Открытый урок Сын есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақтың тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: 1. Сын есімді қайталау, оның негізгі және туынды болып екіге бөлінетінің түсіндіру, сөйлем ішінен сын есімді таба білуге, сұрақ қоя білуге дағдыландыру.

2. Сауатты, көркем жазу дағдысын жетілдіре отырып саусақ икемділігін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Ұстамды, ұнамды іс әрекеттер жасай отырып тәртіпті оқушы болуға талпындыру, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: Оқулық, жұмыс дәптері, ребус, слайдтар, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, Қ.Сатпаев туралы материал(суреті)

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, жеке шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, психологиялық дайындық , сематикалық карта. өзін-өзі бағалау парақпен жұмыс, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Керекті құралдарды алғызу, назарларын жинау.

  2. Психологиялық дайындық жұмысы. Балалар біз экономикалық қатынас замананда өмір сүріп жатырмыз, қазіргі кезде жұмыс жасалынбас бұрын адамдар келісім шарт жасап, соған бағынады, бүгінгі біздің сабақта ерекше, сондықтан біз келісім шарт жасап алайық. Яғни әркім өзін қалай ұстайды?,көрші отырған балаға қалай әсер береді?, деген сөз. Ал келісім шартағы екінші жақ осы сөздерінді сабақ бойы байқап, қадағалап отыратын кісі ата-аналар тарапынан Гүлжан Базарбековна Сембаева болады.Балалар тыныш отырамыз, бір-біріміді сыйлаймыз, пікірін тындаймыз, кедергі жасамаймыз сияқты жауап береді.

  3. Алдынғы сабақта үйге не берілді.?134 бет 54-жатт. Жақсы.

- Не істеп кел делінді? (үш жақта жаып келу) Дәптерді ашамыз, көрші баламен дәптерлерінді ауыстырып, тексеріп шығамыз. Кімде үй жұмысы орындалмаған?. Онда бағалау параққа тиісті бағасын қоямыз.

Енді қаақ тілі сабағы болғандықтан ереже әлеміне тоқтала кетейік. Қазір Саят, Диляра Т, Аслан, Анель, Жандос тағы кім өзіне сенімді?- осы балалар мына картамен жұмыс жасайды. Түсіндірудін қажеті барма?

- Біз қандай үлкен тақырыпты оқып бітірдік? (Етістіктін шақтары)

- Етістік дегеніміз не? (Нұрбол М)

- Неше шақ бар? Кім атап береді?

- Осы шақ дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өткен шақ?

- Келер шақ?

Болсақ жұмысты меған беріп жіберіңдер.

  1. Қазір алдарында жатқан кішкене қағазға мына есепті шығарып кілтін тапсаңдар бір сөз шығады. Сол сөзді табындар, іске сәт

8*3=24 4*2=8 6*4= 24 5*2+7=17 7*5=35 6*3=18 2*15+8=38

8=е 17= м 24= с 18=н 38=і 35=ы

Сын есім дұрыс, енді бір-бірлерінді тексеріп бағалау бетіне бағаларынды қойындар.

Тақырыпты жазу, көркем жазу жолын жазу.

Сонымен бүгінгі сабақтын мақсаты қандай, нені білеміз, нені үйренеміз?

  1. Қазір кітаптың 135 бетін ашамыз, №1 жаттығуды қараймыз.

  • Өлеңде қандай тапсырма берілгенің өз беттерімізше оқимыз.

  • Не істеңдер дейді?

  • Дұрыс, өлеңді мәнерлеп оқыңдар, сосын негізгі және туынды сын есімді тап дейді.

Жаттығуды орындамас бұрын сын есім дегеніміз не еді? Кім ережесін еске түсіріп береді?

Слайд №1

  • Негізгі сын есім дегеніміз не?

  • Туынды сын есім дегеніміз не?

Слайд №2 ( қорыту- мұғалім)

  1. Базарбай Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңін мәнерлеп оқимыз. Бір шумақтан.

  • Өлең не туралы жазылған? (дұрыс, елімде көк айна көл, кең жайлау, атақты ерім бар дейді. Жемісті бауым, шың-құзды тауым, жеңісті қауым бар, жайдарлы желім, өрісті белім бар дейді.

Енді негізгі және туынды сын есімді тауып, тақтаға жазамыз. Әр бала біржолдан оқып, ішінде бар сын есімдерді табады. Тақтаға жазып отырады.

Қазір 2-ші жаттығуды орындаймыз. Ол үшін екі бала жұп болып жұмыс жасайды. Жатқа жазу. Өлеңді жаттап алып, бір-бірлеріне айтып бересіңдер, сосын әдемі, қатесіз жатқа жазамыз, тыңыс белгілеріне көңіл бөлуді ұмытпаймыз. Енді кім болса өзін бағалау бетіне баға қойындар.

Жұмбақтың шешуі не? Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесіңдер.

  1. Енді орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасаймыз.

  2. Дәптерге 3-жаттығу деп жазындар.

Жаңа жолдан бастап мәтінді қатесіз, әдемі көшіреміз. Кім болса астында берілген тапсырманы жасайды. Ал болдық па? Тексерейік. Бірінші сөйлемді Анель оқып, талда. Екінші сөйлемді Таңшолпан. Үшінші сөйлемді Жандос. Төртінші сөйлемді Ұлан. Енді балалар жаңа тапқан сын есімдерді аитпай, яғни алып тастап оқиық, не болады екен? Нұрбол баста. Амина, Арай, Елдар,Диляра. Қандай өзгеріс болды..

Балалар мәтінде қандай мамандық туралы айтылған? Геолог, қазақтын атақты қандай ғалым, геолог туралы оқып едік? Қаныш Сатпаев аталарын. Жақсы жаттығуды қорытайық: Слайд №2 Хормен оқыту.

  1. Топтық жұмыс. Қазір төрт топқа бөлінеміз.

№1 топ.Анель, НұрболҚ, ДиляраТ, Ермек С

№2 топ Таңшолпан, Саят, Аслан,Амина

№3 топ Жандос, Қарақат,Нұрбол М, Абзал.

№4 топ Диляра А, Ұлан, Елдар,Арай

Енді топқа бөлініп отырсақ, тапсырманы орындамас бұрын оны түсініп алу керек. Ол үшін №3 слайдты( немесе кітапта да бар) қараймыз. Сызбаның ортасындағы сөзді жасырған. Қанеки тез табайықшы.

Дұрыс, неге шаш, үй деген сөзді алдындар? Себебі қандай сұрағына жауап береді. Енді сендер бір бетке сыба саласыңдар, онда не ортасындағы сын есімді білдіретін сөзді немесе керісінше жан-жағына тараған сөздерді жасыруға болады.

Тірек сөздер: Пайдалы қазба, жануар, өсімдік, мінез-құлық, Әдемілеп, бояп отырудың қажеті жоқ. Тек сызбаны ғана, бір,екі бояумен сызындыр.Тақтаға ілгізу, қорыту.

  1. Бағалау параққа бағалап қойып келесі тапсырманы орындауға көшелік.

  2. Сабақты қорыту: №5 жаттығуда қарындаштарыңмен тастап кеткен сөздді орнына апарып қойындар. Кітапта орындағандықтан қатты басып бояп, шимайламаймыз, сосын өшіріп тастайсыңдар.Ал тексерейік. Слайд №4 Кім мәнерлеп ,түсінікті оқып береді.Қарақат, Нұрбол, Амина

Есентай Ерботин ағаларын сендерге қандай бол дейді?

  1. Бағалау: Ал енді дәптер,кітапты жауып бәріміз көңілімізді меған аударамыз!

Өзін бағалау парақтарынды алып, қорытып, орта бағаларынды шығарындар. Кім әзір, құлағымыз сонда. Анель, Таңшолпан, Жандос, Диляра, Елдар, Ұлан т.б

Келісемізбе?

  • Сонымен бүгінгі сабақ қандай әсер қалдырды.?

  • Үй жұмысын жазамыз 136 бет №6 жаттығу, сурет бойынша әңгіме құрып келесіңдер.Өздерін алған бағаларынды күнделікке қоямыз, мен сосын қол қоямын.

  • Ал енді сөзді Гүлжан Базарбекқызына береміз.




Семантикалық карта

әдемі

Он үш

балалар

ойнады

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Семантикалық карта

ойнадым

жүгіресің

жазамын

Айтып отырмын

жауды

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

етістік

Семантикалық карта

Оқып отырмын

оқыймын

жаздым

тігесің

Оқып отыр

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ


Семантикалық карта

Оқып отырмын

оқыймын

жаздым

тігесің

Оқып отыр

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ


Семантикалық карта

жазамын

жүгірдім

Жүгіріп барат

жүзеді

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Өзін бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

5,4,3,2 бағалары қойылады.

Жұмыс түрі(жаттығу, тапсырма)

өзі

Досы

мұғалімі

1

Үй тапсырмасын орындап келуің

2

Ережені қалай білесің?

3

Семантикалық картамен жұмыс

4

Ауызша жауап беруін

5

Математикалық ребус

6

Мәнерлеп оқу 1-жаттығу

7

Көркем, қатесіз жазу машығы 3-жатт

8

Жұмбақты жатқа 2-жаттығу

9

Топпен жұмыс жасау 4-жаттығу

10

Өзін ұстай білу, сабақтағы белсенділігін

11

ҚОРЫТУ

Орта баға « »


Өзін бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

5,4,3,2 бағалары қойылады.

Жұмыс түрі(жаттығу, тапсырма)

өзі

досы

мұғалімі

1

Үй тапсырмасын орындап келуің

2

Ережені қалай білесің?

3

Семантикалық картамен жұмыс

4

Ауызша жауап беруін(сұрақтарға)

5

Математикалық ребус

6

Мәнерлеп оқу 1-жаттығу

7

Көркем, қатесіз жазу машығы 3-жатт

8

Жұмбақты жатқа жазу 2-жаттығу

9

Топпен жұмыс жасау 4-жаттығу

10

Өзін ұстай білу, сабақтағы белсенділігін

11

ҚОРЫТУ

Орта баға « »











© 2010-2022