Урок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хат

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Ата-әжеме хат»

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік : Оқушыға ақынның өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беріп, «Ата-әжеме хат» әңгімесін мәнерлеп оқуға және хат жаза білуге үйрету.

2.Дамытушылық:Математикалық жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, әдемі, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын жеткізу;

3.Тәрбиелік:Үлкендерді сыйлауға,туысқандарын сыйлауға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Ы.Алтынсарин суреті,слайдтар,сұрақ-жауап.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық дайындық.

-Балалар,орнымыздан тұрайық қане
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар,бүгін бізге қонаққа басқа сыныптардың ұстаздары келіп отыр. Ойлы бала,озар» апталығына байланысты,ұстаздар бізді сынамақ.Оларға сауаттылығымызды,әдептілігімізді және тәртіпті екенімізді көрсетуіміз керек.
Адам күнделікті өмірде,деніміздің саулығына, аман-есен бір-бірімен қауышқанына аспанымыз ашық,бейбіт елде өмір сүріп жатқанына қуану керек екен..Олай болса,мен сендерге қуаныш тілей отырып сабағымызды бастаймыз, әдебиеттік оқу пәнінен алган білімдерімізді тиянақтаудан бастаймыз.

2.«Ойы озық кім екен?» деп аталатын ойын ойнап өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып. Жауап берген окушыны марапаттау.

Ойын шарты: сұрақтарға жауап беру.

1.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

2.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

3.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

4.Абайдың нақыл сөзін аяқта...

5.Ертегілер нешеге бөлінеді?

6.Спандияр Көбеев туралы не білесің?

7.Астанаға жыр арнаған ақынды ата.

8.Абай өлеңіндегі жаман іс.

9.Қазақша жыл санау қалай басталады?

3.Үй тапсырмасын пысықтау.

Жақан Смақов

«Апаның тілін алса егер»өлеңін оқыту

-Жақан Смақов туралы не білесің? Оленди тиянактап не жайында айтылгандыгын сұрап адамның адам болып калыптасуына улес косатын отбасы.

Оленде айтылган апа, бала барлыгы нені кұрайды.Отбасын кімдер кұрайды. Ал осы отбасы мушелери бір бірінен жыракта жүргенда калай хабарласады .Олар бұрынгы кездерде бір бірімен хат жазу аркылы,хабарласып отырган.

4. « Жаңа мәліметтер» кезеңі .

Тақтадан не көріп тұрмыз? (Сандар мен әріптер) оқушылар енді сіздерге тапсырма. Осы сандарды өсу ретімен жазып шығыңыздар бүгінгі сабақта өтетін мәтін авторын оқи аламыз.

5. « Шапшандыққа тапсырма»

Қандай сандарды көріп тұрмыз;

10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 110 120 130 140 150 160
Ы Б Ы Р А Й А Л Т Ы Н С А Р И Н

-Бізде тақтада Ыбырай Алтынсарин сөзін шыққанын көріп тұрмыз.

-Ы.Алтынсарин кім екенін білесіңдер?

Балалардың жауаптарын тақтаға ілгізу.

«Білетініміз»

Ы.Алтынсарин туралы айту.Ол кісінің есіміне берілген Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин даңғылында орналасқан мұражайы, Ы.Алтынсарин атындағы жеке балалар мектебі және кітапхана бар екен.Ы.Алтынсариннің арман еткен мектебі 1864жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде ашылды.Оған 14 бала оқуға тартылды. Қалың қазақтан тұңғыш 14баланың есімдері ерекше тарихта қалды..(слайдтан көрсету)

Урок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хатУрок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хат

Урок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хат
-Сонымен балалар,бүгінгі сабағымызда хат туралы көптеген жаңа мәліметтер білетін боламыз, сонымен қатар хат жазуды үйренеміз.Урок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хат

Бүгінгі сабакта сендермен « Ата-ажеме хат» мәтінімен танысамыз.Хат деген сөзді калай түсінесіндер. Хат сөзін тусіндіру, хат адамдар арасындағы қатынас құралы.

ІІ.Жаңа сабақ.

1.«Хат және адам» деп аталатын кезең

Хат жазу аркылы байланысу сонау ерте заманнан бастау алган. Ерте кездерде хатты арнаулы жерлерге жеткізу үшін арнаулы көгершіндерді пайдаланған сурет көрсету. Хаттың адамзат өмірінде алатын орны зор бір кездері хатты адамдар тағатсыздана күткен кездер болган. Ол қай кез деп ойласаныздар үйде үлкен ата-әжелерің сонау соғыс кезінде деп айткан кездерін естіген болсандар, балалар. Хаттың түрлері туралы

1941-1945 жылдар аралыгында Ұлы Отан согысына кеткен бауырларынан хат күткен , ол хаттар мынадай үлгіде болган. (Соғыстан келген үшбұрыш хаттарды слайдтан көрсету.)

Урок по казакской литературе на тему Ат-әжеме хат

Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр, мұндай үшбұрышты хаттар тарихымызды бір бөлшегі сияқты еліміздің мұражайларында соғысқа аттанган аталарымыздың соңғы хаты еді деп жаңұямыздың ьір естелігі ретінде сақтаулы тұр.

1 хатты оқып беру.

Себебі,мұндай хаттар бүкіл бір ауылға қуаныш сыйлаған кездер де болғандығын біз есте сақтауымыз керек.Осындай батыр аталарымыздың арқасында біз бақытты өмір кешудеміз , солай ма балалар?

Ән»Біз бақытты баламыз»

Жалпы хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту, т.б.мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі. (слайдтан көрсету)

2.»Оқулықпен жұмыс »кезеңі

Мәтінді оқыдық бұл мәтінде автор сонау ерте кездегі хат үлгісін беріп отыр қазір хат жазудың қандай үлгілерін білесіндер.( Смс жазу ,ватсап арқылы сөйлесу сияқты әлеуметтік желілер қазіргі кездің хатының түрлері болып табылады. Оқушыларға сөз беру осыларды күнделіктіөмірде пайдаланасыңдарма ?)

Мәтінді оқып беру

Іштей оқу

Тізбектеп оқыту

Біз қазақ тілі пәнінен мәтін түрлері және мәтін құрылысы туралы білеміз осы неше бөліктен тұрады?

Мәтін неше сөйлемнен тұрады?

Хаттың басы қалай басталады?

Хаттың басын тағы қалай өзгертуге болады?

Балалар мәтінді мұқият оқып шығайық қандай сөздер сендерге түсінуге қиын .

3.«Сөз мағынасын түсін» деген тапсырманы орындаймыз сөздік жұмыс.

Ықылас-

Сау-саламат -

Разы -

Бата-

(түсіндіру)

4. «Дәптермен жұмыс» кезеңі

Мұғалім: Назардың хаты мұқият оқыған болсаңдар хаттың әр бөлігін ажыратып оқиық, ол үшін берілген жоспармен танысып алыңдар, оқушыларға хатты берілген жоспар бойынша оқыту.

-Әңгімемен таныстық.

-Енді балалар сендер кеше әдебиет сабағында тату отбасы

бәйтерегін құрастырдыңдар. Онда отбасы мүшелері болды. Сол апа жезделерімізге,аға-жеңгелерімізге, бауырларымызға,әке-шешелерімізге, тілек жазып үйренейік. Ал бүгінгі сабақта хат жазуға үйренеміз.Хатты қалай жазу керектігін әзірге білмейтін боларсыңдар. Кітаптағы қажетті сөздерді пайдалана отырып ата,-әжемізге, мама- папамызга сыныптасыңа, ұстазыңа немесе ертегідегі сүйікті кейіпкелеріне хат жазып жылы лебіздеріңді білдіріңдер, ол үшін кітаптағы хат жазу үлгісіне назар аударайық. Хатты кітаптың оң жағында берілген бөліктерді пайдалана отырып жазамыз. Ол қандай бөліктер екен, 1 оқушыға оқыту.Енді кітатың сол жағындағы қажетті сөздерді пайдалан отырыпхат жазамыз . Хатты қандай жылы сөздермен бастауымыз керек екен .назар аударайық. Енді хатты қандай жақсы тілекпен аяқтаған жөн екен. 1-2 оқушыға хаттарын оқыту.

-Енді конвертке саламыз.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Не үйреніп, не білдік?

Ы.Алтынсарин туралы тағы не білдік?

Хаттың қандай түрлерін білеміз?

ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Ү.Үйге тапсырма:Мәтінді оқу,түсінгенін айту



© 2010-2022