды, слайд қолданды. Оқу іс әрекетінде балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытты.

Балалар сандарды жетік білді. Геометриялық пішіндерді, түстерді, заттарды ажырата білді.

Балалар тосын сыйға өте риза болды.



Білім беру саласы; «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі қызықты математика»

Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндер және олардың қасиеттерімен таныстыру. Қоршаған ортадан көлемі бойынша (жуан жіңішке, кең тар; ұзын қысқа; биік аласа) заттарды ажырата алу жағдыларлын бекіту. Реттік санау, теңдіктерден теңсіздіктер жасай алу дағдыларын нақтылау. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсәлдері: сұрақ жауап, ойындар ойнау, жұмбақтар шешу, жапсыру.

Қажетті көрнекіліктер: слайд, геометриялық пішіндер жапсырылған кітап, геометриялық пішіндерге ұқсайтын суреттер, 1-ден 10-ға дейінгі цифрлар, геометриялық пішіндер. Үлкен және кішкентай суреттері бар суреттер.

Үлестірмелі материалдар: екі жолағы бар карточкалар, әр балаға 2, 3, 5 сандары және үлестірмелі геометриялық пішіндерге ұқсатып суретті парақтар,.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мотивациялық қозғаушы.

Балалар музыкамен сыныпқа кіреміз.

Тәрбиеші: сәлеметсіздер ме, Балалар!

Балалар: сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: балалар, бүгінгі күніміз шуақты, ісіміз сәтті өтсін деп шаттыққа толы жүрекпен бір-бірімізге деген лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апайлар

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсаламыз

Сәлем, сәлем, сәлем!

Тәрбиеші: балалар қазір бізде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекеті. Балалар бір дыбыс естіледі? ол қандай дыбыс? қанеки көрейікші ол кім екен? Сол кезде есікті қағып тұрған математика ханшайымын көреді.

Математика ханшайымы: Салеметсіздер ме балалар, сендерді көргенім қандай жақсы болды. Менің елімде жел, боран тұрып мына кітаптарымның парақтарын ұшырып кетті, жинауға көмектесесіндер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе. Иә көмектесеміз.

Математика ханшайымы: Кітап бетіне пішіндеріне байланысты суреттерді тауып орналастыру керек.

Балалар: Кітап бетінде тұрған пішінге ұқсас суреттерді тауып орналастырады.

Математика ханшайымы: Шаршыны қалай білесіндер?

Балалар: Қабырғаларға бәрі тең шаршы деп аталады

Математика ханшайымы: Үшбұрыш екенін қалай білесіңдер ме?

Балалар: Үш бұрышты жалаушаны. Желбіретіп жүреміз

Математика ханшайымы: Дөңгелек екенін қалай білеміз?

Балалар: Дөңгелек ол доп, алма, қызанықтың. Қыры жоқ кетер дөңгелеп.

Математика ханшайымы: Сопақша екенін қалай білеміз?

Балалар: Пішінін біз білеміз, шарда, кәді, жүгері сопқша деп жүреміз

Математика ханшайымы: Көпбұрыш екенін қалай білеміз?

Балалар: Ұяшығын араның. Көп бұрыш деп санағын.

Тәрбиеші: Математика ханшайымы орманнан жануарлардың тапсырмаларын алып келіпті, барлығымыз көмектесемізбе?

Балалар: Көмектесеміз.

(Слайд көрсету) арқылытапсырмаларды орындаймыз.

Математика ханшайымы: Бірінші аюдың тапсырмасы: Ойын: «Суретіне қарап санын айт»

Мақсаты:1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.


Тәрбиеші:балалар қанекей тапсырманы орындайық. Заттардың сандарын бірігіп жазайық.

Математика ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!

Екінші түлкінің тапсырмасы: Ойын: «Сөйлемді аяқта»

Д\о «Сөйлемді аяқта»

Бірінші бөлме кең,

Екінші бөлме ......

Емен жуан,

Қайың ......

Қыздың шашы ұзын,

Баланың шашы .....

Піл үлкен,

Күшік .....

Бірінші үй биік,

Екінші үй .... .

Балалар: балалар бірігіп жауап береді.

Сергіту сәті. Видео қарап қимылдарды бірге қайталау.

Үшінші қоянның тапсырмасы«Пішіндерді орналастыр»

(Геометриялық пішіндерді орналастыру)

Ойынның мақсаты:заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған геометриялық пішіндер.

Математика ханшайымы: жарайсыңдар балалар! Мен аюға, түлкіге, қоянға тапсырманы орындағандарынды айтып барамын.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Логикалық есеп:

Ойнап жүріп ақ қарда

Әсет келіп құлады,

Бекет келіп құлады,

Жанар келіп жылыды.

Неше бала құлады?

Неше бала жылады?

Барлығы неше бала ойнады?

Балалар: 2 бала құлады.

1 бала жылады.

Барлығы 3 бала ойнаған.

Тәрбиеші: Математика патшалығына естелік қалдыру үшін түрлі пішіндерден үй құрастырып жапсырайық.

Балалар: Балалар математика ханшайымымен бірігіп геометриялық пішіндерден үй жапсырады.

Математика ханшайымы: Рахмет, балалар, енді мен сендерге сыйлық беремін, ризамын сендерге.

Балалар: сау болыныңыз! Рахмет!

Тәрбиеші: балалар сендерге бүгінгі ашық оқу іс-әрекеті ұнадыма?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Математика елінен не көрдіңдер?

Қандай кейіпкерлер ертегілерден келді?

Қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Мадақтау!

Тәрбиеші: Балалар енді барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!







© 2010-2022